2) өсімдіктер дүниесін дайындау құралдары, әдістері және (немесе) тәсілдері;
3) өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығын растайтын мәліметтер жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.
48-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы тексеру түрлері
1. Бару арқылы тексеру (бұдан әрі - тексеру) мерзімдік және жоспардан тыс болып бөлінеді.
2. Мерзімдік тексеру бақылау органы бекіткен тексерудің жартыжылдық графигіне сәйкес тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Тексеру жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізу бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне жүргізілген талдау мен мониторинг негізінде жүзеге асырылады.
3. Жоспардан тыс тексеру:
1) сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдары болған;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша прокурордың талабы болған;
3) ірі табиғи өрттер туындаған;
4) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген реттеу объектілерін заңсыз дайындау (жинау) анықталған, оның ішінде патрульдеу барысында анықталған жағдайларда бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпей жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
4. Жоспардан тыс тексеру иесі бүркемеленген жолданымдар болған жағдайларда жүргізілмейді.
49-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы тексеруді жүзеге асыру тәртібі
1. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы бақылау субъектілері (объектілері) тексеруге жатады.
2. Бақылау органының лауазымды адамы бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруді, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жабайы өсетін өсімдіктерді санкцияланбаған алып қоюды бақылауды жүзеге асырады.
Бақылау органының лауазымды адамы мерзімдік тексеру жүргізілгенге дейін бақылау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын басталу күнін көрсете отырып, қызметтің талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталатыны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
3. Тексеру үшін келген бақылау органының лауазымды адамы бақылау субъектісіне:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) сәйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимді объектілерге баруға арналған рұқсатын көрсетуге міндетті.
4. Тексеруді тағайындау туралы актіде:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) бақылау органының атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер (олар болған кезде);
5) тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;
6) тағайындалған тексерудің түрі;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) тексерілетін кезең;
10) бақылау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен міндеттері;
11) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы;
12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.
5. Бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған бақылау органының тексеруді тіркеу журналында тіркеледі.
6. Тексеруді жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
7. Тексеру жүргізу мерзімін бақылау органының басшысы не оны алмастыратын адам сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда ғана бір рет қана ұзарта алады.
Тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нәтижелері алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
8. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту тексеруді ұзарту туралы актімен ресімделеді.
Тексеруді ұзарту туралы актіде тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзартудың себебі көрсетіледі.
9. Бақылау субъектісінің не оның уәкілетті адамының тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартуы не тексеру жүргізу үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді ұсынбауы бақылау органының лауазымды адамының бақылау объектілеріне қол жеткізуіне кедергі болып табылмайды.
10. Бақылау органының лауазымды адамдары жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша:
1) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің нөмірі, жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау органының атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер;
6) тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;
7) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер;
9) бақылау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның) тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ескертулердің және (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі;
10) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі.
12. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеру нәтижелері туралы актіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама қоса беріледі.
13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау органының атауы;
3) тексеру жүргізген лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
4) тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;
7) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар және оларды жою мерзімдері;
8) бақылау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ тексеру кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
14. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды.
Қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау субъектісі өзіне тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тексеру жүргізген бақылау органына жүгінуге құқылы.
Өтініште бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.
Тексеру жүргізген бақылау органы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште баяндалған дәлелдерді ескере отырып, өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
15. Тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама екі данада жасалады.
Бақылау органы тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етеді, екінші данасы бақылау органында қалады.
Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.
16. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
17. Бақылау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде тексеруді ұзарту туралы актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
18. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткен соң бақылау субъектісі осы нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
19. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда тексеру жүргізген бақылау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.
20. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда бақылау субъектісі тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.
21. Бақылау органының лауазымды адамы Қазақстан Республикасының бекітіп берілген аумақтарында патрульдеуді жүзеге асыру кезінде жабайы өсетін өсімдіктерді санкцияланбаған алып қоюды анықтаған жағдайда, егер залалдың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерін құраса не одан асып түссе, материалдарды дереу құқық қорғау органдарына береді немесе егер залалдың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аз болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
Осы баптың 1 - 20-тармақтарының ережелері осы тармақта көзделген жағдайларға қолданылмайды.
22. Тексеру қорытындысына бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау субъектісінің өтінішін қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексеру нәтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.
Жарамсыз деп танылған тексеру нәтижелері туралы акт пен тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектілерінің белгіленген талаптарды бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.
50-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері
Мыналар:
1) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
2) тексеру нәтижелері туралы акт;
3) мыналар:
Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы;
сотқа талап қою арызын үш күн мерзімде міндетті түрде ұсына отырып, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне сот шешімінсіз үш күннен аспайтын мерзімге тыйым салу немесе тоқтата тұру туралы нұсқама (бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға немесе сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады);
4) мыналар:
кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту не қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жағдайында - Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген заңсыз өндірілген реттеу объектілерін, сондай-ақ осы үшін пайдаланылған құрылғыларды, тетіктер мен көлік құралдарын алып қою туралы қаулы жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері болып табылады.
51-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) жабайы өсетін өсімдіктерді санкцияланбаған алып қоюды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының бекітіп берілген аумақтарында патрульдеуді жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған учаскелерде, сондай-ақ осы учаскелерге кіру және олардан шығу орындарында жеке тұлғаларды, көлік құралдарын тоқтатуға, оларды тексеріп-қарауды жүргізуге;
3) өсімдік ресурстарын дайындау (жинау) учаскелеріндегі және олардан шыққан кезде адамдардың өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын қарап-тексеруге;
4) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген зиянның мөлшерлерін айқындауға, кінәлі адамдарға осы зиянды өз еркімен өтеу туралы талап қоюға не сотқа талаптар қоюға;
5) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
7) мыналар:
кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту не қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жағдайында - Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген заңсыз өндірілген реттеу объектілерін, сондай-ақ осы үшін пайдаланылған құрылғыларды, тетіктер мен көлік құралдарын алып қою туралы қаулылар шығаруға құқығы бар.
Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында көзделген өзге құқықтар да қолданылады.
2. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
52-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды құқықтық және әлеуметтік қорғау
Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.
53-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау
Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
16-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
54-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы дауларды шешу
Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, өсімдіктер дүниесін пайдалануға беру саласындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.
55-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
17-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
56-бап. Өтпелі ережелер
Пайдаланушылардың осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өсімдіктер дүниесін пайдалануға алған рұқсаттары оларға берілген мерзім бойы қолданыста болады.
57-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі
Осы Заң қолданысқа енгізілгенінен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
58-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 3-баптың 3-тармағының 4) тармақшасын, 7-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасын, 10-баптың 3) тармақшасын, 11-баптың 4) тармақшасын, 27-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 34-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасын, 42-баптың 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 2 қаңтар
№ 183-VІІ ҚРЗ