12. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан аймақта тергеу іс-шараларын жүргізу уақытында ішкі істер органдарының қызметкерлерін өз қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде жеке тұлғалардың фотосуретке және бейнежазбаға түсіруіне тыйым салуға, бұл талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға;».
13. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат):
1-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы шілденің 3-і.
№ 84-VI