2. Дара кәсіпкер ретінде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге мынадай шарттардың бiрiне сай келетiн жеке тұлғалар жатады:
1) жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн тұрақты негiзде пайдаланады;
2) жеке кәсiпкерлiктен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық кірісі болады.
2-тармақтың екінші бөлігі 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3. Жұмыскерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мынадай кірістерді алған кезде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы:
1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістер;
2) мүліктік кіріс;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден түсетін кірістер;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан кірістер алатын үй жұмыскерлерінің кірістері;
5) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;
6) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының кірістері;
7) еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алуға жататын) резидент-еңбекші көшіп келушілердің кірістері;
8) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістері;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтер ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістер.
Осы тармақты қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тұлға салық агенті болып танылады.
2024.19.06. № 96-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Электр энергиясын нетто-тұтынушы болып табылатын жеке тұлға Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект өндірген электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өндіру немесе электр энергиясын сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруына байланысты дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
4. 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеу тәртібі
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы не өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама ұсынады.
Бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеген жағдайда, бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан қол қойылған сенімхатты ұсынады.
Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде - неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмi қоса берiледi.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдар хабарлама беруге құқылы емес.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар хабарламаларды ұсынатын жағдайларды қоспағанда, жеке тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап мемлекеттік кіріс органы бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді.
4. Хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) мұндай өзгерiстер туралы мемлекеттік кірістер органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Хабарлама «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы электрондық нысанда ұсынылады.
37-бап. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Дара кәсiпкердің қызметiн тоқтату
1. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi түрде не мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Кодексте көзделген мән-жайлар басталған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.
Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде - дара кәсiпкер дербес, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады. Бұл жағдайда дара кәсіпкер мемлекеттік кіріс органына кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы өтініш береді.
Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін мемлекеттік кіріс органына кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы өтініш береді.
Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер бұл үшiн қатысушыларының кемінде жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп есептеледі.
2. Жеке кәсiпкердiң қызметi:
1) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) тiркеу кезiнде жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар жiберiлуіне байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасын күнтiзбелiк жыл iшiнде бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;
4) ол қайтыс болды деп жарияланған;
38-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы 2016 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) ол хабарсыз кеткен деп танылған;
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) мәжбүрлі тәртіппен қызметті тоқтатуды көздейтін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлі тәртіппен тоқтатылады.
3. Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай:
1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған немесе ол қайтыс болған;
2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1) тармақшасында тізбеленген мән-жайлардың болу салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезiнде;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) сот шешімімен банкрот деп танылған дара кәсіпкерге қатысты банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайларда да тоқтатылады.
4. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші не соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде мемлекеттік кіріс органында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.
Дара кәсіпкер салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында осы ақпарат орналастырылған күннен бастап тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.
5. Дара кәсiпкерлiк белгiленген жағдайларда тiркеусіз жүзеге асырылған кезде, ерiктi тәртіппен - нақты тоқтатылған күннен бастап не мәжбүрлеу тәртібімен - тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар тәуекел дәрежелері төмен және орташа субъектілер санатына жатқызған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.
39-бап. Дара кәсiпкердiң банкроттығы
Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
40-бап. Дара кәсіпкерлердің борыштары бойынша олардың мүлкіне өндіріп алуды қолдану
1. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.
2. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылмайтын мүлiктi қоспағанда, өзiнің барлық мүлкiмен, оның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.
41-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы ұғымы және нысандары
1. Тұлғалардың дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін пайдалануға, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы:
1) кәсiпкерлiк қызмет ортақ бiрлескен меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;
2) өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы;
3) бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде ортақ үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы нысандарында болуы мүмкiн.
42-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелері
1. Он сегіз жасқа толған, әрекетке қабілетті Қазақстан Республикасының азаматы, қандас шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады.
2. Ортақ қожалықты бірлесіп жүргізетін ерлі-зайыптылар, жақын туыстар (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер) және басқа да адамдар шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері болып табылады.
43-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен мүшелерінің құқықтары және міндеттері
1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;
3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;
4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;
5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;
6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:
1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайларын жасауға;
4) жалдамалы жұмыскерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс беруші актілерін шығаруға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде осы қожалықтың бухгалтерлік есебінің, қаржылық есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа да мүшелердің құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағыммен жүгінуге;
4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелері жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасауға;
5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:
1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;
3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, қожалықты тіркеген органдарға бұл туралы ортақ өтінішпен хабарлауға;
4) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
44-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын құру ерекшеліктері
1. Шаруа немесе фермер қожалығы ерікті негізде құрылады және жер учаскесіне құқық мемлекеттік тіркелген кезден бастап, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, дара кәсіпкер ретінде тіркелгеннен кейін құрылды деп есептеледі.
2. 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Шаруашылық жүргiзу нысаны ретiндегi шаруа немесе фермер қожалығы
1. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндiрiстiк бiрлiгi болып табылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемiн дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, қайта өңдейді және өткізеді, сондай-ақ шаруашылық жүргiзуге байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қызметін жүзеге асырған кезде:
1) банк шоттарын ашуға және өз ақшаларына иелік етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және шарттарда мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып, кредиттер алуға;
3) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жалға алынған және меншiкті өндiрiс құралдарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, өндірілген өнiмді, шикiзатты, материалдарды жойылу немесе бүліну жағдайынан сақтандыруды жүзеге асыруға;
4) ерiктi негiзде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бiрлестiктерге бiрiгуге, кооперативтiк, шаруашылық серiктестiктерiнiң және басқа да ұйымдардың қызметiне қатысуға, сондай-ақ өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.
46-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының меншiгi
1. Шаруа қожалығының мүлкі, егер оның мүшелерінің арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, оларға бірлескен меншік құқығымен тиесілі болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығының мүлкі оның мүшелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады.
Өзіндік кәсіпкерлікке негізделген фермер қожалығының мүлкі оған жеке меншік құқығымен тиесілі болады.
2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелері, жер учаскесiндегi екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлген және ұсталатын жабайы жануарлар, өсімдіктердің генетикалық ресурстары, шаруашылыққа арналған және өзге де құрылыстар, мелиоративтік және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жұмысқа жегiлетiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдық, көлiк құралдары, құрал-сайман және шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкін.
3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм және кірістер шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ бiрлескен немесе ортақ үлестiк мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.
4. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң мүлiктiк қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық және жер заңнамасының тиiстi нормаларымен реттеледi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүлкi және жер учаскесiне құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады.
47-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн беру
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесін беру және пайдалану шарттары, тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.
48-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң шарттары
1. Шаруа немесе фермер қожалығы өз шығыстарын алатын кірісінің есебiнен жабады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарттық негiзде жүзеге асырылады.
2020.19.12. № 386-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты және (немесе) персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.
2020.19.12. № 386-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шартты, сондай-ақ персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңнамасында айқындалады.
2020.19.12. № 386-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері және қожалықта еңбек шарты бойынша, сондай-ақ персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс істейтін азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Шаруа және фермер қожалықтарының Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру жүйесін пайдалануға құқығы бар.
49-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату
1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылған кезде ортақ мүлiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiне үлес бөлiп беру ортақ мүлiк құқығындағы әрбiр қатысушылардың үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Үлестiк меншiктегi мүлiк қатысушылар арасындағы келісім бойынша өздерінің арасында бөлiнуi мүмкiн.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылған кезде мүлiктi, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын бөлудің шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
3-параграф. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
50-бап. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі
1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде кіріс алуды көздейтін коммерциялық заңды тұлғаларды құру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив қана болуы мүмкін.
3. Коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес болғандықтан ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.
51-бап. Мемлекеттік кәсіпорындардың кәсіпкерлігі
1. Мемлекет қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерінен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу мақсатында:
1) шаруашылық жүргізу;
2) жедел басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар құрады.
2. Мемлекет шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
3. Мемлекет жедел басқару құқығында бөліп берген мүлкі бар коммерциялық ұйым қазыналық кәсіпорын болып табылады.
52-бап. Кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу
1. Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын және кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар өздерінің құрылу мақсатына, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, мемлекеттiк тiркеуге жатады.
2. Кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, олар заңды тұлға құқығын иеленбестен есептiк тiркеуге жатады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші орган) жүзеге асырады.
4. Кәсіпкерлік субъектілері - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.