2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
39) механикалық көлік құралын пайдалану - механикалық көлік құралы мемлекеттік тіркелген кезден бастап кәдеге жаратылған кезге дейін оның мақсаты бойынша пайдаланылуын қамтитын өмірлік цикл сатысы;
40) механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесi - механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнің иелері, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi, мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу нәтижелерi туралы мәліметтер қамтылатын электрондық дерекқор;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды
40-1) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізуді, дамытуды, интеграциялауды және қолдап отыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41) мопед - цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден аспайтын іштен жану қозғалтқышымен не электрлі қозғалтқышпен жабдықталған және ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі;
42) мотоцикл - қозғалтқышы бар, бүйiр тiркемесiмен немесе онсыз екі дөңгелекті механикалық көлiк құралы. Мотоциклдерге жүктемесіз салмағы төрт жүз килограмнан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көлiк құралдары, цилиндрінің көлемі елу текше сантиметрден асатын скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі;
43) міндетті техникалық қарап тексеру - механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімдік процесі;
44) орынтұрақ - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған жол учаскесі болып табылатын, көлік құралы қойылатын орын;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды
44-1) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты - жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 44-2) тармақшамен толықтырылды
44-2) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты - өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;
45) паркинг - көлік құралдарын сақтауға (қоюға) арналған және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылған, бір немесе көп деңгейлі инженерлік құрылысты немесе арнайы ашық алаңды қоса алғанда, арнайы жабдықталған ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін), құрылысты (құрылыстың бір бөлігін) білдіретін аумақ;
46) техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмi - техникалық қарап тексеру операторларының бiрыңғай тiзбесi;
47) техникалық қарап тексеру операторы - мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын және техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлға немесе дара кәсiпкер;
48) техникалық қарап тексеру орталығы - механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнің техникалық жай-күйін диагностикалау жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған, осы мақсаттар үшiн техникалық қарап тексерудің стационарлық және (немесе) ұтқыр желiсi бар кешен;
49) техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасы - механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерiнiң техникалық жай-күйi параметрлерiнiң тiзбесiмен бірге иесi және механикалық көлiк құралы мен оның тiркемелерi және мiндеттi техникалық қарап тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтер қамтылатын құжат;
50) техникалық қарап тексерудің стационарлық желiсi - механикалық көлiк құралдары мен олардың тіркемелерін мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу үшiн диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;
51) техникалық қарап тексерудің ұтқыр желiсi - мiндеттi техникалық қарап тексеруден өткiзу үшiн механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған арнайы көлiк құралынан не ұтқыр құрылыстан (контейнер типіндегі) тұратын жылжымалы кешен;
52) тоқтап тұру - көлiк құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсiруге не көлiк құралын тиеуге немесе түсiруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;
53) тiркеме - қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады;
54) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтер - Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсететін қызметтер;
55) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысы - жұмыс істеп тұрған кемінде екі жаһандық навигациялық спутниктік жүйе сигналдарының көмегімен көлік құралының координаттарын, жылдамдығын және қозғалыс бағытын айқындауды, жол-көлік оқиғасы және өзге де төтенше жағдай кезінде көлік құралы туралы хабарлама беруді, сондай-ақ жылжымалы радиотелефон байланысы желілері арқылы шұғыл қимылдайтын жедел қызметтермен екіжақты дауыс байланысын жүзеге асыратын және қамтамасыз ететін құрылғы;
56) шұғыл шақыру жүйесінің операторы - шұғыл шақыру жүйесін басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым.
2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Заңда белгіленгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттардың қағидалары қолданылады.
3-бап. Жол жүрiсiнің негiзгi қағидаттары
Жол жүрiсiнің негiзгi қағидаттары:
1) жол жүрiсiне қатысушылардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы;
2) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнің қамтамасыз етілуі үшін мемлекет жауаптылығының жол жүрiсiне қатысушылардың жауаптылығынан басымдығы;
3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде жол жүрiсiне қатысушылар, қоғам мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы;
4) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас болып табылады.
4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi жол жүрісі саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру құралы болып табылады және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
2-тарау. ЖОЛ ЖҮРІСІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ САЯСАТ
5-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару
Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару:
1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындауды, әзірлеуді, іске асыруды;
2) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті қаржыландыруды;
2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) көлік құралдары иелерінің - үшінші тұлғалар алдындағы, сондай-ақ тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыруды қамтамасыз етуді;
4) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің негізгі нысаналы көрсеткіштерінің статистикалық есептілігін және мемлекеттік есепке алынуын жүргізуді;
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен әзірлеуді, қабылдауды, бекітуді және іске асыруды;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың құзыретін белгiлеуді;
7) жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiруді;
8) жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
9) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жоюды;
10) жолдардың қауіпсіздігі мен олардың өткізу қабілетін қамтамасыз етуді;
11) көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
12) жол пайдаланушылардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етуді;
13) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
14) Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының орындалуына мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуын;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқарудың өзге де нысандарын қамтиды.
6-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясат
1. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясат жол жүрісіне қатысушыларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларын болғызбауға және олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған.
2. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:
1) жол жүрісі қауіпсіздігі мен қолжетімділігін, оған қатысушыларға қолайлылық пен сервисті қамтамасыз ету;
2) орнықты көлік жүйесін қамтамасыз ету;
3) жол жүрісіндегі тәуекелдерді азайту;
4) қауіпсіз көлік құралдарына көшу;
5) қоғамдық көлікті пайдалануды ынталандыру және көтермелеу;
6) жол жүрісі қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
7) жол-көлік оқиғаларының салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру;
8) жол жүрісі саласында қоршаған ортаны қорғау;
9) Конституцияға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өзге де бағыттар болып табылады.
7-бап. Жол жүрісі саласындағы қызметті қаржыландыру
Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
8-бап. Жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің көрсеткіштерін есепке алудың мемлекеттік жүйесі
1. Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің көрсеткіштерін есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі жүзеге асырылады, бұл адамдар қайтыс болған және (немесе) жарақаттанған, көлік құралдары, құрылыстар, жүктер бүлінген не өзге де материалдық залал келтірілген жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтар, жол жүрісінің жай-күйін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсететін басқа да көрсеткіштер туралы мәліметтерді қамтиды.
2. Жол жүрісінің жай-күйін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсететін көрсеткіштер туралы ақпарат уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ, ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ЖОЛ ЖҮРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
9-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) жол жүрiсi саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейді;
2) жол жүрiсi және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiне басшылық етеді, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің актiлерiн орындауын бақылайды;
3) жол жүрiсi және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекітеді;
8) жолдарда көлік құралдарының жүрісін тоқтату немесе уақытша шектеу тәртібін бекітеді;
9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) масаң күйді куәландыруға жіберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын бекітеді;
11) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторын (ұлттық әкімшісін) айқындайды;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 12-2) тармақшамен толықтырылды
12-2) көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын бекітеді;
13) өзiне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
10-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) жол жүрiсi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына мониторинг жүргізеді;
3) халықты жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқықтық сауаттандыруды және оларға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
4) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді;
5) жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізбесін әзірлейді;
6) жол жүрiсi мен оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады әрі жүзеге асырады;
6-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) мемлекеттік бақылау мақсатында тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарын әзірлейді;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік баяндаманы енгізеді;
8) мемлекеттік органдардың жол жүрiсi және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
9) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан олардың Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасын сақтауы туралы мәліметтерді сұратады және алады;
10) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерді ұйымдастырады;
11) жүргізуші куәліктерінің, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын жолдардың тәуекелдер дәрежесін бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін бекітеді;
13) масаң күйді куәландыруға жіберу, масаң күйді куәландыру және оның нәтижелерін ресімдеу қағидаларын әзірлейді;
14) мүгедектерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келіседі;
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
14-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
15) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;
16) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темiржол өтпелерiн, қалалық электр көлiгi желiлерiн, тұрғын үй кешендерін және жекелеген ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ жаңа көлік құралдары үлгілерін пайдалануға қабылдау жөнiндегi жұмыс және мемлекеттік комиссияларға қатысады;
17) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құрады және пайдаланады;
18) жол жүрісін реттейді;
19) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсу бойынша банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мiндеттердi орындауы үшiн оларға көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi бойынша деректердi ұсыну тәртiбiн және ұсынуды айқындайды;
21) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) біліктілік комиссиясын қалыптастыру және оның қызметін жүзеге асыру қағидаларын, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша оқытушыға кандидаттарды, өндірістік оқыту шеберін және білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шеберін аттестаттаудан өткізу тәртібін, кәсіптік бірлестіктердің өз қызметі туралы есептілігінің нысаны мен оны ұсыну мерзімділігін әзірлейді және бекітеді;
23) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
24) 2017.03.07. № 83-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды
24-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекітеді;
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
11-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган:
1)техникалық қарап тексеру операторларының механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру мен одан өткiзу тәртiбiн сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасының нысанын әзірлейді;
3) жолаушылар мен багаждың тұрақты емес тасымалдарымен айналысатын заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің жолаушылар мен багажды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыруы және жүзеге асыруы тәртібін әзірлейді;
4) техникалық қарап тексеру операторларының тiзiлiмiн жүргiзеді;
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылды
5-1) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекітеді;
5-2) шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
5-3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекітеді;
5-4) шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды
5-5) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
2) көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) көлік құралдары жүргізушілерін міндетті рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) автомобильдегі алғашқы көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының тізбесін бекітеді;
5) адамдардың көлік құралдарын басқаруына тыйым салатын медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекітеді;
6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейін арттыру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
2) балаларды жол жүрісі қағидаларына оқыту бойынша үлгілік білім беретін оқу бағдарламаларын бекітеді;
3) оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін қалыптастырады және бекітеді;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.