Орталықтың қатысушылары және органдары Орталық актілеріне сәйкес Орталық әкімшілігіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер ұсынады.
9-бап. Орталықтың органдары
1. Орталықтың органдары:
1) Орталықты басқару жөніндегі кеңес;
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Орталықты Басқарушы;
2) Орталықтың әкімшілігі;
3) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті;
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Орталықтың соты;
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Халықаралық төрелік орталығы болып табылады.
2. Орталықтың органдары осы Конституциялық заңмен және Орталықтың актілерімен өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз болады.
3. Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастырудың және жүргізудің тәртібі осы Конституциялық заңда және Орталықтың актілерінде айқындалады.
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Орталыққа бөлінген республикалық бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Орталықты Басқарушының және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады.
10-бап. Орталықты басқару жөніндегі кеңес
1. Орталықты басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері Орталық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындау және жетекші халықаралық қаржылық қызметтер көрсету орталығын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесу болып табылады.
3. Кеңестің мынадай өкілеттіктері болады:
1) Орталықтың даму стратегиясын айқындайды;
2) Орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекітеді;
3) осы Конституциялық заңның 4-бабының 3-тармағында көзделген шекте осы Конституциялық заңмен өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар түрінде Орталықтың актілерін қабылдайды;
4) Орталық органдарының құрылымын айқындайды;
5) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің басшылығын тағайындайды;
6) Орталықтың мақсаты үшін өзге де органдарды құру, олардың нысанын, құзыретін және функцияларын айқындау, сондай-ақ оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы шешімдерді қабылдайды;
7) Кеңес туралы ережеде айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
4. Кеңес туралы ережені және оның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Орталықты Басқарушы
1. Орталықты Басқарушыны Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
2. Орталықты Басқарушының өкілеттіктерін Кеңес айқындайды.
11-бап. Орталықтың әкімшілігі
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Орталықтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құратын, Орталық органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі, сондай-ақ олардың жұмыскерлері үшін жағдайды қамтамасыз ететін және өз құзыреті шегінде олардың мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Орталық әкімшілігінің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден, сондай-ақ Орталықтың актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.
Орталықтың әкімшілігі осы тармақта көзделген қаражатты үнемдеу есебінен резервтер құруға құқылы. Резервтерді құру, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібі мен шарттары Орталықтың актілерінде айқындалады.
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес бюджеттен Орталықтың әкімшілігі алған нысаналы аударым, оның ішінде осы бюджеттік қаражаттан үнемдеу болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, Орталықтың органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.
3. Директорлар кеңесі Орталық әкімшілігінің басқару органы болып табылады. Орталық әкімшілігінің ағымдағы қызметіне басшылықты төраға басқаратын басқарма жүзеге асырады.
Акционерлердің жалпы жиналысының (жалғыз акционердің), директорлар кеңесі мен басқарманың өкілеттіктерін, директорлар кеңесі мен басқарманың сандық құрамын, оларды сайлау тәртібін және мүшелерінің өкілеттік мерзімін, сондай-ақ директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшерін айқындау тәртібін Кеңес айқындайды.
4. Орталық әкімшілігінің мынадай өкілеттіктері болады:
1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті қоспағанда, Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен келісу бойынша Кеңеске Орталықтың даму стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) Кеңестің алдында Орталықтың бекітілген даму стратегиясының іске асырылуы туралы есеп береді және Кеңеске Орталықтың қызметі туралы жылдық есепті бекітуге ұсынады;
3) Кеңес айқындайтын негіздер бойынша және тәртіппен Орталық қатысушыларына қатысты шаралар қолданады;
4) Кеңес қаулыларының жобаларын әзірлейді, оларды Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен келіседі, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Кеңеске ұсынады;
5) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты емес мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;
6) Орталықтың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін дайындайды және бекітеді;
7) Кеңеске Орталықтың мақсаттары үшін қажетті қосалқы және өзге де органдарды құру, оларды тарату немесе қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) Орталықтың мақсатына қол жеткізу және оның операцияларын ұйымдастыру үшін басқа да халықаралық және өңірлік қаржы орталықтарымен, даму институттарымен және басқа да ұйымдармен байланыстар орнатады және олардың дамуын қамтамасыз етеді, осыған орай, Орталықтың басқа да органдарының өкілеттіктеріне жататындарды қоспағанда, кез келген келісімдерді, шарттарды, келісімшарттарды жасасады;
9) Орталық қатысушылары немесе органдары жұмыскерлерінің визалар алуына және Орталық қатысушыларына жұмыс күшін тартуға жәрдем көрсетеді;
10) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
12-бап. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті
1. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Комитеттің Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нысаналы аударым түрінде республикалық бюджет қаражатынан, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары енгізетін алымдар мен төлемдерден қалыптастырылатын өз бюджеті болады.
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес Орталықтың әкімшілігі арқылы Комитет алған нысаналы аударым Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру мақсаттары үшін пайдаланылады.
3. Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті:
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуге және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты Орталықтың органдары актілерінің жобаларын әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және қабылдау үшін Орталықтың тиісті актілерін қабылдауға жауапты органға ұсынады;
2) қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу саласына және Орталықтағы олармен байланысты қызметке қатысты мәселелер бойынша реттеу ережелері түрінде актілерді қабылдайды;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Орталық қатысушыларын тіркеуді, аккредиттеуді және лицензиялауды жүзеге асырады;
4) Орталық қатысушыларының тізілімін жүргізеді;
2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, оларға қатысты шаралар қабылдайды;
2022.30.12. № 176-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы актілерді әзірлейді, оларды жария талқылауға шығарады және оларды қабылдайды, сондай-ақ Орталық қатысушыларының оларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
6) Кеңес қаулыларында айқындалатын өзге де өкілеттіктері болады.
13-бап. Орталықтың соты
1. Осы баптың 4-тармағында көзделген дауларды сот қарауын Орталықтың соты ғана жүзеге асырады, оның мақсаты тараптардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Орталықтың қолданыстағы құқығының орындалуын қамтамасыз ету болады.
2. Орталықтың соты өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді.
3. Орталықтың соты екі сатыдан: бірінші сатыдағы соттан және апелляциялық соттан тұрады.
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Орталық сотының төрағасы мен судьяларын Орталықты Басқарушының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және босатады.
4. Орталықтың соты қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асырмайды және мыналарға:
1) Орталық қатысушыларының, Орталық органдарының және (немесе) олардың шетелдік жұмыскерлерінің арасында туындайтын дауларды қарау мен шешуге;
2) Орталықта жүзеге асырылған және Орталықтың құқығына бағынысты кез келген операцияға қатысты дауларды қарау мен шешуге;
3) тараптардың келісімі бойынша Орталықтың сотына берілген дауларды қарау мен шешуге қатысты айрықша юрисдикцияға ие болады.
2017.22.12. № 119-VI ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Орталықтың соты өз қызметінде Англияның және Уэльстің процестік қағидаттары мен нормаларына және (немесе) әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделуге тиіс болатын Кеңестің «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты туралы» қаулысын басшылыққа алады.
Кеңестің «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты туралы» қаулысында соттың құрамы, соттың лауазымды адамдарын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібі, судьяларға және соттың лауазымды адамдарына қойылатын біліктілік талаптары және Орталық сотының жұмыс істеуіне қатысты басқа да мәселелер айқындалады.
6. Орталықтың соты дауларды шешу кезінде Орталықтың қолданыстағы құқығын басшылыққа алады, сондай-ақ нақты даулар бойынша Орталық сотының заңды күшіне енген шешімдерін және жалпы құқықтың басқа да юрисдикциясы соттарының күшіне енген шешімдерін ескеруі мүмкін.
7. Орталықтың аппеляциялық сотының шешімдері түпкілікті болып табылады, шағым жасауға жатпайды және барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасында Орталық сотының шешімдерін орындау Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталық актілерінде айқындалған тәртіппен Орталық соты шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.
9. Орталықтың аумағында Қазақстан Республикасы соттарының шешімдерін орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Орталықтың соты Орталық актілерінің нормаларын түсіндіру бойынша айрықша құзыретке ие болады.
14-бап. Халықаралық төрелік орталығы
1. Халықаралық төрелік орталығы тараптар арасында төрелік келісім болған жағдайда дауларды қарайды.
2. Халықаралық төрелік орталығы Кеңестің «Халықаралық төрелік орталығы туралы» қаулысына сәйкес қалыптастырылады және жұмыс істейді.
3. Қазақстан Республикасында Халықаралық төрелік орталығының шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасындағы төреліктер шығарған төрелік шешімдерді тану және орындау сияқты сол бір тәртіппен және сол бір шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте Орталықтың актілерінде айқындалған тәртіппен Халықаралық төрелік орталығы шешімдерінің қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Орталықтың аумағында төреліктердің шешімдерін тану және орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
15-бап. Орталықтың тілі
Орталықтың бүкіл аумағында Орталық реттейтін қоғамдық қатынастардың барлық салаларында пайдаланылатын ағылшын тілі Орталықтың ресми тілі болып табылады.
16-бап. Орталық актілерінің тілі
Орталықтың актілері ағылшын тілінде әзірленеді және қабылданады. Орталықтың актілерін қазақ немесе орыс тіліне аударуға жол беріледі. Мұндай актілердің ресми аудармасын Орталық жүзеге асырады.
17-бап. Құжаттаманы жүргізу тілі
Орталықтың аумағында есептік-статистикалық, қаржылық, техникалық және өзге де құжаттаманы жүргізу ағылшын тілінде жүзеге асырылады.
18-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру тілі
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне Орталық органдарының жауаптары, оның ішінде оларға қоса берілетін құжаттар ағылшын тілінде немесе өтініш жасалған тіл қазақ немесе орыс тілі болған жағдайда, өтініш жасалған тілде жазылады.
19-бап. Сот ісін жүргізу тілі
Орталықта сот ісін жүргізу тараптардың өтініші бойынша қазақ немесе орыс тіліне аударыла отырып, ағылшын тілінде жүргізіледі.
20-бап. Мәмілелер тілі
1. Егер тараптардың келісімімен өзгеше айқындалмаса, Орталық қатысушыларының Орталықтың аумағында жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмілелері ағылшын тілінде жазылады.
2. Тараптарының бірі Орталықтың қатысушысы болып табылатын, жазбаша нысанда жасалатын мәмілелер ағылшын не қазақ немесе орыс тілдерінде жазылады.
21-бап. Өтпелі ережелер
Осы Конституциялық заңның 3-бабында, 4-бабының 2-тармағында, 5-бабының 3-тармағында, 6-бабында, 7-бабының 4-тармағында, 8-бабында, 9-бабының 3-тармағында, 11-бабының 3-тармағында, 13-бабының 5-тармағында және 14-бабының 2-тармағында көзделген Орталық актілерін Орталықтың органдары осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде әзірлеуге және қабылдауға тиіс.
22-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Конституциялық заң 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-баптың 5-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №10, 51-құжат; 2007 ж., №17, 141-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №22, 128-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 7-і.
№ 438-V