5) клиенттерді биржалық сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі;
6) осы Заңның 15-1-бабында белгіленген сауда режимдерінде биржалық сауда-саттық өткізу тәртібі;
7) биржалық сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі;
8) биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген жекелеген тауар түрлерімен биржалық сауда-саттық өткізуге (биржалық мәмілелер жасауға) қойылатын ерекше шарттар (сауда режимі, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін биржалық тауардың ай сайынғы (тоқсан сайынғы) көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);
9) стандартталмаған тауарлармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың ел ішіндегі құндылығын арттыруды көздейтін, тауарлармен жасалатын биржалық сауда тәртібі;
10) биржалық қамтамасыз ету мөлшерін айқындау тәртібі;
11) биржалық сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;
12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі;
13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі;
14) тауар биржасындағы биржалық сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі;
15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері;
16) биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі;
17) тауар биржасында биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді есепке алу және тіркеу, сондай-ақ стандартталған тауарлармен биржадан тыс мәмілелерді тіркеу тәртібі;
18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі;
19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі;
20) тауар биржасы арқылы мемлекеттік және өзге де сатып алуды өткізу тәртібі;
21) өткізілетін биржалық сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі;
22) биржалық саудаға қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары;
23) тауарлар мен сауда-саттықты тауар биржасында секциялар бойынша бөлу және әрбір секцияға жекелеген талаптар қою тәртібі.
Мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен биржалық сауда-саттықты жүзеге асыратын секцияларға жекелеген талаптар мыналарды қамтиды:
тиісті стандартталған тауарды өткізуге жол берілетін тауар биржаларына қойылатын талаптар және тауар биржаларының осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібі;
тиісті стандартталған тауармен биржалық саудаға қатысушыларға қойылатын талаптар;
тиісті стандартталған тауармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптар.
3. Тауар биржасы биржалық сауда қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы.
11-бап. Тауар биржасының мүшелері
1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Тауар биржасымен үлестес заңды тұлғалар тауар биржасының мүшелері бола алмайды.
12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тауар биржасымен еңбек қатынастарында тұрған және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын жеке тұлғалар тауар биржасының қызметкерлері болып табылады. Тауар биржасының қызметкеріне бір мезгілде тауар биржасының мүшелерімен еңбек қатынастарында тұруға тыйым салынады.
2. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.
4-тарау. Тауар биржасының қызметі
13-бап. Тауар биржасының қызметі
1. Тауар биржасының негізгі қызметінің түрі биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
2. Тауар биржасы мынадай функцияларды:
1) сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) бағамен айла-шарғы жасау фактілерін анықтауды;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды
2-2) биржалық баға белгілеуді қалыптастыруды;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды
2-3) тауар биржасының мүшелеріне аккредиттеу жүргізуді;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-4) тармақшамен толықтырылды
2-4) тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің биржалық сауда қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін, олардың көрсетілген қағидалардың талаптарын сақтауын бақылауды;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-5) клиенттерді биржалық сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеуді;
3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді;
5) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) биржалық саудамен байланысты ұйымдастырушылық, консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;
8) биржалық тауарлар нарығына талдамалық зерттеулер жүргізуді;
9) биржалық қызмет туралы ақпаратқа жататын баспа өнімін шығаруды;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) биржалық саудаға қатысушыларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөнінде оқу курстарын ұйымдастыруды;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалануды;
12) халықаралық биржалық сауда-саттықты дамытуды жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауар биржасы өз қызметін брокерлік, дилерлік, маркет-мейкерлік және депозитарлық қызметпен, сондай-ақ бағалы қағаздарды басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаруға құқылы емес.
4. Тауар биржасы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен өзіне берілген құқықтар шегінде өз атынан шетелдіктермен және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуға құқылы.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Тауар биржалары және биржалық саудаға қатысушылар қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шегіне сәйкес келуге міндетті.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды
13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік сатып алу тауар биржасында биржалық сауда қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Тауар биржасындағы мемлекеттік сатып алу қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.
3. Тапсырыс беруші үшін тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қызметтері тапсырыс берушінің тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражаттар шеңберінде өтеулі негізде көрсетіледі.
4. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 13-2-баппен толықтырылды
13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері
1. Тауар биржасының:
1) осы Заңның 15-1-бабына сәйкес биржалық сауда-саттықты өзі өткізетін сауда режимдерін айқындауға;
2) биржалық сауда-саттықты фьючерстермен, опциондармен өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Тауар биржасы:
1) тармақша 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды сақтауға;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) биржалық сауда қағидаларын сақтауға;
2) өз интернет-ресурсын иеленуге;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) өзінің интернет-ресурсында тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің жаңаланған тізбесін орналастыруға міндетті.
Тізбеде тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің атауы, орналасқан жері, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тауар биржасы мүшелерінің атауы, орналасқан жері өзгерген, сондай-ақ басшысы ауысқан және (немесе) қызметкерлерінің құрамы өзгерген кезде, тауар биржасына тауар биржасының мүшелерінен ақпарат келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде тауар биржасы тізбені жаңартады;
3) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) биржалық сауда-саттықтың нәтижелерін сауда-саттық күнінен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей өз интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
5) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 13-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-3-бап. Көміртегі бірліктерімен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы
Көміртегі бірліктерімен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы мамандандырылған тауар биржаларына жатады.
14-бап. Тауар биржасының кірістері
1. Тауар биржасының кірістері тауар биржасы мүшелерінің кіру жарналары мен жыл сайынғы жарналары, биржа мүлкін пайдаланғаны, биржалық мәмілелерді тіркегені және ресімдегені үшін төлемдер есебінен және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құралады.
2. Тауар биржасы мыналарды:
1) тауар биржасы мүшелерінің кепілдік жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін;
2) биржалық сауданың ережелеріне сәйкес сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің мөлшерін;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) тауар биржасының мүшелері жасаған мәмілелердің көлеміне қарай сараланған биржалық алым белгілеуге құқығы бар.
Индустриялық сертификаты бар және тауар биржасында өздері өндіретін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дилерлер үшін сараланған алым жер қойнауын пайдаланушылар сатып алатын тауарлардың ел ішіндегі құндылығының артуын ескере отырып және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып белгіленеді;
3) алыпсатарлық әрекеттерді болдырмау мақсатында сауда-саттықты тоқтата тұру үшін алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларды ескере отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға бағалар деңгейлерінің ең аз және ең көп шектерін белгілеуге құқығы бар.
3. Тауар биржасына биржалық мәмілелердегі делдалдық үшін брокерлер және дилерлер алатын сыйақы мөлшерін белгілеуге тыйым салынады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Биржалық саудаға қатысушылардан алынатын төлемдердің мөлшері тауар биржасының ішкі құжаттарында айқындалады және биржалық саудаға қатысушыларға танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
15-бап. Биржалық мәміле
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және биржада Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржалық сауда қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттықтың биржалық саудаға қатысушыларымен жасалатын мәміле биржалық мәміле болып танылады.
2. Тауар биржасында жасалған, бірақ осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес емес мәмілелер биржалық болып табылмайды.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.15.11. № 72-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды бұза отырып, тауар биржаларынан тыс жерде жасалған мәмілелер мүдделі тұлғалардың, монополияға қарсы органның не прокурордың талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Биржалық мәмілелер тауар биржасының атынан және оның есебінен жасалмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Биржалық тауарлардың тізбесінде мыналар қамтылады:
1) биржалық тауарлардың қысқаша атаулары және олардың Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кодтары;
2) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - беру партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасында ғана жүзеге асырылуға жатады;
3) жекелеген биржалық тауарлар бойынша - тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізілуге жататын ең аз үлес, сондай-ақ өздеріне осындай мiндет қолданылатын субъектiлер санаты.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Биржалық сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ұлттық валютада жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргiзу режимдерi
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Биржалық сауда-саттық мынадай сауда режимдерінде жүргізіледі:
1) стандартты аукцион режимі;
2) қосарланған қарсы аукцион режимі.
2. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Стандартты аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) жалпыға белгілі болып табылатын аукционның бастамашысы туралы ақпаратты қоспағанда, биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпаратты немесе оның құпиялығын ашу;
2) аукциондарды бағаның төмендеуіне немесе көтерілуіне қарай жүргізу;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) стандартталмаған тауарды сатып алушының немесе сатушының тапсырысы бойынша аукцион өткізу;
4) аукционға тапсырыс берушіні қоса алғанда, аукционға кемінде аукционға қатысушының үшеуінің қатысуы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) аукцион қорытындылары бойынша стандартталмаған тауардың биржалық мәміле жасалатын бағасын қалыптастыру және оны төмендетуге арналған биржалық саудаға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең төмен баға және жоғарылатуға арналған биржалық саудаға қатысушылар ұсынған бағалар арасында ең жоғары баға ретінде айқындау;
6) егер биржалық сауда қағидалары бойынша өзгеше көзделмесе, биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
4. Қосарланған қарсы аукцион режиміндегі биржалық сауда-саттықтар:
1) биржалық саудаға қатысушылар туралы ақпараттың құпиялығы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кросс-мәміле жасасуға тыйым салу;
3) сатып алушылар, сатушылар ұсыныстары бәсекелестігі процесінде биржалық мәміле жасалатын биржалық тауарға арналған бағаны қалыптастыру және сатып алушы үшін ең жақсы баға (сатушы ұсынған ең төменгі баға) ретінде немесе сатушы үшін ең жақсы баға (сатып алушы ұсынған ең жоғары баға) ретінде оны айқындау;
4) биржалық қамтылымды енгізу ескеріле отырып жүргізіледі.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сауда режиміндегі биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі биржалық сауда қағидаларында айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Тауар биржалары стандартталмаған тауарлар бойынша жасалатын мәмілердің жеке есебін жүргізеді.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Тауар биржалары биржалық сауда-саттықты қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізген кезде биржалық мәмілелерді сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.
16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері
Тауар биржасында:
1) халықаралық іскерлік операцияларымен өзара байланысты мәмілелерді қоса алғанда, спот-тауарларға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер;
2) фьючерстік мәмілелер;
3) опциондық мәмілелер;
4) қоймалық құжаттарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беріп отыратын мәмілелер жасалады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды
16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
Биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тауарлық биржа кепілдік беру және сақтандыру қорларын құрады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызмет
1. Биржалық мәмiлелер бойынша клирингтік қызметті тауар биржасының клирингтік орталығы жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауар биржасы клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан дербес клирингтік ұйым тауар биржасының клирингтік орталығы болып табылады. Бұл ретте шетелдік заңды тұлғаның тауар биржасына оның клирингтік орталығы функцияларын орындай отырып, клирингтік қызмет көрсетуіне жол берілмейді.
3. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Тауар биржасы клирингтік орталығының биржалық мәмілелер бойынша қызметі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
5-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Тауар биржасының клирингтік орталықтарының өз қызметін жүзеге асыру үшін клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін аппараттық-бағдарламалық кешені болуға тиіс.
6. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге байланысты тауар биржасының клирингтiк орталықтары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жасасқан биржалық мәмілелер бойынша ақпарат жинауды және оны өңдеуді жүзеге асырады;
2) жасасқан биржалық мәмілелер шарттарының есебін және растауын жүргізеді;
3) биржалық мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебiн жүзеге асырады;
4) биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық қамтылымын қабылдайды және оның есебін жүргізеді;
5) тараптардың биржалық мәмілелер бойынша талаптарын және (немесе) міндеттемелерін айқындайды, олар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады;
6) биржалық мәмілелердің орындалуына қолдау көрсетеді.
7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1. Мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы бойынша сауда-саттық өткізу кезінде клирингтік ұйымға сатып алу сомасының кемінде бір пайызы мөлшерінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету енгізіледі.
8. Осы баптың талаптары фьючерстiк және опциондық мәмiлелер жөніндегі клирингтік қызметке қолданылмайды, оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен реттеледі.
18-бап. Биржалық баға
1. Тауарға биржалық баға биржалық тауарлардың бағасын белгілеу нәтижесінде қалыптасады.
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауар биржалары биржалық тауарларға баға белгiлеудi өз интернет-ресурстарында орналастырады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-тарау. Брокерлердің, дилерлердің және маркет-мейкерлердің қызметі. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
19-бап. Брокердің және дилердің қызметін жүзеге асыру тәртібі
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тауар биржасындағы брокерлік және дилерлік қызмет тауар биржасында аккредиттеу негізінде жүзеге асырылады.
Өздері өндіретін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өзге қосымша талаптарсыз индустриялық сертификатты көрсете отырып тауар биржасында дилерлер ретінде аккредиттеледі.
Тауар биржасында аккредиттеуден теріс себептер бойынша шығарылған кезде, брокерлер және (немесе) дилерлер екі жыл бойы басқа тауар биржаларында аккредиттеле алмайды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Тауар биржасы мынадай жағдайларда:
1) брокерлік және дилерлік қызмет тауар биржасында аккредиттелген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде жүзеге асырылмағанда;
2) тауар биржасында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданғанда;
3) осы Заңның 21-бабының 3-тармағында көзделген әрекеттердің біреуі қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі реттен артық жасалғанда тауар биржасында брокерлік және дилерлік аккредиттеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.
2. Брокер және дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Брокер мен оның клиенттері арасындағы қатынастар брокерлік қызметтер көрсету туралы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормалары қолданылатын шарттың негізінде туындайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы ең төменгі қатысу үлесін тікелей немесе жанама түрде иеленетін, сондай-ақ өзінде бар азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жеке-дара басқаруды жүзеге асыратын жеке тұлға екі және одан да көп брокердің және (немесе) дилердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)
1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз қызметін осы Заңға, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысына, стандарты мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу) ерікті негізде жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тауар биржалары, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады. Тауар биржалары, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер өзін-өзі реттейтін бір ұйымның ғана мүшелері (қатысушылары) бола алады.
4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдау және ондағы мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, стандарты мен қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қабылдаудан бас тарту, мүшелерінен (қатысушыларынан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
5. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелерінің (қатысушыларының) тізбесін өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Тізбеде мүшелердің (қатысушылардың) атауы, басшысы мен қызметкерлерінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) туралы ақпарат қамтылуға тиіс.