441. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасауға конкурс өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор комиссияны, сараптау комиссиясын құрады және олардың құрамын бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 442-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
442. Комиссия өз қызметін сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты жасалған не сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасасуға конкурс өткізілмеді деп танылған сәттен бастап тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 443-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
443. Комиссия құрамына:
1) медициналық бұйымды қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес басшы, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері (келісім бойынша);
2) бірыңғай дистрибьютордың басшылары, қызметкерлері;
3) сараптама ұйымының басшысы, қызметкерлері (келісу бойынша);
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық немесе медициналық өнеркәсіп бойынша аккредиттеген бейінді қауымдастықтардың басшының орынбасарынан төмен емес өкілдері (келісім бойынша);
5) «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасарынан (келісім бойынша) төмен емес өкілдері кіреді.
444. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және бес адамнан кем болмауға және он үш адамнан артық болмауға тиіс. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 445-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
445. Бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы комиссия төрағасы болып анықталады, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметкері комиссия төрағасының орынбасары болып тағайындалады.
446. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
447. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады, ол әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, комиссия отырысы өткізілгеннен кейін оның хаттамаларын рәсімдейді, келіп түскен өтінімдерді және өтінім салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ұсыну уақыты мен күні, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің (өтінім салынған конвертті ұсынған және конверттерді ашу рәсіміне қатысатын адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен өтінімдерді және конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналдары тігілуге, беттері нөмірленуге, соңғы беті бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті адамының қолымен куәландырылуға тиіс.
448. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
449. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі
450. Қажет болған кезде бірыңғай дистрибьютор бейінді мамандықтардан сарапшыны немесе сарапшыларды тартады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 451-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
451. Сарапшылар ретінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың сұрау салынған бейіні бойынша мамандар және (немесе) денсаулық сақтау ұйымының мамандары не сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сараптауды жүзеге асыруға аккредиттелген ұйымдардың сарапшылары тартылады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 452-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
452. Сарапшы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізіміне сәйкес техникалық сипаттамалардың талаптарына сәйкестігі бойынша сараптамалық қорытынды береді және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшы қол қояды және комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі. Сараптамалық қорытындыны әлеуетті өнім берушінің өтінімін ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу туралы мәселені шешу кезінде комиссия қарайды.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 453-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
453. Бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн қалғанда өзінің интернет-ресурсына мемлекеттік және орыс тілдерінде сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізетіні туралы хабарландыруды орналастырады.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 454-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
454. Медициналық бұйымды берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы, мекенжайы мен банктік деректемелері;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бекітілген сатып алынатын сервистік қызметті талап ететін медициналық бұйымның атауы, әрбір атауы бойынша техникалық сипаттамасы, әрбір атауы бойынша бір бірлігі үшін және жиынтық бөлігінде шекті бағаны, тауардың әрбір атауы бойынша беру мерзімдері, беру кезеңінің ұзақтығын қамтуға тиіс сатып алуға жататын кепілдікті сервистік қызмет көрсетуді немесе сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың тізбесі (мәліметтер көлемі ауқымды болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген ақпарат бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына ғана орналастырылуы мүмкін);
3) берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды аяқтау күні, уақыты және орны.
455. Берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін бірыңғай дистрибьюторға өтінімді желімделген түрде ұсынады.
456. Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін алынған, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің уәкілетті адамның қолымен куәландырылмаған өтінім қабылданбайды және оны ұсынған әлеуеті өнім берушіге қайтарылады.
457. Өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу үшін әлеуетті өнім беруші өтінімді ұсыну мерзімі өткенге дейін бірыңғай дистрибьюторға жазбаша нысанда өтінімді өзгерту немесе кері қайтару туралы хабарлама жібереді.
458. Конкурстық өтінімді әлеуетті өнім беруші беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағы уәкілетті адамның қолтаңбасымен куәландырылады.
459. Конкурстық өтінімнің техникалық ерекшелігі (беттері нөмірленіп, тігілген түрде, олардың соңғысы уәкілетті адамның қолымен куәландырылып) конкурстық өтінімге бөлек қосылып беріледі және конкурстық өтініммен бір конвертке салынады.
460. Әлеуетті өнім беруші өтінімді әлеуетті өнім берушінің атауы және заңды мекенжайы көрсетілген конвертке желімделеді. Конверт бірыңғай дистрибьютордың хабарландыруында көрсетілген мекенжайға жіберіледі және мынадай: «Медициналық бұйымды берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурс» және ______ дейін ашуға болмайды (хабарландыруда конверттер ашылатын күні және уақыты көрсетіледі)» деген сөздерді қамтуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 461-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
461. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасау конкурсына қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкестігін растайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензиясының болуы;
2) жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
3) заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің болуы;
4) төлем қабілеттілігінің болуы, таратуға жатпауы, сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрған болмауға тиіс;
5) отандық тауар өндіруші мәртебесінің болуы;
6) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің болмауы;
7) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде тұрмауы.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 462-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
462. Сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шартын жасауға конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер мынадай құжаттар тізбесіне сәйкес өтінім береді:
1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың (лоттардың) атауы көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
заңды тұлға үшін жарғының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді немесе хабарландыру күнінен ерте берілмеген құрылтай шартының көшірмесі немесе қолданыстағы акция ұстаушыларының тізілімінің үзінді ұсынылады);
заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) рұқсаттардың (хабарламалардың) не электрондық құжат түріндегі рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жолданған) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады);
конкурсты хабарлау күнінің алдында бір айдан ерте емес «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы құжат;
әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерде, ипотекалық ұйымдарда және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамында бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында әлеуетті өнім берушінің анықтама берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқ екені туралы қол қойылған және конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан);
3) ұсынылатын тауардың нақты техникалық сипаттамалары көрсетілген қағаз және электрондық түрдегі (doc* форматында) техникалық ерекшеліктер;
4) белгіленген үлгідегі «CT-KZ» ішкі айналыс үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
5) медициналық бұйымды өндірудің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен 13485 ISO сапаны бақылау жүйесі стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
6) ұсынылатын медициналық бұйымның осы Қағидалардың 463-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 463-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
463. Сатып алынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарға мынадай талаптар қойылады:
1) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның Қазақстан Республикасында тіркелуі немесе Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қорытындысының (рұқсат құжатының) болуы. Тіркеу тіркелуді растайтын құжаттың көшірмесімен немесе электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын Мемлекеттік тізілімнің ақпараттық ресурсынан алынған үзіндімен расталады. Тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;
2) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды таңбалау, тұтынушылық қаптамасы, қолдану жөніндегі нұсқаулық және пайдалану құжаты Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес келуі;
3) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес оның қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады және тасымалданады;
4) сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым жаңа, бұрын пайдаланылмаған, беру сәтінің алдындағы жиырма төрт айда шығарылған болып табылады;
5) өлшеу құралдарына жататын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым Қазақстан Республикасының өлшем бірлігі туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген сертификаттың көшірмесімен расталады. Өлшем бірлігі жүйесінің тізіліміне енгізу қажеттілігінің болмауы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның хатымен расталады;
6) жылжымалы кешен арнайы автокөліктен, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардан тұратын бірыңғай кешен ретінде тіркелген.
464. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді хабарландыруда көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
465. Комиссия конверттерді ашу кезінде рәсімдерді өткізу орнын, уақытын мен күнін көрсетіп, регламентті әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді. Регламент бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына да орналастырылады.
466. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері өтінімдер салынған конверттерді ашқан кезде қатыса алады.
467. Өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен мекенжайларын, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері ұсынылған лоттардың атауларын хабарлайды және аталған ақпаратты өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасында тіркейді.
468. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде комиссия әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық өтінімдердің біліктілік талаптарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Әлеуеттi өнiм берушiлердiң банкроттық не тарату рәсiмiне қатысы жоқтығы бөлiгiнде олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн нақтылау мақсатында комиссия банкроттық не тарату рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды, олардың жосықсыз өнім берушілер тізбесінде болуы бөлігінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
469. Комиссия регламентке сай күні мен уақытына сәйкес, бірақ конкурстық өтінімдерді қараудың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ашу хаттамасын (отырыс өткізу және бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына орналастыру арқылы) әлеуетті өнім берушілердің назарына жеткізеді, онда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген, конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
2) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің мазмұны;
3) конкурстық өтінімдері толықтырулар мен өзгерістерді талап етпейтін әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
5) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдеріне ескертулер;
6) комиссия көрсеткен ескертулерді жою үшін толықтырулар енгізу мерзімі;
7) екі конкурстық өтінімнен аз өтінім ұсынылған лоттардың нөмірлері.
470. Комиссия көрсеткен ескертулерді жою мерзімі ашу хаттамасы жария етілген күнді қоспағанда, үш жұмыс күнін құрайды.
471. Ескертулер жойылғаннан кейін конкурстық өтінімді беру кезінде қойылатын талаптарға сәйкес ресімделген толықтырулар түріндегі өзгертілген конкурстық өтінім ашу хаттамасында көрсетілген өзгерістер енгізу мерзімдерінде комиссияның хатшысына ұсынылады.
472. Толықтырулар салынған конверттерді ашуды комиссия ашу хаттамасында көрсетілген мерзімдерде жүзеге асырады. Әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері конкурстық өтінімдерге толықтырулар салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
473. Өзгерістер енгізу үшін мерзімінде ұсынылған конкурстық өтінімдерге толықтырулар зерделенгеннен кейін комиссия регламентке сәйкес күні мен уақытында, бірақ толықтырулар салынған конверттер ашылатын күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жариялайды.
474. Әлеуетті өнім берушілерді ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберу хаттамасына комиссия ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін жария еткен күні қол қояды. Бірыңғай дистрибьютор жіберу хаттамасына комиссия мүшелері қол қойған күннен кейін келесі жұмыс күні оны өзінің интернет-ресурсына орналастырады және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) әлеуетті өнім берушілердің әрқайсысы қатысатын лоттардың нөмірлері көрсетілген конкурстық өтінімдер ұсынған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
2) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерінің мазмұны;
3) конкурстық өтінімдеріне ескертулер болмаған әлеуетті өнім берушілердің атаулары;
4) конкурстық өтінімдеріне комиссияның ескертулері болған әлеуетті өнім берушілердің атаулары, сондай-ақ өтінімдерге толықтырулар ұсыну туралы ақпарат;
5) ең жоғары жеңілдікті айқындау рәсіміне әлеуетті өнім берушілерді жіберу туралы комиссияның шешімі.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 475-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
475. Комиссия ұсынылған өзгерістерді зерделегеннен кейін, егер:
1) ұсынылған өтінім осы Қағидалардың 462-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
2) әлеуетті өнім беруші осы Қағидалардың 461-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
3) әлеуетті өнім беруші ұсынатын сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйым осы Қағидалардың 463-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
4) егер сарапшы әлеуетті өнім беруші ұсынған сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымды техникалық сипаттамалардың (техникалық ерекшеліктердің) талаптарына сәйкес келмейді деп таныса;
5) ұсынылған техникалық ерекшелікте ұсынылып отырған сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның техникалық сипаттамасы дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымының сайтына орналастырылған тіркеу куәлігінде және (немесе) олардың тіркеу дерекнамасында көрсетілген техникалық сипаттамаға және (немесе) жинақталуына сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді толық не лоттар бойынша қайтарады.
476. Конкурсқа лотта тек бір ғана отандық өндіруші қатысқан жағдайда, ол осы тарауда көзделген біліктілік және өзге де талаптарға сәйкес келген кезде соңғысымен автоматты түрде ұзақ мерзімді шарт жасалады.
477. Лот бойынша бәсекелестік орта болған жағдайда, комиссия жеңімпазды ең жоғары бағалық жеңілдік рәсімі бойынша айқындайды.
478. Бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсына жіберу хаттамасы орналастырылған күннен бастап екінші жұмыс күні комиссия ең жоғары бағалық жеңілдік рәсіміне жіберілген әлеуетті өнім берушілерден бағалық жеңілдіктерді қабылдауды бастайды.
479. Әлеуетті өнім беруші бағалық жеңілдікті беруге уәкілетті адамның қатысуын қамтамасыз етеді.
480. Әлеуетті өнім берушінің бастапқы бағалық жеңілдігі бірінші басшының немесе осындай бағалық жеңілдікке қол қоюға уәкілетті адамның қолы қойылған лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті көрсетіп, жазбаша түрде ұсынылады.
Бағалық жеңілдіктің ең төменгі қадамы бір пайызды құрайды.
481. Әлеуетті өнім беруші қандай да бір лот бойынша бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынбаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
482. Егер тиісті лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсіміне қатысудан шеттету нәтижесінде бір ғана өнім беруші қалса, соңғысы жеңімпаз деп танылады.
483. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілер ұсынған барлық бағалық жеңілдіктерді, оның ішінде лот бойынша ең жоғары бағалық жеңілдікті жариялайды және оларға бастапқы бағалық жеңілдікті ұлғайтуды ұсынады.
484. Түпкілікті бағалық жеңілдіктерді қабылдау уақыты комиссия хатшысының осындай бағалық жеңілдіктерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаған сәтінен бастап бес минутқа дейінгі уақытты құрайды.
485. Егер бастапқы бағалық жеңілдікті ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті бағалық жеңілдікті ұсынбаса, комиссия оның бастапқы бағалық жеңілдігін түпкілікті ретінде қабылдайды.
486. Ең жоғары бағалық жеңілдікті айқындау рәсімі ең жоғары бағалық жеңілдік біреу болған жағдайда түпкілікті болып табылады
487. Лот бойынша бірдей екі түпкілікті бағалық жеңілдік болған жағдайда жеңімпаз «СТ КZ» сәйкес қазақстандық қамтудың ең көп үлесі бойынша айқындалады.
488. лот бойынша бірдей екі бағалық жеңілдік және «СТ КZ» сәйкес бірдей қазақстандық қамту үлесі болған жағдайда, конкурсқа қатысуға арналған өтінімді бірінші берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
489. Бағалық жеңілдігі басқа бағалық жеңілдіктерге қарағанда ең жоғары болып табылатын әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
490. Ұсынылған бағалық жеңілдік берудің ұзақ мерзімді шартының әрекет ету мерзімінде қолданылады. Бағалық жеңілдік ұлғаю жағына өзгереді және азаю жағына қарай өзгермеуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2019.30.05. № 347 Қаулысымен 491-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
491. Ұсынылған баға жеңілдігін сатып алу жылына сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдардың бағаларына мынадай формула бойынша қолданылады:
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген шекті баға баға жеңілдігін азайтқанда, сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымның бағасына теңеседі.
492. Комиссия отырыста қорытынды шығарады және хаттамаға қол қояды.
493. Қорытындылар хаттамасында: