1) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу тәртібін сақтауға;
2) мынадай:
әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда оның шарт жасасудан жалтару;
өнім берушінің қызметтерді көрсету, тауарларды сатып алу туралы өзімен жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау;
өнім берушінің (әлеуетті өнім берушінің) біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;
3) егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмеген жағдайда, конкурстың қорытындысы туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін қабылдамау негіздемелерін, сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қабылдамауға негіз болған растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсетуге;
4) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарына (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру, сол сияқты көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке сәйкес келетін көлемде бекіту (нақтылау) тәртібін сақтауға;
5) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қарауға және конкурс қорытындысы туралы хаттаманы орналастыруға міндетті.
3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілер (әлеуетті берушілер) тізбесінде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) өзін жосықсыз өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) немесе мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды берушіні таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.»;
24) 49-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдерге кеткен балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында немесе негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мектептерде олардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
25) 52-баптың 6-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:»;
26) 55-бапта:
2-тармақтағы «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі байқау болып табылады.
Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім алушылар білімінің сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
7-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:»;
1) тармақша алып тасталсын;
27) 57-бапта:
2-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі «Сот төрелігі академиясы,» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиаттың білім туралы құжатты бере отырып, білім берудің оқу жылын аяқтауға құқығы бар.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:
1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;
2) білім беру қызметімен айналысуға лицензиямен және (немесе) лицензияға қосымшамен әрекеттер жасауға (тоқтату, қайта ресімдеу, тоқтатыла тұрған білім беру қызметімен айналысуға лицензияға жаңа қосымшалар алу);
3) оқуға қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.»;
28) 59-бапта:
1-тармақта:
«білім саласындағы уәкілетті орган,» деген сөздер «білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына да бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
2-тармақ 2) тармақшасындағы «деңгейі болып табылады.» деген сөздер «деңгейі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметі болып табылады.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру;
2) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) осы Заңда айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау.
4. Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүргізеді.
Денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар немесе даярлау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
3-тармақтың 28) тармақшасының он жетінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне мемлекеттік аттестаттаудан босатылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының лауазымды адамдарының мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде комиссияның құрамы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары, мамандары және педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін консультанттар, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі беріледі:
1) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, аттестатталды;
2) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталмады.
Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған, мынадай:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін;
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;
3) әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей өткізіледі.»;
4-1-тармақтағы «білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 8-1 және 8-2-тармақтар алып тасталсын;
8-3-тармақтың 2) тармақшасындағы «білім беру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-4-тармақтағы «уәкілетті органның» және «уәкілетті орган» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің» және «уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-5, 8-6, 8-7, 8-8, 8-9, 8-10, 8-11, 8-12 және 8-13-тармақтармен толықтырылсын:
«8-5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзушылықтарының жолын кесу және оларға жол бермеу болып табылады.
8-6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мынадай деректерді талдау, зерделеу және салыстыру арқылы жүргізіледі:
1) білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдары;
2) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі;
3) ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер.
8-7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бекітеді, сондай-ақ ол мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
8-8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне оны жою тәртібі түсіндіріледі.
8-9. Бақылау субъектісіне өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық актісінде көрсетілген аяқтау мерзімінен кешіктірмей қорытындыны табыс ету күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
8-10. Қорытынды бақылау субъектісіне (объектісіне) төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы:
1) пошта арқылы - тапсырысты хатпен;
2) электрондық тәсілмен - білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарында немесе ресми интернет-ресурсында көрсетілген бақылау субъектісінің (объектісінің) электрондық мекенжайына жөнелтілген күнімен жіберілуге тиіс. Жіберілген қорытынды жөнелту фактісін растайды және бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді деп есептеледі.
8-11. Бақылау субъектісі (объектісі) қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бір жылдан аспайтын мерзімдерді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты береді, осы шаралар өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен келісіледі.
8-12. Бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі (объектісі) құзыреттерінің шегіне қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бұзушылықтарды жою туралы есепті ұсынуға міндетті.
8-13. Бақылау субъектісінің (объектісінің) есебі негізінде өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бес жұмыс күні ішінде қайталама қорытынды шығарады.
Бұзушылықтар жойылмаған немесе белгіленген мерзімде есеп ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмады деп есептеледі, бұл бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.»;
29) 62-бапта:
3-тармақтың 29) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-4-тармақпен толықтырылсын:
«4-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.»;
5-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен» деген сөздер «әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 29) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің санын және бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.»;
30) 63-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдары ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасаса отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мынадай:
1) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);
2) бағдарламалардың оқу жоспары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері (модульдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
3) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамыту бойынша);
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек тұрғындар арасында спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және өткізу;
5) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени, ғылыми-практикалық қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызмет;
6) білім алушылардың оқуға түсуіне және білім алушыларды аралық немесе қорытынды аттестаттауды (талапкерлер үшін дайындық сабақтарын, сынама тестілеуді) жүргізуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
7) білім алушыларға ақылы негізде оқу кезеңіне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне жұмыс кезеңіне бос орындар болған кезде жатақханадан орын беру;
8) цифрлық интерактивті білім беру ресурстары мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту;
9) оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен оқу-тәжірибелік учаскелерде шығарылатын өз өндірісінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынуға құқылы.».
4. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120, 122-құжаттар; 2020 ж., № 9, 29, 31-құжаттар; № 11, 57-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 21-баптың 4-2-тармағының екінші бөлігіндегі «Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып», «келісімшарт бойынша қабылданған» деген сөздер тиісінше «Қашықтан оқытуды қолдана отырып», «қабылданған келісімшарт бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 35-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «білім беру технологияларын пайдалану арқылы» деген сөздер «оқытуды қолдана отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 39-1-баптың 2-тармағындағы «қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы ғана» деген сөздер «қашықтан оқытуды қолдана отырып қана» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
13-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының он екінші абзацын, 7) тармақшасын және 29) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын;
2) 2021 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 18) тармақшасының екінші - жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының он үшінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 2 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан немесе танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары;».
3. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 28) тармақшасының он жетінші абзацы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 8 қаңтар
№ 410-VI ҚРЗ