55) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
55-1) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу;
55-2) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
55-3) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлеу және бекіту;
55-4) ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
56) салық және бюджеттік саясаттың, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
57) салық және бюджеттік саясатты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу;
58) ерекшеліктер бөлінісінде республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді талдау мен ерекшеліктер бойынша және аумақтар бөлінісінде ағымдағы болжамдауды жүзеге асыру;
59) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың ахуалын және алдағы жоспарлы кезеңге арналған болжамын жыл сайын бағалауды дайындау;
61) бюджет қаражатын басқаруды бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеу, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн жалпы үйлестіру;
62) салалық органдармен бірлесіп, кәсіпорындарды жүйе құрайтындарға жатқызу өлшемдерін бекіту;
63) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
64) автономды білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің басқару органдарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
65) гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;
66) бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін айқындау;
67) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
68) шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
69) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау және оны бекіту бойынша құқықтық актінің жобасын әзірлеу;
70) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
71) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл;
72) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іріктеп тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қатысты актілерді және тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті топтары үшін тексеру парақтарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 73) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
73) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындау;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 74) - 114) тармақшалармен толықтырылды
74) - 78) тармақшалары (2014 жылғы 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
74) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін белгілеу;
75) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін қатынастарда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсілмен қатысу тәртібін белгілеу;
76) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгі нысандарын бекіту;
77) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекіту;
78) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебінің нысандарын бекіту;
79) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын) келісу;
80) бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;
81) бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
82) тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар жобаларын әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсыну;
83) бюджеттік қаржыландыру көлемімен қамтамасыз етілу бөлігінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді жүзеге асыру;
84) бюджеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
85) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, оның жасалу тәртібін, бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын әзірлеу және бекіту;
86) бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
87) Республикалық бюджет комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
88) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қарауы және олар бойынша қорытындылар дайындау;
89) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттар міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарау;
90) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалардың жобаларында ұсынылған нәтижелілік пен тиімділік көрсеткіштерін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіліктеріне, бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
91) Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларының жобаларын әзірлеу;
92) төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу;
93) республикалық бюджетті нақтылау (түзету) және секвестрлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
94) бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бюджет түсімдерін бөлу кестесін әзірлеу және бекіту;
95) нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісу және Министрліктің құзыреті шегінде олар бойынша қорытынды ұсыну;
96) бюджеттік инвестициялық жобаларды әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелердің, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасының, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеудің қажетті сараптамаларын жүргізуге қорытындылар қалыптастыру;
97) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына бюджеттен концессиялық жобаны қоса қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу;
98) қоса қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаларды бюджет жобасына іріктеу;
99) Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;
100) - 114) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді
100) құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
101) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
102) Министрліктің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;
103) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу және бекіту;
104) құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу және бекіту;
105) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік мекемелердің шоттарын жабу және ашу, жүргізу және жабу тәртібін бекіту;
106) бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және есепке алу тәртібін бекіту;
107) бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін бекіту;
108) нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін бекіту;
109) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
110) кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекіту;
111) бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту;
112) бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту;
113) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
114) тіркелген активтердің келіп түсуі және шығуы кезінде құнын айқындау тәртібін бекіту;
114-1) кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін бекіту;
114-2) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып, біліктілік емтихандарын өткізуге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарын айқындау;
114-3) біліктілік емтихандарын өткізу тәртібінің бағдарламасын әзірлеу, біліктілік емтиханына арналған сұрақтарды әзірлеу және бекіту, аттестат алуға үміткерлердің білімдерін бағалау критерийлерін, біліктілік аттестатының, бейдждің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын белгілеу;
114-4) кеден өкілінің мемлекеттік кірістер органдарына, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есептілік ұсыну тәртібін бекіту;
114-5) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына осындай тауарларды, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тасымалдау туралы есептілік ұсыну;
114-6) сақталатын тауарларды есепке алуды жүргізу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну;
114-7) кеден қоймасында сақталатын тауарларды есепке алу тәртібін бекіту және мемлекеттік кірістер органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну;
114-8) мемлекеттік кірістер органдарының еркін қоймалардың иелерімен өзара қарым-қатынас тәртібін бекіту;
114-9) арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақ аумағын жайластыру, адамдардың осындай аумаққа кіру, арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беру, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелуге және оларды осындай аумақтан әкетуге рұқсат беру, тауарлар есебін жүргізу, сондай-ақ осындай тауарлар бойынша кеден органына есептілікті ұсыну, еркін кеден аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды Кеден одағы тауарлары деп тану тәртібін айқындау;
114-10) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және Кеден одағының Кеден кодексінде реттелмеген бюджеттен артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған кеден баждарының, салықтардың, өсімпұлдардың сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке алу) қағидаларын бекіту;
114-11) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде реттелмеген бөлігінде бюджетке кеден баждарының, салықтардың, кеден алымдарының және өсімпұлдардың түсімдерін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу тәртібін бекіту;
114-12) кеден баждарын, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу тәртібін бекіту;
114-13) кедендік әкету баждарының, салық және кеден алымдарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріліп алынған сомаларын, аванстық төлемдер сомаларын, кеден баждарын төлеуді қамтамасыз ету сомаларын, салықтарды қайтару (есепке алу) тәртібін бекіту;
114-14) кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке алу) тәртібін бекіту;
114-15) кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану тәртібін бекіту;
114-16) кедендік бақылау мақсаттары үшін мемлекеттік кірістер органдарының су және әуе кемелерін пайдалану тәртібін бекіту;
114-17) кедендік бақылауда тұрған тауарларды есепке алу тәртібі мен нысанын бекіту;
114-18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін бекіту;
114-19) ұсталған тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін бекіту;
114-20) тауарларды өткізу, жою немесе өзге де пайдалану тәртібін бекіту;
114-21) кедендік сүйемелдеу тәртібін бекіту;
114-22) тауарлардың сынамалары мен үлгілерін мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының іріктеуі тәртібін бекіту;
114-23) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту жасауының тәртібін бекіту;
114-24) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату тәртібін бекіту;
114-25) электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілеу;
114-26) көрме-жәрмеңкелік сауда бойынша қосылған құн салығының төленуін бақылау тәртібін айқындау;
114-27) шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдарын акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн бекiту;
114-28) акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерiнен Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту;
114-29) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу, тапсырыс беру, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту;
114-30) акциздеу бекетінің қызметін ұйымдастыру тәртібін бекіту;
114-31) салықтық есептілік нысандары мен оларды жасау қағидаларын бекіту;
114-32) тауарларды әкелу және жанама салықтар төлеу туралы өтінішті кері қайтару тәртібін бекіту;
114-33) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу тәртібін айқындау;
ведомстволарының функциялары:
1) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
2) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы деректерді жасау;
4) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары, республикалық бюджет және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық қорынан түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы жоспарларының орындалуы туралы есептер жасау;
5) республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;
6-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау;
7) жеке тұлғаларға арналған арнайы мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, капиталдың ішкі нарығындағы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер түріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;
8) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептік деректерді тұрақты және жүйелі жеткізу бөлігінде бюджеттік мониторингті және міндеттемелерді уақтылы қабылдамау, республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша (сыртқы қарыз алу мен кредиттеуді ескерусіз) төлемдерді уақтылы жүргізбеу себептерін анықтау мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен ақпарат жинауды жүзеге асыру;
9) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және бюджет заңнамасында көзделген шоттарды ашу, жүргізу және жабу;
10) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) ҚР Үкіметінің 2015.20.03. № 152 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
13) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
14) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
15) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін аударымдарды есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шотына аудару;
17) кейін қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, бюджеттер деңгейінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары арасында түсімдер сомасын бөлу;
18) ақша қаражатын Кеден одағының қолма-қол ақшасын бақылау шотынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған шоттарына аудару;
19) кедендік баж сомалары бойынша ақпаратты дайындау және Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу;
20) операцияларды шетелдік валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу;
21) мемлекеттік қарыздарды (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарынан басқа), мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекет кепілгер болған қарыздарды, қарыздарды хеджирлеу бойынша мәмілелерді, бюджеттік кредиттерді тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді жүргізу және есепке алу рәсімдерін жүзеге асыру;
23) бюджеттік кредиттеу нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша, оның ішінде оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді мемлекеттің орындауына байланысты талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;
23-1) үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан, сыртқы қарыздардың арнайы шоттарынан қаражатты алу, байланысты гранттарды және бірлесіп қаржыландыру қаражаттарын алу бойынша қаржы рәсімдерін жүзеге асыру;
24) мемлекеттік кірістер органдарының және уәкілетті органдардың бюджеттен түсімдер сомаларын қайтару не салық берешегін өтеу есебіне есепке алу бойынша төлем құжаттарын орындау;
25) инкассалық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
26) бюджет ақшасын басқару;
27) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылар (мүдде) көлемін болжамдау;
28) мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндеттемелері бойынша ауыстыру операцияларын жүзеге асыру және есепке алу;
29) мемлекеттік мекемелер ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, төлеуге ұсынылатын шоттардың, азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
30) квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын төлем тапсырмаларына тексеруді жүзеге асыру;
31) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
32) мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
33) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
34) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және жартыжылдық, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
35) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы кезінде мемлекеттік мекемелер төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
36) кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеу аясындағы саясатты қалыптастыруға қатысу;
37) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
38) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге уәкілетті экономикалық операторларды да енгізу туралы шешім қабылдау;
39) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік аумағындағы зияткерлік меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
40) зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;
41) кедендік әкімшілендіруді Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
42) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда-саттық кедендік статистикасын және арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
43) егер мұндай ақпарат оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының тәртібінде және талаптарын сақтай отырып, ақпаратты мемлекеттік органдарға беру;
44) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызмет қатысушыларының тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар болуын қамтамасыз ету;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік бақылау ақпараттық жүйелерін, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау және пайдалану;
46) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
47) тауарларды Кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын орналастыру кезінде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
48) төмен тұрған мемлекеттік кірістер органының және оның лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдарды қарау;
49) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдiк келтірілген адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер немесе өзге де органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткізу;
50) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтардың, оның ішінде белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны өндіріп алу;
51) өз құзыреті шегінде Кеден одағы кедендік шекарасының қорғалуын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;