2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші - әуе қозғалысының ұйымдастырылуын және (немесе) басқа да аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29-1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаты - аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
29-2) әділ мәдениет - осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, авиация персоналы және азаматтық авиация саласындағы өзге де жұмыскерлер азаматтық авиация саласындағы қателіктер немесе теріс қылықтар туралы хабарлайтын және жасалған қателіктер немесе теріс қылықтар үшін жауаптылықта болмайтын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаты;
30) әуеайлақ - жер немесе су бетінің толықтай немесе ішінара әуе кемелерінің келуіне, жөнелтілуіне және осы жер бетімен қозғалуына арналған белгілі бір учаскесі (ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықты қоса алғанда);
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 31) тармақша өзгертілді
31) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жарамдылығының сертификаты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
32) әуеайлақ маңындағы аумақ - әуеайлақтың бақылау нүктесінде орналасқан орталығы және азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын радиусы бар жер бетіндегі аумақ;
33) әуеайлақтық метеорологиялық орган - әуеайлақта орналасқан, әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз етуге арналған қызмет;
34) әуеайлақтық қозғалыс - әуе кемелері мен көлік құралдарының әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы қозғалысы, сондай-ақ барлық әуе кемелерінің әуеайлақ аумағындағы ұшуы;
35) әуеайлақтың бақылау нүктесі - әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын нүкте;
36) әуежай - әуе кемелерiн қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшiн әуеайлағы, аэровокзалы, сондай-ақ басқа да қажетті құрылыстары мен жабдығы бар құрылыстар кешенi;
37) әуежай қызметi - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әуежайларда әуемен тасымалдауды, авиациялық жұмыстарды, ұшу қауiпсiздiгi мен авиация қауiпсiздiгін қамтамасыз етумен байланысты жүзеге асыратын қызметі;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаты - әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын, белгіленген үлгідегі құжат;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) әуежайдың бақыланатын аймағы - оларға кіру бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оған іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимараттар немесе олардың бір бөлігі;
40) әуе кемесi - жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әркеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
41) әуе кемесімен жалданушы - әуе кемесін жалдау (чартер) шартына сәйкес бір немесе бірнеше рейстерде жолаушыларды, багажды, жүктi, почта жөнелтілімдерін тасымалдау және басқа да мақсаттар үшiн бір әуе кемесiнiң (немесе бірнеше әуе кемесінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлiгiн ақысын алып екiншi тарапқа (әуе кемесiн жалдаушыға) экипажымен қоса беретiн және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсететін әуемен тасымалдаушы;
42) 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43) әуе кемесін жалдаушы - бір немесе бірнеше рейстерде жолаушыларды, багажды, жүктi, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшiн бір әуе кемесінің (немесе бірнеше әуе кемесінің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлiгiн экипажымен қоса өзінің пайдалануына беру туралы әуемен тасымалдаушымен (әуе кемесімен жалданушымен) әуе кемесін жалдау (чартер) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44) әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы - азаматтық әуе кемесінің тип сертификатында немесе ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген, әуе кемесінің рұқсат етілген ең жоғары ұшып көтерілу массасы;
45) әуе кемесiнiң ұшуы - әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;
46) әуе кеңістігін пайдалану режимі - әуе кеңістігін пайдалануды арнайы ұйымдастыруды талап ететін қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі құрылымының жекелеген элементтерін пайдаланудың уақытша тәртібі;
47) әуе қозғалысы - ұшып жүрген және әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы әуе кемелерінің қозғалысы;
48) әуе қозғалысына қызмет көрсету - әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аумақтық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 49) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
49) әуе қозғалысына қызмет көрсету органы - әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету органы, ұшу ақпаратының орталығы немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің әуе қозғалысына қызмет көрсетуіне қатысты хабарламаларды жинау пункті;
50) әуе қозғалысын басқару - ұшуды жоспарлаудың, үйлестірудің және қамтамасыз етудің кешенді процесі, әуе кемелерінің қозғалысын әуеде және жерде тікелей басқару, сондай-ақ ұшудың белгіленген режимінің және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау;
51) әуе қозғалысын басқару органы - өз құзыреті шегінде және өзі үшін белгіленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік авиацияның әуе қозғалысын басқару орталығы немесе басқару пункті;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды
51-1) әуе қозғалысын ұйымдастыру - барлық тараптармен ынтымақтастықта құралдарды ұсыну және үздіксіз қызмет көрсету жолымен және борттағы және жерүсті функцияларын пайдалана отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе кеңістігін ұйымдастыру мен әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қоса алғанда, қауіпсіз, үнемді және тиімді түрде жүзеге асырылатын әуе қозғалысы мен әуе кеңістігін серпінді әрі интеграциялы ұйымдастыру;
52) әуемен тасымалдау - жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiмен жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметi;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53) әуе трассасы - дәліз түрiндегi бақыланатын әуе кеңiстiгi (немесе оның бір бөлігі);
53-1) әуе кемесін жалдау (чартер) шарты - тасымалдау (әуе кемесін жалдау) шарты, ол бойынша жалға беруші (әуе кемесін жалға беруші) жалға алушыға (әуе кемесін жалдаушыға) жолаушыларды, багажды, жүкті, почта жөнелтілімдерін тасымалдау немесе басқа да мақсаттар үшін бір әуе кемесінің (немесе бірнеше кемелердің) бүкіл сыйымдылығын немесе сыйымдылығының бір бөлігін ақысын алып уақытша иеленуге беруге және бір немесе бірнеше рейске пайдалануға беруге және өз күшiмен оны басқару және техникалық пайдалану бойынша қызметтер көрсетуге міндетті;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды
53-2) борттағы өздігінен жазатын құрал - авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу үшін қосымша мәліметтер көзі ретінде әуе кемесінің бортында орналастырылатын кез келген өздігінен жазатын аспап;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 53-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
53-3) даярлаудың және бағалаудың құзыреттілік жүйесі - авиация персоналын даярлау және бағалау жүйесі, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар аудару, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән;
54) жауапкершілік аймағы - әуе қозғалысына қызмет көрсететін орган немесе әуе қозғалысын басқару органы өз функцияларын жүзеге асыратын белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 54-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 54-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54-1) жерде қызмет көрсету - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтымайтын, әуе кемесі әуежайға (әуеайлаққа) келген немесе әуе кемесі әуежайдан (әуеайлақтан) жөнелтілген кезде қажетті қызмет көрсету;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 54-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
54-2) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші - әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыны және өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүктер мен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияны қоспағанда, әуежай (әуеайлақ) аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
55) жолаушы - экипаж құрамына кірмейтін және әуемен тасымалдау шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке адам;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 55-1) тармақша жаңа редакцияда
55-1) инспекторлық нұсқама - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жеке немесе заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою үшін берген жеке сипаттағы акт;
56) кабиналық экипаж мүшесі - қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;
57) коммерциялық әуе тасымалы - заңды тұлғалардың жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін әуемен тасымалдау шартына сәйкес азаматтық әуе кемелерімен ақысын төлеу немесе жалдау бойынша тасымалдау жөніндегі қызметі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды
57-1) кіру шектелген күзетілетін аймақ - әуежайдың бақыланатын аймағының ең жоғары тәуекел аймақтарымен айқындалған, қауіпсіздік мақсатында оларда кіруді бақылаудан өзге бақылаудың басқа да шаралары қолданылатын учаскелері;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 58) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргiзiлетiн құжат;
59) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгi - Қазақстан Республикасының құрлықты және сулы аумағының үстіндегі, оның iшiнде аумақтық суларының үстіндегі әуе кеңiстiгi;
60) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмi - Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу жүргiзiлетiн құжат;
60-1) қайтарылмайтын өкілеттік - Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығаруға (тіркеуден алып тастауға) және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттамаға сәйкес әуе кемесін әкетуге талап қою құқығы соның пайдасына берілген жеке немесе заңды тұлғаның өкілеттігі;
61) қауіпті аймақ - оның шегінде белгілі бір уақыт кезеңінде әуе кемелерінің ұшуына қауіп төндіретін қызмет жүзеге асырылуы мүмкін белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
61-1) қауіпті жүктер - адамның өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігі мен мүлкіне немесе қоршаған ортаға қатер төндіретін, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарында айқындалатын қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген бұйымдар немесе заттар;
62) қону алаңы - жердің, мұздың, су бетінің, құрылыстың үстіңгі бетінің, оның ішінде қалқымалы құрылыстың үстіңгі бетінің әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына, жермен жүруіне және тұрағына арналған учаскесі;
63) қосалқы әуеайлақ - қону белгіленген әуеайлаққа бару немесе оған қону мүмкін болмаған немесе мақсатқа сәйкес болмаған жағдайда, әуе кемесі бара алатын әуеайлақ;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 63-1) тармақшамен толықтырылды
63-1) медициналық қарап-тексеру - авиациялық персоналдың ауруының болуын немесе болмауын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ уақытша еңбекке қабілетсіздігін, жұмысқа шығатын ауысымындағы кәсіптік жарамдылығын айқындау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 63-2) тармақшамен толықтырылды
63-2) медициналық сертификат - медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін, өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын және кәсіптік қызметке рұқсат беруді қамтамасыз ететін, белгіленген үлгідегі құжат;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 63-3) тармақшамен толықтырылды
63-3) мемлекеттік авиация қызметін бақылау жəне қадағалау органы - мемлекеттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
64) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
65) метеорологиялық ақпарат - нақты немесе күтіліп отырған метеорологиялық жағдайларға қатысты, әуе кеңістігін пайдаланушыларға арналған метеорологиялық мәлімет, талдау, болжам және кез келген басқа хабарлама;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 65-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 65-1) тармақша өзгертілді
65-1) нұсқамалық материал - сертификаттауды жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану, сондай-ақ сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерді әртүрлі деңгейлерге жатқызу мақсатында, процестер мен рәсімдердің сипаттамасын қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторларына арналған құжат;
66) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 66-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-1) пилотсыз авиациялық жүйе - пилотсыз әуе кемесі және пилотсыз әуе кемесін әуе кеңістігінде қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті онымен байланысты (пилотсыз әуе кемесін басқаратын байланыс арналары мен құрамдастарды қоса алғанда) элементтер;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
66-2) пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстінде белгіленген мөлшерлердегі әуе кеңістігінің бір бөлігі, оның шегінде пилотсыз әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
66-3) пилотсыз әуе кемесі - дербес жұмыс істеуге және (немесе) бортында пилотсыз қашықтан басқаруға пайдаланылатын немесе арналған әуе кемесі;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
66-4) рейс мәртебесінің өзгеруі - маршруттың жоспарланған бағыттан өзгеруі, рейстің кідіруі, рейс кестесінің өзгеруі, рейстің орындалмауы немесе рейстің ұшу (ұшып келу) уақытына немесе маршрутқа әсер ететін өзге де өзгеріс;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
66-5) сараптамалық медициналық қорытынды - авиациялық медициналық инспектор даулы жағдайлар бойынша, қажет болған кезде авиация саласындағы басқа да мамандарды тарта отырып берген құжат;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 66-6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
66-6) сертификатталған әуеайлақ (тікұшақ айлағы) - пайдаланушысына әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификаты берілген әуеайлақ (тікұшақ айлағы);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 67) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67) тергеп-тексеру - авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны болғызбау мақсатында жүргізілетін, оның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, ақпаратты жинауды және талдауды, қорытындылар әзірлеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 67-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
67-1) тип сертификаты - әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым немесе азаматтық әуе кемесі типінің конструкциясын, қозғалтқышты немесе әуе бұрандасын айқындау үшін шет мемлекет берген және конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын құжат;
68) тұрақты емес рейс (ұшу) - тұрақты рейс (ұшу) болып табылмайтын және әуе тасымалы мақсатында немесе онсыз белгілі бір тапсырыс беруші үшін орындалатын рейс (ұшу);
68-1) тұрақты қадағалау - халыққа қауіпсіз авиациялық қызметтерді ұсыну мақсаттарында сертификаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік қадағалау түрі;
69) тұрақты рейс - авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;
70) тыйым салынған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің арнайы рұқсатсыз ұшуды орындауына тыйым салынады;
71) тікұшақ - ауадан ауыр, ұшу кезінде негізінен шамамен тік қалыпта болатын осьтердің айналасындағы күш қондырғысы арқылы айналатын бір немесе бірнеше тірек бұрандамен ауа реакциясының есебінен қалықтайтын әуе кемесі;
72) тікұшақ айлағы - әуеайлақ немесе құрылыстың үстіңгі бетінің тікұшақтардың келуіне, жөнелтілуіне немесе осы үстіңгі беті арқылы қозғалуына толықтай немесе ішінара арналған белгілі бір учаскесі;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 72-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 72-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
72-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, материалдық-техникалық ресурстары, әуе кемелері және білікті мамандары бар, азаматтық авиация субъектісі болып табылатын заңды тұлға;
73) уақытша әуеайлақ - жылдың белгілі бір кезеңінде әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған, белгіленген тәртіппен есепке алуға жататын стационарлық құрылыстары мен жабдықтары жоқ әуеайлақ;
74) ұшақ - ауадан ауыр, ұшу кезіндегі көтеру күші негізінен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйінде қалатын үстіңгі беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен қалыптасатын күш қондырғысы арқылы қозғалысқа келтірілетін әуе кемесі;
75) ұшуға жарамдылығы - әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі;
76) ұшуға жарамдылығының нормалары - әуе кемелерiнiң конструкциясына, параметрлерi мен ұшу сапасына және олардың ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған компоненттеріне қойылатын талаптар;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 76-1) тармақшамен толықтырылды
76-1) ұшуға жарамдылық жөніндегі директива - қозғалтқыштар мен әуе қалақтарын, әуе кемесінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ әуе кемесінің жинақтауыштарын түрлендіруге, ауыстыруға қатысты немесе әуе кемесіне тексеру жүргізудегі және (немесе) оны пайдаланушылық шектеулерге және оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа түзетулер енгізудегі талаптарды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын қолдауға бағытталған ақпарат;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 76-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
76-2) ұшуға шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшерлердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;
77) ұшу жоспары - әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына пилот, экипаж немесе пайдаланушы ұсынатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшуының бір бөлігі туралы белгілі бір мәліметтер;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 78) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
78) ұшу қауiпсiздiгi - адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлікке залал келтіру тәуекелі қолайлы деңгейге дейін төмендетілген және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осы не бұдан да төмен деңгейде тұратын жай-күй;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 78-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
78-1) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі - ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, міндеттерді, басшылық қағидаттары мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға арналған жүйелі тәсіл;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 78-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
78-2) ұшу сынақтары - әуе кемесінің, күш қондырғыларының, авиациялық және арнаулы жабдықтың, қару-жарақтар мен басқа да авиациялық техниканың, аэродинамика және әуе кемелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің беріктігі саласындағы зерттеулердің сипаттамаларын айқындау үшін және (немесе) азаматтық авиациялық техниканың ұшуға жарамдылығы талаптарына сәйкестігін айқындау үшін орындалатын ұшу;
79) ұшу экипажының мүшесі - авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген тұлға;
80) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
81) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 81-1) тармақшамен толықтырылды
81-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) - әуе қатынасы қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық нормаларды белгілейтін және азаматтық авиацияға байланысты барлық салада халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді жүзеге асыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 81-2) тармақшамен толықтырылды