«5-1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;»;
3) 88-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы «басқа мекемеге» деген сөздерден кейін «не қауіпсіздігі аралас мекемеге» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 89-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған не шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған не жіберілген не осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес мекемелерден келген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды ұстау үшін пайдаланылатын тергеу изоляторлары жатады.»;
5) 136-баптың төртінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «алуға құқылы» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағат сейілдеуді пайдалануға құқылы.»;
6) 141-баптың алтыншы бөлігіндегі «138» деген цифрлар «140» деген цифрлармен ауыстырылсын;
7) 144-бапта:
үшінші бөліктегі «төтенше» деген сөз «толық» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «орташа, толық қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары», «төтенше» деген сөздер тиісінше «орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз», «толық» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 161-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «босатылғанға дейін бір ай қалғанда» деген сөздер «жаза мерзімін өтеген соң босатылғанға дейін бір ай қалғанда, ал басқа да негіздер бойынша - босатылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 162-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«162-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруға ұсыну тәртiбi»;
алтыншы бөлік «босату» деген сөзден кейін «, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; 2017 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
31-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнаулы техникалық құралдармен және аспаптармен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi»;
мынадай мазмұндағы 73-1 және 73-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
73-2-бап. Ұрып-соғу»;
667-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау»;
2) 31-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Құқық бұзушылық сертификатталған арнаулы техникалық құралдармен және аспаптармен тiркелген кездегі әкiмшiлiк жауаптылықтың ерекшелiктерi»;
3) 32-баптың бірінші бөлігі «652,» деген цифрлардан кейін «667,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 54-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «73,» деген цифрлардан кейін «73-1, 73-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) 64-баптың бірінші бөлігі «73,» деген цифрлардан кейін «73-1, 73-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 73-1 және 73-2-баптармен толықтырылсын:
«73-1-бап. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
1. Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
73-2-бап. Ұрып-соғу
1. Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 462-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 162 және 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау -
белгілі бір қызмет түріне рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) 615-баптың бірінші бөлігіндегі «жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 667-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«667-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
10) 684-баптың бірінші бөлігі «73,» деген цифрлардан кейін «73-1, 73-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
11) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
«73,» деген цифрлардан кейін «73-1, 73-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«665,» деген цифрлардан кейін «667,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) тармақша «652,» деген цифрлардан кейін «667,» деген цифрлармен толықтырылсын;
5) тармақша «621 (үшінші бөлігі)» деген сөздерден кейін «, 667» деген цифрлармен толықтырылсын;
6) тармақша «652,» деген цифрлардан кейін «667,» деген цифрлармен толықтырылсын;
45) тармақша «477» деген цифрлардан кейін «, 667» деген цифрлармен толықтырылсын;
46) тармақша «606 (екінші бөлігі)» деген сөздерден кейін «, 667» деген цифрлармен толықтырылсын;
12) 819-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтауды ескере отырып, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға салынған және осы Кодекстің 44-бабы бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес есептелетін әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы.».
5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат):
248-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Президентінің» деген сөз «Үкіметінің» деген сөзбен ауыстырылсын.
6. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын әзірлеуге және бекітуге;»;
2) 11-баптың 4-тармағы «5),» деген цифрдан кейін «6),» деген цифрмен толықтырылсын.
7. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-II, 105-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):
22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде арнаулы мемлекеттік архивтер құрылуы мүмкін.».
8. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 12-6) тармақшамен толықтырылсын:
«12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, сақтауды және беруді жүзеге асырады;»;
2) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-2) туысқандарымен байланысты жоғалтқан адамдарды;
16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды;».
9. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар):
50-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атағы, сыныптық шені бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.».
10. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-I, 111-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 24, 123-құжат):
1) 10-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.»;
2) 20-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметтік куәліктердің сипаттамасын және жетондардың үлгілерін, сондай-ақ оларды беру тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.»;
3) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған (оқуға қабылданған) кезде, басқа құқық қорғау органынан iссапарға жiберу тәртiбiмен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін немесе белгіленген арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріле отырып, бұрынғы қызмет орны бойынша берілген немесе белгіленген өздерiнде бар арнаулы немесе әскери атақпен, сыныптық шенмен, біліктілік сыныбымен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады).
Құқық қорғау органына тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы немесе сыныптық шені, біліктілік сыныбы осы баптың 1-тармағы 5) тармақшасының және 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежелі арнаулы, әскери атаққа немесе сыныптық шенге немесе біліктілік сыныбына сәйкес келеді деп танылады.
Бұрынғы арнаулы немесе әскери атақта, сыныптық шенде, біліктілік сыныбында болу мерзiмi кезектi арнаулы атақ, сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген мерзiмге есептеледi.»;
4) 23-бап мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Жоғары басшы құрамның арнаулы атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы:
генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші, 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы қызметкерге жоғары басшы құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник, аға кеңесші атағында, 1-санатты біліктілік сыныбында болғанына үш жыл өткеннен кейін және жоғары басшы құрам лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;
генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін;
генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.»;
5) 44-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу демалысы беріле отырып оқып жатқан;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жалақысы сақталмайтын демалыста болған жағдайларда құқық қорғау қызметін өткере алады.»;
6) 46-1-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (әскери-дәрiгерлiк комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; сырттай немесе кешкі оқыту нысаны бойынша білім алатын адамдар үшін - бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамаққа алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуына байланысты күзетпен ұстау уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.»;
7) 48-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі - шекті мәндер) құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
8) 65-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын әртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына есепке алынады.»;
9) 71-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларда, қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып және құқық қорғау органының кадрларында қалдырыла отырып, жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Жалақысы сақталмайтын демалысы аяқталғаннан кейін қызметкерге бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.»;
10) 77-баптың 3-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңінде қызметкер тиісті органның немесе мекеменің қарамағына есепке алынады. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің соңғы жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыста, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ, сыныптық шен беру немесе біліктілік сыныбын белгілеу үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.».
11. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 154-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
27-баптың 9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Запастан қабылданған не Қарулы Күштерден, басқа әскерлерден және әскери құралымдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған азаматқа қызметкер лауазымына тағайындау кезінде қайта аттестаттау тәртібімен өзінде бар әскери атақтан төмен емес арнаулы атақ беріледі.
Бұрын арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарында қызмет өткерген, запастан қабылданған не басқа арнаулы мемлекеттік органдардан ауыстыру тәртібімен қабылданған және арнаулы атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы бар адамдарға оларды қызметкер лауазымына тағайындау кезінде қайта аттестаттау тәртібімен арнаулы атақ беріледі. Қайта аттестаттауды өткізу және арнаулы атақ беру тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Арнаулы мемлекеттік органға тағайындалған адамның өзінде бар жоғары басшы немесе офицерлік құрамның арнаулы, әскери атағы, сыныптық шені немесе біліктілік сыныбы осы Заңның 26-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының және 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, ол қызмет өткеретін органға тиесілігін көрсететін тең дәрежедегі арнаулы атаққа сәйкес келеді деп танылады.
Бұрынғы арнаулы, әскери атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныбында болу мерзімі кезекті арнаулы атақ беру үшін еңбек сіңіру мерзіміне есептеледі.
Бір арнаулы мемлекеттік орган ішінде қызмет бабымен ауыстырылған қызметкерлер және әскери қызметшілер қайта аттестаттауға жатпайды.
10. Кезекті арнаулы атақ қызметкерге, егер ол тең немесе одан жоғары арнаулы атақ көзделген штаттық лауазымды атқарып отырса немесе осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес штаттық емес лауазымда қызмет өткеріп жүрсе, алдыңғы арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін беріледі.».