Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 585 Қаулысы
(2017.30.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 585 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгеріс пен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 28 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесі:
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі».
3. «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, № 12, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардын (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
2-тармақтың реттік нөмірі 357-жолының 3-бағаны «СІМ,» деген аббревиатурадан кейін «Сырбар» СБҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпенің 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Сырбар» СБҚ» - «Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі».
4. «2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 916 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 81-жолдың 4-бағаны «ҰҚК,» деген аббревиатурадан кейін «Сырбар» СБҚ» (келісім бойынша)» деген сөздермен толықтырылсын;
Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Сырбар» СБҚ» - «Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі».