Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалдарын алты айдан астам мерзімге тоқтатқан жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын қайтарып алады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тарту:
1) осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған;
2) өтініш берушіге қатысты оған қызметтердің осы түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.
Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 61-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмм және одан кем болатын ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмм және одан кем болатын тікұшақтарды, сондай-ақ ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу үшін мынадай шарттарды сақтау:
1) әуе кемесінің, ұшу аппараты мен қосалқы құрылғының осындай типін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің болуы;
2) азаматтық әуе кемесін, ұшу аппаратын, қосалқы құрылғыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;
3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз ету;
4) аэроклубтармен немесе әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдармен бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде авариялық хабар беруді қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасу негіз болып табылады.
Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (пилот) және жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыштармен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына сәйкес ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.
3. Әуе кемесінің иесі ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттармен қоса өтінім жібереді.
4. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті алу үшін азаматтық әуе кемесі иесінің сертификатталған әуе кемесі, дайындалған авиация персоналы, құжаттамасы, әуе кемесін ұшуға пайдалануға, техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қажетті жабдықтары болуға, сондай-ақ міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.
Әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) өзінің әуе кемелері бақыланбайтын кеңістікте ұшқан кезде авариялық хабар беру үшін жауаптылықта болады.
5. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті басқа адамға беруге болмайды.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын:
1) әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамаған;
2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) осы Заңның 16-3-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.
Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданысын тоқтата тұру мен қалпына келтіру тәртібі жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тарту:
1) өтініш беруші жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларының талаптарына сай келмеген;
2) өтініш берушіге қатысты оған мұндай ұшуды орындауға тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.
Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.
62-бап. Аэроклуб
1. Аэроклуб ұсынатын қызметтер көрсетуге пайдаланушылармен жасалған шарттардың есебін аэроклуб жүргізеді.
Аэроклуб пайдаланушы алдындағы өз міндеттемелерін олардың арасында жасалатын шарттың негізінде және пайдаланушымен келісім бойынша басқа аэроклубқа беруге құқылы.
Аэроклубтың қызметтер көрсетуіне арналған үлгі шартты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2. Аэроклуб авариялық хабар беруді қамтамасыз етеді және оның көрсететін қызметтерін пайдаланатын пайдаланушыларға метеорологиялық және аэронавигациялық ақпаратты, әуе кемелерін ұшуға жарамдылықта ұстау, оларға техникалық және жөндеу бойынша қызмет көрсету, авиация персоналын кәсіптік даярлау, жауапкершілік аймағы шегінде әуе қозғалысына қызмет көрсету, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерін ұсынуға құқылы.
3. Аэроклуб ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың орындалуы үшін пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес жауаптылықта болады.
8-тарау. ӘУЕАЙЛАҚТАР (ТІКҰШАҚ АЙЛАҚТАРЫ). ӘУЕЖАЙЛАР
63-бап. Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) сыныптамасы
1. Әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) тиесілігіне қарай:
азаматтық авиация;
эксперименттік авиация;
мемлекеттік авиация әуеайлақтарына (тікұшақ айлақтарына) бөлінеді.
2. Азаматтық, эксперименттік және мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) сыныптамасын олардың пайдаланылуына, ұшып көтерілу-қону жолағының мөлшерiне және олардың жабын қабатының салмақ көтеру қабiлеттiлiгiне қарай, сондай-ақ әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) байланыс, жарық беру сигналдары және ұшуды радиотехникамен қамтамасыз ету құралдарымен жабдықталуына қарай авиация салаларындағы тиісті уәкілетті органдар айқындайды.
3. Әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) ұшып көтерілу-қону жолағының үстіңгі қабатының түріне қарай жасанды жабыны бар, топырақ бетіндегі, қар бетіндегі, мұз бетіндегі және су бетіндегі әуеайлақтар болуы, сондай-ақ жүзетін баржалардың, кемелердің және басқа да құрылыстардың үстінде болуы мүмкін.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 64-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
64-бап. Азаматтық авиация әуеайлағын (тікұшақ айлағын), әуежайын пайдаланушы
1. Меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы деп танылады.
Меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуежайды пайдаланатын Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің заңды тұлғасы ғана әуежайды пайдаланушы бола алады.
Әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды пайдаланушы:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әуежай, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аумағында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуын, оның ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай аумағында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етеді және бақылайды;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) әуеайлақта және әуеайлақ маңындағы аумақта ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті бақылау жөніндегі комиссияны құрады;
3) әуе кемелерін қабылдау және жөнелту жөніндегі тәуліктік жоспарды жүргізеді, оның орындалуын қамтамасыз етеді, әуе кемелерінің жөнелтілуі, ұшып көтерілуі мен қонуы тұрақтылығының есебі мен талдауын жүргізеді;
4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті сақтау туралы есептерді, аудиторлық, бухгалтерлік есептерді ұсынады;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық және метеорологиялық жағдайларға байланысты азаматтық әуе кемелерін қабылдау және жөнелту үшін әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды жабуға құқығы бар;
6) авиациялық емес қызметті жүзеге асыруға құқығы бар, бұл ретте мұндай қызметті жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар реттелетін қызметтерге арналған тарифтерге тікелей немесе жанама әсер етпеуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Азаматтық авиация саласында пайдаланылатын әуеайлақта қызметті жүзеге асыратын барлық субъектілер Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әуежай пайдаланушысы белгілеген нормаларды сақтауға міндетті.
2. Әуежайды пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына кандидат азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Халықаралық әуежайды пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне қарай әуежайларда ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-бап. Әуежай қызметі
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әуежай қызметінің құрамына әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарлары, жұмыстары, қызметтері кіреді, олардың тізбесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекітеді.
Әуежай қызметіне жатпайтын басқа қызмет түрлерін әуежайды пайдаланушы не әуежайды пайдаланушымен шарт бойынша өзге де жеке және заңды тұлғалар әуежай аумағында жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасымен әуежайдың реттелетін қызметтеріне жатқызылған және әуежайды пайдаланушы жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі әуеайлаққа қызмет көрсету деп танылады.
Әуежайды пайдаланушы және (немесе) жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, сондай-ақ өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өзі дербес қызмет көрсететін авиакомпания жүзеге асыратын әуежай қызметінің түрі жерде қызмет көрсету деп танылады.
2. Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан аз болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен бірлесіп бекіткен әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әуежайды пайдаланушы әуежай аумағына жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат бере алады.
2-тармақтың екінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны жылына екі миллион адамнан көп болған кезде әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсыну үшін әуежай аумағында оларды көрсететін жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің кіруіне рұқсат беруге міндетті.
Әуежай аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсыну тәртібі мен шарттары, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге қойылатын талаптар және жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарттың нысаны әуежайларда жерде қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
3. Әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушімен немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпаниямен жасасатын шартта жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартқа сәйкес әуежайдың инфрақұрылым объектілерін, жабдықтары мен техникалық құралдарын пайдаланғаны үшін өтемақы төлемін төлеу көзделуге тиіс.
4. Әуежайды пайдаланушы жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін ұсынуынан негізсіз бас тартуға құқылы емес.
Әуежайды пайдаланушының әуежайдың аумағында жерде қызмет көрсету қызметтерін берушіге немесе өз әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүк пен поштаға өз бетінше қызмет көрсететін авиакомпанияға бас тарту туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
5. Әуежайды пайдаланушы мен жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкес әуежай қызметіне кіретін қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және бекітеді.
Әуежайды пайдаланушы ұсынылатын қызметтердің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына немесе азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларына сәйкестігін айқындау үшін өздері ұсынатын қызметтердің және (немесе) жерде қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді беруші көрсететін қызметтердің сапасына тұрақты негізде аудит жүргізеді. Мұндай аудитті жүргізу азаматтық авиация ұйымдары арасында шарттық негізде жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 65-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
65-1-бап. Аэровокзал
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ішкі рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалда авиакассалар, тіркеу үлдіріктері, тіркеу, күту, ұшу және ұшып келу залдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар, оның ішінде мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін арнайы жабдықталған үй-жайлар, ана мен бала бөлмесі, ақпараттық қызмет көрсету объектілері, медициналық пункт, қоғамдық тәртіпті сақтау пункті, жоғалған заттарды табу бюросы болуға тиіс.
Авиациялық хабтардың аэровокзалдарының транзиттік жолаушылар мен олардың багажына қызмет көрсету үшін қажетті алаңы, инфрақұрылымы және жабдықтары болуға тиіс.
2. Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге арналған аэровокзалда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларының талаптарына сәйкес қосымша объектілер мен үй-жайлар болуға тиіс.
3. Аэровокзалдарда халық авиарейстердің ұшу және ұшып келу уақыты, авиабилет құны және олардың бар-жоқ екендігі, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны, авиакассалардың жұмыс режимі, үй-жайлардың орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы анық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Ақпаратты ұсыну тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі.
4. Өтетін және шығатын жолдар мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін қолжетімді болуға (пандустармен, арнайы бейімделген лифтілермен жабдықталуға) тиіс.
5. Халыққа қызмет көрсетуге арналған аэровокзалдар ақаусыз техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс.
6. Аэровокзалдарда қызметін жүзеге асыратын адамдар жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға қажетті жағдайлар жасауға, мәдениетті түрде қызмет көрсетуге, барлық адамдармен сөйлескенде сыпайы және ұстамды болуға, олардан Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды талап етуге тиіс.
7. Аэровокзалдар тасымалдау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдаланылуға тиіс.
8. Аэровокзалдың класына қарай аэровокзалдардың қызмет көрсету сапасы мен жарақтандырылуына қосымша талаптар қойылады.
Аэровокзал класы мен аэровокзал класын айқындау әдістемесін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 65-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
65-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтердің мүгедектер үшін қолжетімділігі
1. Мүгедектердің азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін әуежайларда:
1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектердің кезекші кресло-арбасының болуы;
4) қоғамдық дәретханалардың мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы қамтамасыз етілуге тиіс.
66-бап. Әуеайлақтарды, тікұшақ айлақтарын сертификаттау және пайдалануға рұқсат ету
1. Азаматтық авиация пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), сондай-ақ бірлесіп пайдаланылатын және орналастырылатын әуеайлақтар азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік авиация ғана пайдаланатын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының нормаларына сәйкес келуге тиіс.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сыныпталған әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдалануға әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) пайдаланушы оның жарамдылығы туралы сертификатты алғаннан кейiн және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) ашу туралы хабарлама жасалғаннан кейiн рұқсат етiледi.
3. Сыныпталмайын әуеайлақты, уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарын пайдалануға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидаларына сәйкес рұқсат етіледі.
4. Мемлекеттік авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға рұқсат ету тәртібін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік авиация мүддесінде пайдаланылатын сыныпталмайтын əуеайлақты, уақытша əуеайлақтар мен қону алаңдарын əуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), автомобиль жолдарының əуеайлақтық учаскелерін пайдаланудың жарамдылық нормаларына жəне мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарына (тікұшақ айлақтарына) қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға сəйкес пайдалануға рұқсат етіледі.
6. Азаматтық авиация саласында пайдаланылатын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) сертификаттау тәртібі Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында айқындалады.
7. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда, егер:
1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) азаматтық әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмесе;
2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы осы Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, жүргізіледі.
8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда:
1) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы сертификаттау талаптарын сақтамаса;
2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтініші бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатының қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
9. Егер әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймаған болса, уәкілетті орган әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын қайтарып алады.
10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқуға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігі деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелсе, рұқсат етіледі.
11. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуеайлақты (тікұшақ айлағын), уақытша әуеайлақты және қону алаңын пайдаланудың бүкіл кезеңінде олардың пайдалануға жарамдылығының сертификаттау талаптарына сәйкестігі үшін жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 67-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67-бап. Әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) есепке алу
1. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардан (тiкұшақ айлақтарынан) басқа, азаматтық авиация мақсатында пайдаланылатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлақтары) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тiкұшақ айлақтарының) тiзiлiмiнде есепке алынуға жатады.
Азаматтық авиация ұйымдары әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын) ашқан кезде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға:
1) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) орналасқан жер учаскесiне немесе басқа объектiге құқық туралы (жердi тұрақты немесе уақытша өтеулі пайдалану) құқық белгiлейтiн құжаттың көшiрмесiн;
2) әуеайлаққа (тiкұшақ айлағына) меншiк құқығын немесе иелену құқығын растайтын құжаттардың (сатып алу-сату шарты, қабылдау-беру актiсi, теңгерiмге беру туралы бұйрық, меншiк, мүлiктiк жалдау, сенiмгерлiк басқару құқығы және т. б.) көшiрмелерiн;
3) әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) техникалық сипаттамалары, географиялық координаттары мен орналасқан орны (елдi мекен) туралы ақпаратты қоса бере отырып, өтiнiш жолдайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органда әуеайлақтардың (тiкұшақ айлақтарының) жабылуы азаматтық авиация ұйымының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
2. Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тiкұшақ айлақтарын), бiрлесiп пайдаланылатын және бiрлесiп орналастырылатын әуеайлақтарды есепке алуды азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Пайдаланушылар сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тiкұшақ айлақтарын), қону алаңдарын азаматтық және мемлекеттiк авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар айқындаған тәртiппен есепке алуға тиiс.
68-бап. Әуе кемелеріне әуеайлақтық қызмет көрсету
1. Әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылар, аэронавигациялық, метеорологиялық ұйымдар ортақ пайдалану үшін ашылған әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарындарда) әуе кемелерінің ұшуына әуеайлақтық, аэронавигациялық және метеорологиялық қызмет көрсетуді бірдей жағдайларда және шарттар (жария шарттар) негізінде жүзеге асырады.
2. Әуеайлақтар, әуежайлар ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн техникалық немесе метеорологиялық жағдайлар бойынша ғана олардың жұмысының жарияланған сағаттарында әуе кемелерiн қабылдау және ұшуға шығару үшiн жабық болуы мүмкiн.