21-бап. Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
6 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Заңнамаға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, біліктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
ҚР 15.07.96 ж. № 31-1 Заңымен; 2009.07.04 № 149-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Құпия көмекшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғау
1. Құпия көмекшілер мемлекет қорғауында болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге келісім бiлдiрген азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және қалыптық құжаттарына сәйкес олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк бередi.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесуiне байланысты азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың анық қаупi төнген кезде, бұл органдар құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оларды қорғау жөнiнде арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
4. Құпия көмекшілердің жеке басы туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайды.
5. Құпия көмекшілердің сыйақы алуға құқығы бар.
6. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен азаматтардың айналысатын қызметiнiң негiзгi түрi ретiнде ақылы негiзде келісім-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет iстеу кезеңi олардың жалпы еңбек стажына кiредi. Олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Үкіметі белгiлеген тәртiппен зейнетақымен қамтамасыз етiлуге, қаза болған ретте олардың отбасылары мен асырауындағы адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы.
7. Құпия көмекші жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуына байланысты қаза болған жағдайда оның отбасына және асырауындағы адамдарға:
- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеп, қаза болған адамның он жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;
- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адам үшiн он жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
8. Құпия көмекші өзiнiң қатысуымен болған жедел-iздестiру шараларын жүргiзген кезде мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде оған:
- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;
- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
9. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуға байланысты қаза болуға, мертiгуге не денсаулықтың өзгедей зақымдануына орай келтiрiлген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкіметі белгiлеген тәртiппен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
7 бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау және қадағалау
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Ведомстволық бақылау
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары заңдылықтың сақталуына, осы қызметтің ұйымдастырылуына, тактикасына, әдістері мен құралдарына, сондай-ақ астыртын жүргізілуі мен құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға бақылауды қамтамасыз етедi.
Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi.
ҚР 09.08.02 ж. № 346-1 Заңымен; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:
1) құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерден басқа, жедел есепке алу істерін, жедел-іздестіру қызметінің барысы туралы материалдарды, құжаттарды және басқа да қажетті мәліметтерді алады;
2) арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде байланыс желісінде жүзеге асырудың заңдылығын тексеруді жүргізеді;
3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;
4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды;
5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентінің актілеріне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi;
6) жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу кезінде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуге, тәртіптік іс жүргізуге бастамашылық жасайды;
7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актілерін шығарады;
8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;
9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.
3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасының