2) алдыңғы кезеңдік алдын ала болу нәтижелері бойынша ұсынымдарды іске асыру мониторингі, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесулер өткізген адамдарды алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңдік алдын ала болулар аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала болу;
3) азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала болу.
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала болу мерзімдерін және алдын ала болуға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-8-баппен толықтырылды
47-8-бап. Алдын ала болу тәртібі
1. Алдын ала болуды Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
2. Алдын ала болу үшін топтар құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қатысты себептер бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітуге болмайды.
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала болуға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала болуға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді жазбаша хабардар етеді.
4. Әрбір алдын ала болудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысанда жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала болуды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-9-баппен толықтырылды
47-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына:
уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да енгізіледі.
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала болу жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-10-баппен толықтырылды
47-10-бап. Құпиялылық
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуге құқылы емес.
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында адамның жеке өмірі туралы өздеріне белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісуінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен 47-11-баппен толықтырылды
47-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына өздерінің заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.
Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілді алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
3. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала болу нәтижелері бойынша есептері негізінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері
48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi
1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс.
49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудің ерекшелiктерi
Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс.
10-тарау. Қорытынды ережелер
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік
1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ата-аналардың (олардың орнындағы адамдардың) міндеттерін орындаудан жалтаруы, сондай-ақ міндеттерін тиісінше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегі) немесе балаларды емдеу мекемесіндегі баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады.
Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.
3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың банк шотына аударылады.
4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуынa қатысты балаларға алименттер төлеу жөніндегі мiндеттерден босатылмайды.
51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган:
1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi және бағыттайды;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) баланың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын, нормалары мен нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсіндегі қызметiн үйлестiредi.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 52-бап жаңа редакцияда
52-бап. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталады және оны уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.
3. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2019.01.04. № 240-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармасының органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары, балалардың білім алу, тамақтануын, тасымалын, демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдары бақылау субъектілері болып табылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және отбасына қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкіндегі, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректерді, сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан түскен мәліметтерді және түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді.
9. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті мемлекеттік органдар жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
11. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті мемлекеттік органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру
Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының