2. Азаматтық әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Азаматтық әуе кемесі оның иесінің өтініші бойынша немесе иесінің, оны пайдаланушының келісімімен, егер:
1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген;
2) әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы болып табылған;
3) әуе кемесі типінің сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген немесе жарамды деп таныған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тіркелген азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға (оның иесіне) азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік береді.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына және ұшуға жарамдылықты айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Егер әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес келмесе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемесін тіркеуден бас тартады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген кезден бастап азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының ұлттық тиесілігін иеленеді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік әуе кемесінің бортында болады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелеріне құқықтар, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тіркеуіне жатады.
Азаматтық әуе кемелерiн, әуе кемелерінің кепілі туралы шарттарды және қайтарылмайтын өкілеттіктерді мемлекеттiк тiркегені үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
4. 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Эксперименттік әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның есебінде тұрады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Пилотсыз ұшу аппараттары пайдалану мақсатында меншік құқығын иеленген кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдарда есепке алуға жатады.
Есепке алуға жататын пилотсыз ұшу аппараттарының санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану мақсатында иеленетін тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға есепке қою туралы өтініш береді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1. Әуе кемесі мынадай:
1) әуе кемесi есептен шығарылған немесе пайдаланудан алып тасталған;
2) әуе кемесi шет мемлекетке, шетелдiк жеке немесе заңды тұлғаға сатылған немесе берiлген;
3) азаматтық әуе кемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің тізілімінде немесе шет мемлекеттердің тізілімінде тіркелген;
4) мемлекеттік әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
5) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен деп танылған;
6) қайтарылмайтын өкілеттікті атқарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тиісті тізілімінен шығарылады.
Кепілде тұрған әуе кемесін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару үшін кепіл ұстаушының келісімі болуы міндетті.
2. Әуе кемесi тиiстi тiзiлiмнен шығарылған кезде кеменің тiркелгені туралы куәлiктiң және осы кемеге қатысты жасалған барлық жазбалардың күшi жойылады.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің меншік иесіне әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылғаны туралы куәлік береді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
1. Мемлекеттік әуе кемесiн мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға рұқсат етіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық әуе кемесі ұшуға жарамды болуға тиіс және ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.
Егер азаматтық әуе кемесі құрастырылған, жасалған, жарақтандырылған және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден өткен болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес оның ұшу сапасы болса, ұшуға жарамды деп танылады.
Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшқан кезде шетелдік әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаты мен шуыл бойынша сертификаты болуға тиіс.
Ұшуға жарамдылық сертификаты Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне:
1) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына және осындай типтік конструкция үшін мақұлданған пайдалану құжаттамасына сәйкестігі немесе пайдалануға жарамдылық туралы расталған бағалау актісіне сәйкес басқа да осыған ұқсас құжаттар негізінде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес;
3) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес беріледі.
Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жалпы мақсаттағы авиация мақсатында авиациялық жұмыстар мен ұшуларды орындайтын жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бекітілген типтік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарту тәртібі және мұндай ұйымдардың мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық әуе кемелерін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Азаматтық әуе кемесін және оның құрамдастарын ұшуға жарамдылықта ұстау Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Азаматтық әуе кемелерін ұшуға жарамдылықта ұстау үшін жауапкершілік азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға жүктеледі.
Азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға:
1) әуе кемесі ұшуға жарамды күйінде ұсталмаған;
2) авариялық құтқару жабдығы ақаулы болған;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімі өткен;
4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға (регламентке) сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу орындалмаған жағдайларда ұшуды орындауға тыйым салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының жай-күйі, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілгендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі деректерді береді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген барлық әуе кемелері ұшуға жарамдылықта ұсталуға қатысты тексерілуге жатады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкессіздігі анықталған кезде ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрады, ал азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкессіздігі жойылғанға дейін әуе кемесін пайдалануға тыйым салады.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес болмауы жойылмаған жағдайда, тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай ішінде ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынады.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылықта ұсталуын тексеру:
1) пайдаланушының әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі есептері мен пайдалану құжаттамасын және әуе кемесінің техникалық жай-күйі жөніндегі басқа да есептер мен құжаттарды тексеруді;
2) әуе кемесін қарап тексеруді;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бақылауымен әуе кемесіне ұшу сынақтарын қажет болған кезде жүргізуді қамтиды.
Ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу немесе оның техникалық қызмет көрсетілетін және жөндеу жүргізілетін жерге ұшып баруы үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мұндай әуе кемесі үшін арнайы ұшуды орындауға рұқсат береді.
Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуды қауіпсіз орындау үшін әуе кемесінің жай-күйін бағалауды жүргізуге және оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге міндетті. Арнайы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Арнайы ұшуға рұқсат қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ, бірақ пайдаланушының және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы негізінде төменде белгіленген жағдайларда және мынадай:
1) жаңа әуе кемелері шығарылғаннан кейінгі ұшу сынақтары;
2) пайдалану (жөндеу) құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден кейінгі ұшу сынақтары;
3) әуе кемесін жеткізу немесе экспорттау;
4) тапсырыс берушінің немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуы;
5) көрмелер мен авиашоу;
6) әуе кемесінің техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді орындау орнына немесе сақтау орнына ұшып баруы;
7) қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті отын мөлшері жоқ аймақтарда су үстімен немесе жер үстімен қауіпсіз ұшу қашықтығының шегінен тыс ұшулар үшін әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасымен ұшуы;
8) рекордтарға қол жеткізу, авиациялық жарыстарға және соған ұқсас жарыстарға қатысу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты немесе соған ұқсас басқа да құжат талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің немесе әуе кемелері типтерінің қызметі мақсатында қауіпсіз ұшуды орындай алатын әуе кемесіне беріледі.
Арнайы ұшуға рұқсаттар Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге беріледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің арнайы ұшуына рұқсат беру кезінде оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге құқылы. Арнайы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Егер азаматтық әуе кемелерінде радиомен хабарлау аппаратурасы орнатылған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес осындай аппаратураны пайдалануға рұқсат береді.
10. Халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелері Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының талаптарына сай келетін жабдықпен жарақтандырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Әрбір әуе кемесінде борт журналы жүргізіледі, оған әуе кемесі туралы, әуе кемесін пайдалану процесінде анықталған ақаулар туралы деректер енгізіледі.
Борт журналының нысаны мен мазмұны азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылған азаматтық әуе кемесін экспорттау үшін ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын береді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына сәйкес авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар жүргізеді. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы орындайды.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету азаматтық әуе кемесі тіркелген мемлекет бекітетін техникалық қызмет көрсету бағдарламалары (регламенттері) бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын (регламентін) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісуі бойынша әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым әзірлейді және бекітеді.
3. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу кезінде оларды шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым берген сәйкестендіру құжаттары (формулярлары, паспорттары, этикеткалары, пайдалануға рұқсат берілгені туралы құжаттары, теңтүпнұсқалы телнұсқалары) жоқ агрегаттарды, жиынтықтаушы бұйымдарды және олардың қосалқы бөлшектерін пайдалануға тыйым салынады.
4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау тәртібі Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Шет мемлекеттердің авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жұмыстарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган танығаннан кейін жіберіледі. Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын танудың тәртібі азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қызметтер көрсететін, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.
49-бап. Әуе кемелерiне салынатын белгiлемелер
1. Тiркеу кезiнде әуе кемелерiне мемлекеттік және тiркелетін танылым белгiлерi берiледi, олар осы кемелерге салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркелетін айырып-тану белгiлерiнен басқа қосымша белгілер (рәміздер, жазбалар, эмблемалар) салынуы мүмкін.
Қосымша белгiлер әуе кемелеріне мемлекеттік және тiркелетін танылым белгiлерiнiң көзбен көргенде танылуын қиындатпайтындай етiп салынады.
3. Мемлекеттік, тiркелетін танылым белгілері мен қосымша белгiлердi әуе кемелерiне салу тәртібін және көрсетілген белгілердің сипаттамасын азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне қатысты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, ал мемлекеттік авиацияның әуе кемелерiне қатысты мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
50-бап. Әуе кемесін ұшуға дайындау
1. Әуе кемесiнiң ұшуы алдында әуе кемесiн, авиация персоналын, әуеайлақтарды, тікұшақ айлақтарын дайындау жүргізілуге тиіс.
2. Ұшуға дайындау қағидаларын азаматтық және эксперименттік авиация үшiн - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік авиация үшiн мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 51-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Әуе кемесiн жалдау
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесiнiң меншiк иесi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары кемені экипажымен қоса немесе экипажсыз Қазақстан Республикасының пайдаланушысына немесе шетелдiк пайдаланушыға жалға беруге құқылы.
Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мен Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бойынша мынадай пропорцияда: саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін - бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін - тұрақты және тұрақты емес ұшуларды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын және жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Жалға алынатын әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі жалға алушының әуе кемелерінің жолаушылар сыйымдылығымен және жүк көтерімділігімен салыстырмалы түрде бірдей болуға тиіс.
Бұл ретте жалға алушы рейсті іс жүзінде қай тасымалдаушының орындайтыны жөнінде жолаушыларды хабардар етуге тиіс.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған, жалға алушының немесе жалға берушінің тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылау не пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекеттің тарапынан қадағалау болмаған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының пайдаланушысына әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға бұрын берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
2. Шетелдік жалға алушының Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не оның пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымы болып табылатын жалға алынған әуе кемесінде ұрыс қимылдары, қарулы қақтығыстар аймағында ұшуды орындауына және қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, әскери құралымдарды тасымалдауға байланысты ұшуды орындауына тыйым салынады.
3. 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52-бап. Әуе кемесін жалдау
1. Жалдау (чартер) шартына сәйкес әуе кемесін жалдау жүзеге асырылады.
Жалдау (чартер) шартында тараптардың атауы, әуе кемесiнiң үлгiсi, жалға берiлу мақсаты, тасымалданатын жолаушылардың ең көп саны, багаждың, жүктің және почта жөнелтілімдерінің салмағы, жалдау ақысының мөлшерi, жөнелту пунктi, тасымалдың уақыты және межелі пункті көрсетiледі.
Жалдау шартына басқа да талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
2. Әуе кемесімен жалданушының әуе кемесін жалдаушыдан қосымша төлем талап етпей-ақ, тасымалдың басталу уақытын және әуе кемесiнiң ұшу жоспары бойынша көзделген қонатын жеріндегі ұшып шығу уақытын ауыстыруға, егер ол әуе кемесiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет болса, қосымша қону немесе ұшу маршрутын өзгертуге құқылы.