2. Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау тәртiбiн пошта саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
3. Тасымалдаушының кiнәсiнен пошта жөнелтiлімдерiнiң жоғалғаны, жетіспеушілігі, зақымданғаны (бүлiнгенi) және (немесе) жеткізілуінің кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының пошта операторлары алдындағы жауапкершілігі пошта операторларының жөнелтушi немесе адресат алдындағы жауапкершілігі мөлшерiнен аспауға тиiс.».
11. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №13, 52-құжат; 2007 ж., №5-6, 42-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., №23, 124-құжат; 2009 ж., №17, 82-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 16-құжат; №14, 94-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 52-құжат; №20-І, 110-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VІІ, 161-құжат; №23-ІІ, 172-құжат):
10-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ауыл халқына микрокредит берудi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеуді ұйымдастыру жасалған шарт негізінде Ұлттық пошта операторының өндірістік объектілері арқылы жүргiзiледi.»;
12. «Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №17-18, 113-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, №19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-І, 100-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 170, 172-құжаттар):
1) 1-баптың 14-1) тармақшасындағы «поштаны» деген сөз «пошта жөнелтiлімдерiн» деген сөздермен ауыстырылсын.;
2) 12-баптың 3-тармағындағы «хат арқылы почтамен» деген сөздер «хатпен пошта байланысы арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 1-тармағының 41-62) және 41-64) тармақшаларындағы «поштаны» деген сөз «пошта жөнелтiлімдерiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«85-бап. Пошта жөнелтілімдерінің жоғалғаны, жетiспеушілігі, зақымданғаны (бүлінгені) және (немесе) жеткiзiлуiнiң кешіктірілгені үшiн тасымалдаушының жауапкершілігі
Тасымалдаушының кінәсінен пошта жөнелтілімдерінің жоғалғаны, жетiспеушілігі, зақымданғаны (бүлінгені) және (немесе) жеткiзiлуiнiң кешiктiрiлгенi үшiн пошта операторлары жөнелтушілердің немесе адресаттардың алдында жауапкершілікте болған мөлшерде тасымалдаушы пошта операторларының алдында материалдық жауапкершілікте болады.».
13. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №10-11, 55-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 1-құжат; №6, 28-құжат; №8, 49-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №8, 45-құжат; №10, 50-құжат; №15, 78-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №22-ІІ, 145-құжат; №22-VІ, 159-құжат; №23-ІІ, 170-құжат):
34-баптың 10-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен еңбек шартын не Ұлттық пошта операторымен шарт жасаспаған тұлғаларды осы баптың 9-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген міндеттерді орындау үшін тартуға;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 9-ы.
№ 499-V