Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысы
(2016.03.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 жылғы 18 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
4. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын;
5. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03 № 374 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 461 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.08. № 965 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.08.12. № 1487 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді
5-1. ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің № 1 аймақаралық салық комитеті» аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын.
7. Осы қаулының 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені таратқаннан кейін қалған мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне беріледі деп айқындалсын.
8. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 4, 5, 6, 8, 13, 15-тармақтарын, сондай-ақ осы қаулыға 6-қосымшаның 3, 4, 5, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 22-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2014.02.04. № 300 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.03.05. № 264 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
2) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;
5) ҚР Үкіметінің 2013.12.09. № 947 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті;
8) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті.
9) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.02.04. № 300 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.03.05. № 264 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы:
бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бюджеттік есеп пен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында, мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару аясында басшылық ету және салааралық үйлестіру, оңалту және банкроттық (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау, уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласында, сондай-ақ салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тексеру бойынша мемлекеттік реттеу.
15. Міндеттері:
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті, мемлекеттік қаржы статистикасын жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі өкілеттіктері шегінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
5) этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.03.05. № 264 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
7) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласында, аудиторлық қызмет және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру саласындағы қызметті реттеу;
8) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету;
9) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен 11) және 12) тармақшалармен толықтырылды («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді)
11) экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тексеру;
12) заңнамада көзделген шекте экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тексеру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
ҚР Үкіметінің 2013.22.10. № 1133 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.02.04. № 300 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.10.04. № 339 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1000 Қаулысымен («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен қолданысқа енгізілген сәттен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.30.04. № 427 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.20.03. № 152 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.10.08. № 635 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 912 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.03.05. № 264 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
1) бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, аудиторлық қызмет, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеу, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
1-1) өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру саласындағы басшылық;
2) бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын есепке ала отырып, Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Ұлттық қорға түсетін түсімдерді болжамдауға қатысу;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
5) ҚР Үкіметінің 2013.22.10. № 1133 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттiк сатып алу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бухгалтерлiк және бюджеттiк есепке алу, iшкi мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылау, қаржылық және бюджеттiк есептiлiк саласында салааралық үйлестiру және әдiснамалық басшылық ету;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау;
8) республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау;
11) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы ақпаратты даярлау;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;
14) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiмен бiрлесiп, мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзiрлеу және бекіту;
14-1) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiмен келісу бойынша ішкі мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзiрлеу және бекіту;
15) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттерді беру, оларға қызмет көрсету, мониторингін және қайтаруды қамтамасыз ету;
16) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету көлемін айқындау;
17) есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi жасау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттiк аудит пен қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есептi қаржы жылындағы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау кезiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
18) мемлекеттiк, шоғырландырылған, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептi жасау және Қазақстан Республикасының Үкiметiне, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және iшкi мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға, ал республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепті Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетіне ай сайын ұсыну;
19) мемлекеттік және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;
20) мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
21) мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру;
22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;
23) мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
24) ішкі нарықта жеке тұлғалар үшін арнайы мемлекеттік бағалы қағаздарды, капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару;
25) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
26) мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;
27) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингі және оларды басқару;
28) қаржы және экономика мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің кадрларға қажеттілігін айқындау;
29) экономика саласында теріс үрдістерді болдырмау және оның алдын алу бойынша ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
30) қаржылық есептілікті депозитарийге беру тәртібін әзірлеу;
31) есепке алу саясатын әзірлеу және бекіту;
32) мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын әзірлеу және бекіту;
33) мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
34) мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
35) мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын әзірлеу және бекіту;
36) қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысаны мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
37) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
38) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін орта мерзімді кезеңге арналған концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесін келісу;
39) ҚР Үкіметінің 2014.30.04. № 427 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы келісу;
41) мемлекеттік меншіктегі концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру тәртібін айқындау;
42) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
43) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп, кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
44) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;
45) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды жеткізушілердің деректер базасына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептiлiктi жинау, жинақтау және талдау қағидаларын бекіту;
46) мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерін әзiрлеуге, енгiзуге және пайдалануға қатысу;
47) мемлекеттік сатып алудың веб-порталы жұмысының техникалық істен шығуы туындаған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының қағидаларын бекіту;
48) мемлекеттiк сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын бекіту;
48-1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу;
48-2) ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
48-3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын әзірлеу;
48-4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың үлгілік шарттарын бекіту;
48-5) мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту;
48-6) конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге арналған күн сайынғы немесе апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
48-7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалардың және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
48-8) мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай операторды айқындау;
48-9) мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын бекіту;
48-10) мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;
48-11) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
48-11) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларын сертификаттау қағидаларын бекіту;
49) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту;
50) кедендік төлемдер мен салықтардың толық алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
51) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi әзiрлейтін және бекiтетін бұзушылықтар сыныптауышын келісу;
52) мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету және қайтару, сондай-ақ берілген мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау мәселелері бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша сенім білдірілген адамдармен (агенттермен) өзара іс-қимыл жасау;
53) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өтеу және қызмет көрсету көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
54) кредитордың және (немесе) сенім білдірілген тұлғаның (агенттің) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын және ол жөнінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің болуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;