573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне - екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат ету карточкаларында көрсетiлмеген автокөлiк құралына отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсатты пайдалануы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсаттар бланкiлерiн басқа отандық тасымалдаушыға беруi -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде жүргiзушiнiң келiсiлген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк тасымалдаушының Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларына сәйкес ресiмделмеген отандық рұқсатты пайдалануы -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көліктік бақылау уәкілетті органы берген, орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқу -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Тартқышты немесе жүк автокөлігін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген басқа тартқышқа немесе жүк автокөлігіне ауыстыруды (қайта тіркеуді) жүзеге асыру -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне - екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
574-бап. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 575-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
575-бап. Шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген автокөлiк құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi шет мемлекеттiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен тасымалдау -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
576-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
577-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшiн жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдау -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
578-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Теңіз көлігінде кемелердің маневр жасауы мен қозғалуының белгіленген тәртібін бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе тоқтата тұру, кемелерді сүйрету тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиісті рұқсаттарсыз жүргізу немесе осы жұмыстар кезінде сигналдар беру қағидаларын сақтамау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
579-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
580-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
581-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жай-күйі қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын көлемді кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдығын басқаруға жiберу -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе ақаулары болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын көлемді кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын көлемді кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген, немесе борт нөмiрлерi мен белгiлеулерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып кеменi (оның iшiнде шағын көлемді кеменi) басқару -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруы, сол сияқты кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi өзімен бірге осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығын растайтын құжаты жоқ адамның басқаруы немесе мұндай кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамға басқаруға беру -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған тiркеу борт нөмiрлерiмен және белгiлеулерiмен басқару -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Шағын көлемді кемеде немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралында жеке құтқару құралдарын кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар шағын көлемді кемені басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 583-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
583-бап. Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқа) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және гидротехникалық құрылысжайлар мен жабдықты бүлдіру -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң және өзге де жүзетін объектілердің белгiленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгiлердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтату немесе тоқтата тұру, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы -
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң шағын көлемді кемелерді пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзуы -
бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
584-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудiң жүзетін және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа да гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтiп-ұстау, пайдалану қағидаларын және оның белгiленген жұмыс режимiн бұзу, навигациялық белгiлер мен сигналдарды айырып-тануға кедергi келтiретiн белгiлерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздерді тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) орнату -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау -
бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 585-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
585-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және жинап қою қағидаларын бұзу
1. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеудің, түсiрудің және жинап қоюдың техникалық шарттарын, кемеде жүктердi бекiтудiң техникалық шарттарын бұзу, жүктi тиеу (түсiру) актiсiн ресiмдемеу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
586-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрақ орындарына арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бұзу
1. Шағын көлемдi кемелердiң тұрақ орындарына арналған базаларда (құрылыстарда) шағын көлемдi кемелердi базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауiпсiздiгiне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетiлген базаларда (құрылыстарда) белгiленген тәртiппен тiркелмеген шағын көлемдi кемелердi күтіп-ұстау -
жеке және лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемдi кемелердiң жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың белгiленген режимiн сақтамау -
ескерту жасауға немесе жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
587-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
Порттағы құрылыстарды тұрақты және кезеңдiк техникалық қарап-тексерулерден өткiзу мерзiмдерiн бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және керi итергiш құрылғыларының жарамсыз күйде болуы немесе өздерiнiң сипаттамалары бойынша сәйкес келмеуi, сондай-ақ порттағы құрылыстарды техникалық қарап-тексеру журналының және теңiз порты паспортының болмауы -
жеке және лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
588-бап. Кемелермен, оның iшiнде шағын көлемдi кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлiк оқиғаларын тергеп-тексеру қағидаларын бұзу
1. Кеме капитанының, кеме иесiнiң, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көлiктiк бақылау органдарына теңiз көлiгi кемесiмен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлiгi кемесiмен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi -
жеке және лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргiзушiсiнiң немесе кеме иесiнiң көлiктiк бақылау органдарына шағын көлемдi кемемен болған көлiк оқиғасы туралы ақпаратты бермеуi -
жеке және лауазымды адамдарға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлiк оқиғасын тергеп-тексеруді жүргiзетiн органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша материалдарды, анықтамаларды, түсiнiктемелердi, кеме құжаттарынан үзiндi көшiрмелердi не тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
589-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу
1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
590-бап. Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 8-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру -
лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен басқа да механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
591-бап. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануға рұқсат етiледi.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 592-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
592-бап. Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Көлік құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыру -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көлiк құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына қырық және одан көп километрден астам шамаға арттыру -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 593-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
593-бап. Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау
1. Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
594-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту -
ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
595-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 594-бабының екінші бөлігінде және 598-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау -