1) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімінің күні, басталу және аяқталу уақыты;
2) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайлары;
3) лоттардың атаулары мен қысқаша сипаттамасы;
4) бір де бір әлеуетті өнім беруші шықпаған лоттардың атаулары;
5) конкурстың қорытындысы бойынша айқындалған ең жоғары жеңілдік;
6) конкурс жеңімпаздарының атаулары мен мекенжайлары;
7) автоматты түрде берудің ұзақ мерзімді шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің бір ғана өтінім ұсынғаны туралы ақпарат көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 494-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
494. Ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі аяқталған сәттен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор лоттар бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға арналған конкурс қорытындыларының хаттамасын интернет-ресурста жариялайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 495-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
495. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасу конкурсы мынадай жағдайларда тұтастай не жекелеген лоттар бөлігінде өткізілмеді деп танылады:
1) лот бойынша ұсынылған өтінімдер болмаған;
2) лот бойынша ұсынылған барлық өтінімдер бас тартылған;
3) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсімі кезінде барлық әлеуетті өнім берушілердің бағалық жеңілдікті ұсынбаған жағдайларда, тұтастай не жекелеген лоттар бөлігінде өткізілмеді деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 496-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
496. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің үлгілік ұзақ мерзімді шартына сәйкес оған қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларының хаттамасы негізінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 497-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
497. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға конкурс қорытындыларының хаттамасын және техникалық ерекшеліктердің көшірмелерін, бір бірлікке және жиынтық бөлінісіндегі құнын, тауардың әрбір атауы бойынша қағаз және электрондық түрдегі (doc * форматында) беру мерзімдерін қоса бере отырып, өткізілген конкурстың қорытындылары және конкурс жеңімпаздарының тізімімен ақпараттық хатты жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 498-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
498. Ақпараттық хатты алғаннан кейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атаулары, бір бірлігі үшін және жиынтық бөлінісіндегі құны, бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын әр тауардың атауы бойынша беру мерзімдері көрсетілген техникалық ерекшеліктерді қоса бере отырып, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізімін бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 499-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
499. Бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, бірыңғай дистрибьютордан сатып алуға жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізімін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 500-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
500. Облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты есебінен алынатын отандық өндірушінің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарына берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша қажеттілікті айқындау мақсатында тапсырыс берушілер есепті тоқсандық кезеңнен кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей кейіннен бірыңғай дистрибьюторға бере отырып (сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға қажеттілік) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесі, саны, техникалық ерекшелігі, клиникалық-техникалық негіздемесі қамтылған ақпаратты ұсынады.
Тапсырыс берушілерде сол қаржы жылында қажеттілік туындаған кезде тапсырыс беруші тиісті қаржы жылындағы әрбір айдың бірінші күнінен бесінші күні аралығында сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауларын және модельдерін, олардың саны мен беру кестесін көрсете отырып, бірыңғай дистрибьюторға сатып алуға өтінім ұсынады.
501. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тапсырыс берушілерден ақпарат алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алған ақпаратты клиникалық-техникалық негіздеме бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізу және сараптамалық қорытынды шығару үшін лизинг берушіге жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 502-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
502. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ақпарат берген кезден, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды жергілікті бюджет есебінен сатып алатын тапсырыс берушілер ақпаратты алған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымының сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды қабылдауға және тиісінше пайдалануға дайындық деңгейін, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың денсаулық сақтау ұйымы көрсететін қызметтерге сәйкестігін айқындау мақсатында клиникалық-техникалық негіздемесі бөлігінде сараптамалық бағалауды жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды шығарады.
503. Лизинг беруші сараптамалық қорытынды шығарылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
504. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган лизинг беруші сараптамалық қорытындыны ұсынған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оны тапсырыс берушіге кейіннен бірыңғай дистрибьюторға өтінім ұсыну үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 505-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
505. Тапсырыс берушілер сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасуға өткізілген конкурстың қорытындылары бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тізімді бекіткеннен, сондай-ақ бюджет бекітілгеннен кейін бірыңғай дистрибьюторға өтінім береді, онда мыналар:
1) сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы;
2) техникалық ерекшелігі, жиынтықтығы, саны, беру мерзімі, шарттары және орны;
3) облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджет қаражатының есебінен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар сатып алынған жағдайда, сараптама тобының сараптамалық қорытындысының көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің, жарғының/ереженің көшірмелері қоса берілген тапсырыс берушілердің толық атауы, олардың деректемелері, мекенжайы (пошта және заңды), байланыс телефондарының, факстарының нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы, бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның атқарып отырған лауазымын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), сатып алуды жүзеге асыруға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), шеңберінде сатып алу жоспарланған бағдарламаның, кіші бағдарламаның, ерекшеліктің атауы, банктік деректемелер қамтылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 506-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
506. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасқаннан кейін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартының ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті қаржы жылына арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша үш жақты сатып алу шартымен ресімделетін тапсырыс берушілердің әрбір келесі күнтізбелік жылға өтінімдерінің негізінде:
1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген;
2) тапсырыс берушілер сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды беру санын (көлемін) айқындаған;
3) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартының талаптарында белгіленген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі расталған жағдайларда сатып алуды жүзеге асыруға міндеттенеді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 507-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
507. Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын тапсырыс берушілерден өтінімдерді алған сәттен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей отандық өндірушіге берудің ұзақ мерзімді шартының шеңберінде сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алудың үш жақты шартын қол қоюға жібереді. Отандық өндіруші оны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алудың үш жақты шартына қол қояды.
Бірыңғай дистрибьютор қол қойылған сатып алудың үш жақты шартын алған күннен бастап оны тапсырыс берушіге қол қоюға береді.
Тапсырыс беруші алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алудың үш жақты шартына қол қояды және Бірыңғай дистрибьюторға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 508-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
508. Отандық тауар өндіруші мынадай жағдайларда лизинг беруші сараптамалық бағалау жүргізгеннен кейін жеткізілетін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартына жылына бір реттен асырмай шекті бағаны өзгерту үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жүгіне алады:
1) техникалық сипаттамалардың жақсару жағына қарай өзгеруі;
2) сараптамалық қорытындының алдыңғы күнімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индексінің ресми өзгерісін есепке ала отырып, шекті бағаны ұлғайту немесе азайту.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 509-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
509. Отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың шекті бағасына болжамды өзгерістер туралы өтінім жібереді, ол мыналарды:
1) осы Қағидалардың 508-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда тіркелген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін, жинақтау бөлігіндегі болжамды бағасын, техникалық ерекшелікті және оларды жақсарту жағына қарай техникалық сипаттамасын;
2) осы Қағидалардың 508-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда тіркелген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін, сараптамалық қорытындының алдыңғы күнінен бастап өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индексінің ресми өзгерісін растайтын құжатты, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың жинақтау бөлігіндегі болжамды бағасын, техникалық ерекшелікті қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 510-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
510. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде отандық тауар өндірушіге сараптамалық бағалау жүргізу үшін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың келісілген тізбесін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 511-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
511. Сараптамалық бағалау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарттың негізінде жүргізіледі.
Сараптамалық бағалау жүргізу үшін отандық тауар өндіруші шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалауды жүзеге асыратын ұйымға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамаларын және клиникалық-техникалық негіздемесін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру әдістемесінде көзделген құжаттарды ұсынады.
Сараптамалық бағалауды жүзеге асыратын ұйым қызметтерді ақылы көрсету туралы шартта белгіленген мерзімдерде отандық тауар өндірушілерге сараптамалық қорытындыны ұсынады.
512. Отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орғанға сараптамалық қорытындының түпнұсқасын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 513-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
513. Уәкілетті орган отандық тауар өндірушіден техникалық ерекшелікпен бірге тігілген сараптамалық қорытындыны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға жиынтықтар бөлінісіндегі шекті бағасымен бірге берудің ұзақ мерзімді шарттары бойынша сатып алуға жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың бекітілген тізбесін жібереді.
514. Берудің ұзақ мерзімді шартын бұзуға:
1) шартта көзделген міндеттемелердің бірнеше рет бұзылуы:
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияның кері қайтарылуы;
3) екі жыл қатарынан беруден бас тарту (себептері мен мән-жайларына қарамастан);
4) бірнеше рет сапасы лайықсыз тауарды беру;
5) өнім берушінің жосықсыз өнім берушілер тізбесіне енгізілу жағдайлары негіз болып табылады.
23-тарау. Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі
515. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қоры бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен қалыптастырылады.
516. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын бірыңғай дистрибьютор алдыңғы жылы тапсырыс беруші нақты сатып алған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жалпы көлемінің он пайызына дейін бірыңғай дистрибьютор төмендемейтін қор тізбесін бекіткен күні сатып алады.
517. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің өтінімі бойынша мынадай жағдайларда:
1) өнім берушілер бірыңғай дистрибьюторға беру мерзімін бұзған кезде;
2) өнім берушілер беруден бас тартқан кезде;
3) өнім берушінің кінәсінен шарт бұзылған кезде;
4) тапсырыс берушілерден сол қаржы жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың көлемін ұлғайтуға қатысты қосымша өтінім келіп түскен кезде;
5) осы Қағидаларға сәйкес сатып алу тәсілдерінің бірімен (өз қалауы бойынша) жасалатын шарттар есебінен қалған жарамдылық мерзімін жаңартқан жағдайда тапсырыс берушілерден келесі қаржы жылына өтінімдер келіп түскен кезде пайдаланылады.
518. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың төмендемейтін қорын осы Қағидаларда белгіленген тәсілдермен (дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қалдықтарын есепке алғанда) бірыңғай дистрибьютор толықтырып отырады (өз қалауы бойынша).
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бөлім. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде лизинг берушінің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алуы
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 24-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-тарау. Лизинг берушінің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуы
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-параграф. Лизинг берушінің сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 519-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
519. Кейіннен денсаулық сақтау ұйымдарына қаржы лизингі шарттарында беру үшін лизинг берушінің қаражаты есебінен сатып алынатын, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар үшін бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 520-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
520. Денсаулық сақтау ұйымдары лизинг берушіге бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілмеген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды қаржы лизингі жағдайларында сатып алу үшін өтінімді ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
1) клиникалық-техникалық негіздеме;
2) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді талап ететін алынатын медициналық бұйымдардың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелік;
3) лизинг беруші оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу үшін айқындайтын тәртіппен құжаттар және тізбеге сәйкес құжаттар.
521. Лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымынан өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау және ұйымдастырушылық сараптама, қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестікке сараптама жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 522-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
522. Лизинг беруші бес жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға сатып алуды ұйымдастыру үшін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін қағаз және электрондық жеткізгіштегі медициналық бұйымдардың тізбесін жібереді, ол сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы, модельдері, шыққан жерінің атаулары және өндірушінің атауы, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуді талап ететін алынатын медициналық бұйымдардың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары көрсетілген техникалық ерекшелікті қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 523-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
523. Бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 522-тармағына сәйкес сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес сатып алуды ұйымдастырады. Хабарландыруда сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы, модельдері, шыққан жерінің атаулары және өндірушінің атауы көрсетілген, тізбесін, санын, беру мерзімін, шарттары мен орнын, бағасы мен сатып алу үшін бөлінген соманы, ақы төлеу шарттарын, техникалық сипаттамаларын (техникалық ерекшеліктерін) қамтитын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін, сатып алынатын медициналық бұйымдардың тізімі көрсетіледі.
524. Сатып алу қорытындылары шығарылғаннан кейін бірыңғай дистрибьютор бес жұмыс күні ішінде лизинг берушіге қорытындылар хаттамасының куәландырылған көшірмесін жібереді.
525. Егер екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, лизинг беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) екі кезеңдік тендер тәсілімен сатып алуды қайталама өткізу туралы;
2) екі кезеңдік тендер шарттарын өзгерту және екі кезеңдік тендер тәсілімен қайталама өткізу туралы;
3) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 526-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
526. Лизинг беруші сатып алу қорытындысы хаттамасының расталған көшірмесін алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындайтын нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және жеңімпазбен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың қаржы лизингі шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 527-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
527. Қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін өнім беруші денсаулық сақтау ұйымына лизинг нысанасын береді, іске қосу-реттеу жұмыстарын, персоналды оқытуды және аталған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға кепілдікті сервистік қызмет көрсету сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар пайдалануға енгізілген күннен бастап қаржы лизингі шартының әрекет ету мерзіміне қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 528-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
528. Денсаулық сақтау ұйымдары лизинг берушіге бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізілген сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды қаржы лизингі шарттарында сатып алу үшін өтінім береді, ол мыналарды:
1) клиникалық-техникалық негіздемені;
2) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың атауы, моделі, шыққан жерінің атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың жеке өндірушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамалары, әлеуетті өнім берушінің атауы көрсетілген техникалық ерекшелікті;
3) лизинг берушінің оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау жүргізу үшін, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама мен қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізуге арналған құжаттарды қамтиды.
529. Лизинг беруші денсаулық сақтау ұйымынан өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде сараптамалық бағалау және ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестікке сараптама жүргізеді.
530. Оңтайлы техникалық сипаттамаларына, клиникалық-техникалық негіздемесіне және құнына сараптамалық бағалау, сондай-ақ ұйымдастырушылық сараптама және қаржы лизингі шарттары мен талаптарына сәйкестікке сараптама жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде лизинг беруші отандық өндірушінің сатып алуға жоспарланған медициналық бұйымының тізбесін жасайды және лизингтік төлемдерді өтеу көзіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органына оны атауы, құны, саны, беру мерзімі мен орны бөлігінде келісуге жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 531-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
531. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы осы Қағидалардың 530-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін келіседі.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 532-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
532. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органымен сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесін келіскеннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде лизинг беруші айқындайтын нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымдарымен және отандық тауар өндіруші болып табылатын өнім берушімен қаржы лизингі шартын жасасады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 533-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
533. Қаржы лизингі шартын жасасқаннан кейін өнім беруші-отандық тауар өндіруші денсаулық сақтау ұйымына шарт мәнін ұсынады, іске қосу-реттеу жұмыстарын, персоналды оқытуды және аталған шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға сервистік қызмет көрсетуді жүргізеді. Бұл ретте сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға кепілдікті сервистік қызмет көрсету сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдар пайдалануға енгізілген күннен бастап қаржы лизингі шартының әрекет ету мерзімінде қолданылады.