ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1, 2 және 8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 12 405 717 446 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 6 913 806 526 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 286 899 962 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 5 201 425 304 мың теңге;
2) шығындар - 14 911 075 741 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 223 459 837 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 392 058 235 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 30 847 068 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 30 847 068 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 759 665 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,5 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -8 243 730 200 мың теңге, немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 10,6 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 759 665 200 мың теңге.
2-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 740 450 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 516 575 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.»;
«8-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 1 850 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.»;
2) 14-баптың бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 6-1), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) және 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға;»;
«7-1) тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға;
7-2) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;
7-3) объектілерді күзету функцияларын бәсекелес ортаға беруге;
7-4) коронавируспен (COVІD-19) күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне үстемеақылар төлеуге;
7-5) арнаулы мекемелердің, айдауыл қызметінің, кезекші бөлімдердің және жедел басқару орталықтарының, кинологиялық бөлімшелердің қызметкерлеріне және учаскелік полиция инспекторларының көмекшілеріне тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге және олардың тұрғын үй төлемдеріне;»;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;»;
мынадай мазмұндағы 17-1), 36-1) 40-1) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге;»;
«36-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;»;
«40-1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге;»;
«41-1) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;»;
3) 19, 23, 24, 25, 26 және 27-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған резерві 231 696 458 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
«23-бап. 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 900 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
24-бап. 2021 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 100 200 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
25-бап. 2021 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 18 260 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
26-бап. 2021 жылға мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 45 034 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
27-бап. 2021 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2 481 143 489 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.»;
4) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 24 мамыр
№ 44-VІІ ҚРЗ
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы
Қазақстан Республикасының № 44-VІІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
«2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
№ 379-VІ ҚРЗ Заңына
1-ҚОСЫМША
2021 жылға арналған республикалық бюджет
Санаты | Сыныбы | Ішкі сыныбы | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| | | І. Кірістер | 12 405 717 446 |
1 | | | Салықтық түсімдер | 6 913 806 526 |
| 01 | | Табыс салығы | 1 870 226 706 |
| | 1 | Корпоративтік табыс салығы | 1 870 226 706 |
| 05 | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 3 657 797 971 |
| | 1 | Қосылған құн салығы | 3 036 094 254 |
| | 2 | Акциздер | 116 868 850 |
| | 3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 487 022 815 |
| | 4 | Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар | 4 485 538 |
| | 5 | Ойын бизнесіне салық | 13 326 514 |
| 06 | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 1 344 413 259 |
| | 1 | Кеден төлемдері | 1 321 086 216 |
| | 2 | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 23 327 043 |
| 07 | | Басқа да салықтар | 2 153 555 |
| | 1 | Басқа да салықтар | 2 153 555 |
| 08 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 39 215 035 |
| | 1 | Мемлекеттік баж | 39 215 035 |
2 | | | Салықтық емес түсімдер | 286 899 962 |
| 01 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 215 380 090 |
| | 1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 1 178 565 |
| | 3 | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер | 139 908 283 |
| | 4 | Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер | 4 488 943 |
| | 5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 58 490 365 |
| | 6 | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар | 1 000 000 |
| | 7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 2 395 128 |
| | 9 | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 7 918 806 |
| 02 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 832 903 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 2 832 903 |
| 03 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 129 082 |
| | 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 129 082 |
| 04 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 10 386 938 |
| | 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 10 386 938 |
| 05 | | Гранттар | 1 204 668 |
| | 2 | Қаржылық көмек | 1 204 668 |
| 06 | | Басқа да салықтық емес түсімдер | 56 966 281 |
| | 1 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 56 966 281 |
3 | | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 3 585 654 |
| 02 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 3 585 654 |
| | 1 | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 3 585 654 |
4 | | | Трансферттердің түсімдері | 5 201 425 304 |
| 01 | | Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан трансферттер | 651 425 304 |
| | 1 | Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер | 651 425 304 |
| 04 | | Ұлттық қордан трансферттер | 4 550 000 000 |
| | 1 | Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер | 4 550 000 000 |
Функционалдық топ | Әкімші | Бағдарлама | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| | | ІІ. Шығындар | 14 911 075 741 |
1 | | | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 623 190 583 |
| 101 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | 8 728 706 |
| | 001 | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 6 944 701 |
| | 002 | Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 615 354 |
| | 003 | Архив қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер | 512 304 |
| | 007 | Орталық коммуникациялар қызметінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 656 347 |
| 104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі | 2 396 962 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 2 396 962 |
| 106 | | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық | 174 860 |
| | 001 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер | 106 230 |
| | 008 | Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігін нығайту | 68 630 |
| 107 | | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты | 323 211 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер | 323 211 |
| 108 | | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі | 2 175 192 |
| | 001 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 156 949 |
| | 008 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 018 243 |
| 201 | | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі | 83 322 123 |
| | 001 | Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 83 322 123 |
| 204 | | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі | 79 832 227 |
| | 001 | Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 54 489 132 |
| | 003 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау | 95 154 |
| | 005 | Шетелдік іссапарлар | 2 233 595 |
| | 008 | Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету | 60 574 |
| | 013 | Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 487 190 |
| | 017 | Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы | 20 259 234 |
| | 019 | Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету | 2 138 011 |
| | 021 | Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету | 69 337 |
| 207 | | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі | 8 967 102 |
| | 001 | Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсететін қызметтер | 8 967 102 |
| 209 | | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі | 10 237 418 |
| | 001 | Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру | 6 623 233 |
| | 002 | Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру | 3 614 185 |
| 211 | | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі | 3 793 343 |
| | 001 | Ішкі және сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 3 793 343 |
| 217 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі | 153 010 656 |
| | 001 | Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджетті атқаруды және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер | 85 062 943 |
| | 002 | Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру | 24 338 |
| | 019 | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | 13 268 |
| | 030 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | 6 951 273 |
| | 067 | Саяси партияларды қаржыландыру | 8 442 227 |
| | 072 | Салық әкімшілігі жүйесін реформалау | 1 190 093 |
| | 094 | Мемлекеттік активтерді басқару | 1 530 805 |
| | 205 | Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру | 49 795 709 |
| 223 | | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі | 7 276 288 |
| | 001 | Цифрландыру, инновациялар, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), топография-геодезия және картография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 7 276 288 |
| 225 | | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | 64 417 644 |
| | 130 | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру | 5 797 525 |
| | 217 | Ғылымды дамыту | 58 620 119 |
| 241 | | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі | 2 964 665 |
| | 001 | Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 2 964 665 |
| 243 | | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | 9 320 902 |
| | 001 | Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтер | 6 675 402 |
| | 006 | Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету | 915 637 |
| | 057 | Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы | 147 360 |
| | 073 | Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету | 1 080 442 |
| | 096 | Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу | 502 061 |
| 249 | | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі | 49 843 606 |
| | 001 | Өнеркәсіп, қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 9 843 606 |
| | 222 | Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу | 40 000 000 |
| 406 | | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті | 2 328 408 |
| | 001 | Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 753 474 |
| | 007 | Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру | 574 934 |
| 608 | | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі | 4 433 207 |
| | 001 | Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 3 215 604 |
| | 008 | Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау | 541 200 |
| | 012 | Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын тестілеу бойынша көрсететін қызметтер | 220 565 |
| | 017 | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | 455 838 |
| 625 | | Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі | 8 494 091 |
| | 001 | Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 8 494 091 |
| 626 | | Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі | 18 796 392 |
| | 001 | Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу бойынша көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу | 10 856 518 |
| | 002 | Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету | 7 939 874 |
| 627 | | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі | 1 680 394 |
| | 001 | Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | 1 680 394 |
| 628 | | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі | 16 199 141 |
| | 001 | Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер | 16 199 141 |
| 637 | | Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Аппараты | 415 810 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Конституциясының республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету | 415 810 |
| 690 | | Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы | 11 237 957 |
| | 001 | Сайлау өткізуді ұйымдастыру | 703 815 |
| | 002 | Сайлау өткізу | 5 812 430 |
| | 033 | Облыстық бюджеттерге аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | 4 721 712 |
| 693 | | Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы | 13 756 263 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 13 756 263 |
| 694 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы | 59 064 015 |
| | 001 | Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 58 038 948 |
| | 055 | Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту | 1 025 067 |
2 | | | Қорғаныс | 717 682 911 |
| 202 | | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі | 133 651 883 |
| | 001 | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтер | 12 068 726 |
| | 002 | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы қызметті ұйымдастыру | 54 214 498 |
| | 006 | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау | 45 037 932 |
| | 007 | Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар мен мекемелердің күрделі шығыстары | 22 330 727 |
| 208 | | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі | 339 762 015 |
| | 001 | Қорғанысты және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру жөніндегі қызметтер | 3 215 538 |
| | 047 | Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету | 336 546 477 |
| 249 | | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі | 244 269 013 |
| | 004 | Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды қамтамасыз ету | 244 269 013 |
3 | | | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 789 482 459 |
| 104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі | 1 767 444 |
| | 003 | Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерьлік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 1 767 444 |
| 201 | | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі | 230 790 594 |
| | 015 | Халықты жеке басты куәландыратын құжаттармен, жүргізуші куәліктерімен, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттармен, нөмірлік белгілермен қамтамасыз ету | 17 891 921 |
| | 076 | Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 154 006 802 |
| | 077 | Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру | 47 345 846 |
| | 078 | Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыру | 11 546 025 |
| 221 | | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі | 47 506 371 |
| | 001 | Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету | 11 395 055 |
| | 005 | Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі | 1 813 004 |
| | 006 | Мемлекеттік органдардың заң шығару қызметін ғылыми сүйемелдеу | 408 001 |
| | 009 | Халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету және Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізу | 1 097 199 |
| | 047 | Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке дейінгі және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау | 21 195 500 |
| | 061 | Сот сараптамасы объектілерін салу | 1 940 832 |
| | 065 | Сот сараптамалары бойынша қызметтер | 9 656 780 |
| 410 | | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті | 352 668 330 |
| | 001 | Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 347 115 523 |
| | 002 | Ұлттық қауіпсіздік жүйесін дамыту бағдарламасы | 5 552 807 |
| 501 | | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты | 56 194 237 |
| | 001 | Сот органдарының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі | 56 194 237 |
| 502 | | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы | 38 450 651 |
| | 001 | Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру | 37 948 789 |
| | 015 | Құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің жедел жүйесін құру | 501 862 |
| 624 | | Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) | 24 172 410 |
| | 001 | Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру | 14 390 672 |
| | 002 | Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметі | 6 827 502 |
| | 015 | Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу | 2 954 236 |
| 628 | | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі | 6 318 369 |
| | 002 | Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру | 5 849 569 |
| | 003 | Сотқа дейінгі тергеп-тексеру | 468 800 |
| 681 | | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі | 31 614 053 |
| | 001 | Күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету | 30 051 052 |