11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы орман заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар.
2. Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және олардың шешімдеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.
4. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары өз құзыретіне сәйкес мынадай актілер:
1) тексеру өткізу нәтижелері бойынша акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;
4) мынадай:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнімді, көлік және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.
6-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру жүйесi
34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:
1) бюджет қаражаты;
2) табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының қаражаты;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде өздері шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне келтірілетін және (немесе) болмай қоймайтын зиян үшін жасайтын қайырмалдықтары, ерiктi жарналары есебiнен жүргiзiледi.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Табиғат қорғау мекемелерін дамыту және күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларына сәйкес табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына қарай бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезінде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшін жерлерді резервте қалдыру кезінде жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскелерінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу жөніндегі залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбелерін жүргізуге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау және шекарасын нақтылы жерінде бөлу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
6) әкімшілік-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;
7) штат санын ұстауға;
8) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзетуге, қорғауға және қалпына келтіруге;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристік және рекреациялық қызмет жүргiзуге;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында және мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салуға жұмсалады.
36-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
37-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды оларға бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері өздеріне осы мақсаттарға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты
1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимінің түрлеріне байланысты олардың негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.09. № 362-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның ішінде:
туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды салу және орналастыру жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру;
әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу;
мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру;
пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және абаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;
қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;
көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) шектеулі шаруашылық қызметінен, соның ішінде:
кәдесый өнімдерін өндіруден;
аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;
жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы);
ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар;
шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, балықты және балық өнімін өткiзуден орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан түсетін табыстар;
балық шабақтарын өсіруден;
жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;
орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшін төленетін ақы;
4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер есебiнен құралады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты:
1) туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерден төлемақы алу;
2) зейнеткерлерден, мүгедектерден, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан алынатын төлемақыны қоспағанда, туристерден төлемақы алу;
3) автомобиль көлік құралының табиғат қорғау мекемелерінің аумағына кіргені үшін төлемақы алу есебінен де қалыптастырылады.
2. Табиғат қорғау мекемелерінің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес пайдаланылады.
3. Табиғат қорғау мекемелері осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерінен табыс табу мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады.
2-бөлім. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және экологиялық желіге енетін қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырудың, қорғаудың және олардың
қызмeтінiң ерекшеліктерi
7-тарау. Мемлекеттік табиғи қорықтар
39-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар ұғымы және олардың негізгі қызметi
1. Мемлекеттік табиғи қорық - табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметіне:
1) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтіру режимін қамтамасыз ету;
2) Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерін, объектілерін зерделеу және олардың мониторингі жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
3) экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу;
4) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге объектілерді орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттік экологиялық сараптамасына қатысу;
5) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.
40-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимi
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік табиғи қорықтың бүкіл аумағында, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қорықтық күзет режимі белгіленеді, ол бойынша:
1) аумақтың гидрологиялық режимін өзгертетін іс-әрекеттерге;
2) мемлекеттік табиғи қорықтың жұмыс істеуімен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желілерін және басқа да коммуникациялар мен объектілер салуға;
3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндіруге;
4) топырақ қабатын бүлдіруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажет санитариялық мақсатта ағаш кесуді қоспағанда, өсімдік қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде тағамдық, дәрілік және техникалық өсімдіктер, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа да түрлеріне;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) аң аулау мен балық аулауға;
7) жануарларды аулауға және жойып жіберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;
8) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіруге, жануарлардың жекелеген түрлері санын жерлердің табиғи сыйымдылығы бойынша жол берілетін мөлшерден артық көбейтуге;
9) мемлекеттік табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;
10) зиянкестерге, өсімдіктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшін химиялық және биологиялық күрес әдістерін қолдануға;
11) үй жануарларын айдап өтуге;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда
12) уәкілетті орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де акустикалық әсерлерге;
13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрінісін өзгертуге немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндірсе, оған тыйым салынады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізуге жол беріледі.
3. Қарауында мемлекеттік табиғи қорықтар бар мемлекеттік табиғи қорықтардың қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттік табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретін құжаттар болған кезде ғана жіберіледі.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік табиғи қорық аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгілі бір дінге сенушілердің құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) мемлекеттік табиғи қорық аумағы арқылы өтетін жолдармен баруын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорық тиісті діни бірлестікпен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорық инспекторларының ілесіп жүруімен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегін рұқсат етуі мүмкін.
41-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызметтi ұйымдастыру мен жүргізу тәртібi
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін зерттеу жөнінде тұрақты жүйелі түрдегі байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, табиғи процестердің мониторингін ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерін қалпына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеу жолымен уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті үй-жайлармен және жабдықтармен қамтамасыз етілетін ғылыми қызметкерлердің тиісті штаты бар ғылыми құрылымдық бөлімшелер жұмыс істейді.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми бөлімшелері осы баптың 1-тармағында көзделген ғылыми қызметтен басқа, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулер де жүргізеді.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Өзге де ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар мемлекеттік табиғи қорықтардың аумақтарында уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорықпен шарттық негізде ғылыми зерттеулер жүргізе алады.
5. Ғылыми зерттеулердің жоспарларын, ғылыми қызметкерлердің есептерін қарау және бекіту үшін мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми-техникалық кеңестер құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен мамандары кіре алады.
6. Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми қорлары мерзімсіз сақталуға жатады.
7. Мемлекеттік табиғи қорықтардың өздерінің ғылыми еңбектерін басып шығаруға құқығы бар.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен жүргізу жануарларды мазасыздануға, зардапқа, өлім-жітімге ұшырататын және өсімдіктерді, соның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнгендерін жойып жіберетін зерттеулердің қатыгез әдістері қолданылмай жүзеге асырылуға тиіс.
42-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi
1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметі:
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік табиғи қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажетті шарты ретінде қорық ісі идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;
2) экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргізу үшін мұражайлар, экспозициялар, көрсетілім жасау учаскелері және басқа да объектілер құрылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттелмелі экологиялық туризм өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол беріледі.
4. Мемлекеттік табиғи қорықтар экологиялық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру кезінде мамандарды және қоғамдық ұйымдарды тарта алады.
43-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының режимi
1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында:
1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;
2) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;
4) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
5) пайдалы қазбалар өндіруге;
6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
8) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);
9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;
10) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, мемлекеттік табиғи қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
43-1-бап. Жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің ерекшеліктері
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға;
2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеменің негізінде жануарлар санын реттеуге жол беріледі.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми ұсынымдар негізінде мелиорациялық аулауды жүргізуге жол беріледі.