тауарлық белгілер;
титулдық және баспа құқықтары;
компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру;
лицензиялар мен франшизалар;
өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;
рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер;
әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер;
2740 - «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы», онда материалдық емес активтер амортизациясының сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;
2750 - «Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резервінің сомасы шоғырландырылады;
2760 - «Активтерді пайдалану құқығы», онда негізгі құралды тану өлшемшарттарын қанағаттандыратын жалдау активтерін пайдалану құқығының құны көрсетіледі.
2770 - «Активтерді пайдалану құқығының амортизациясы», онда активтерді пайдалану құқығы амортизациясының құны шоғырландырылған;
2780 - «Активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері», онда активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
25. 2800 - «Кейінге қалдырылған салықтық активтер» кіші бөлімі қалдырылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
2810 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер», онда мыналарға:
шегерілетін мезгілдік айырмаға,
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге;
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге байланысты алдағы кезеңдерде өтеуге жататын пайдаға арналған салық сомасы есепке алынады.
26. 2900 - «Өзге ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2910 - «Берілген ұзақ мерзімді аванстар», мұнда активтерді беруге берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
2920 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары», мұнда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады;
2930 - «Аяқталмаған құрылыс», мұнда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар есепке алынады, мысалы:
негізгі құралдарды салуға байланысты;
келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын объектінің құрылысымен байланысты шығындар;
2940 - «Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтер», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша активтер есепке алынады;
2950 - «Шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
2960 - «Шарттар бойынша шығындар», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша шығындар есепке алынады;
2970 - «Шарттар бойынша шығындар амортизациясы», мұнда шарттар бойынша шығындар амортизациясының сомасы есепке алынады;
2980 - «Шарттар бойынша шығындардың құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резерві», мұнда шарттар бойынша шығындардың құнсыздануынан болатын шығындарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
2990 - «Өзге ұзақ мерзімді активтер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.
6-тарау. 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары
27. 3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған.
3 «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
3000 - «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
3100 - «Салықтар бойынша міндеттемелер»;
3200 - «Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер»;
3300 - «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3400 - «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері»;
3500 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер».
28. 3000 - «Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері» кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3010 - «Амортизациялық құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда амортизациялық құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есепке алынады;
3020 - «Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есепке алынады;
3030 - «Туынды қаржы құралдары», мұнда туынды қаржы құралдары, оның ішінде кіріктірілген құралдар есепке алынады;
3040 - «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда жарғылық капиталда үлесі бар қатысушы заңды тұлғаларға акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрсетіледі;
3050 - «Төлемге қысқа мерзімді сыйақылар», мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
3060 - «Амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», мұнда амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі есепке алынады;
3070 - «Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», мұнда пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі есепке алынады;
3080 - «Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке алынады.
29. 3100 - «Салық бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі ұйымның салық төлеу бойынша міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3110 - «Төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы», мұнда төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы есепке алынады;
3120 - «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3130 - «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
3140 - «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3150 - «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3160 - «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3170 - «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдары салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3180 - «Мүлік салығы», мұнда мүлік салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3190 - «Өзге салықтар», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі.
30. 3200 - «Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі салықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуі тиіс міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3210 - «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3220 - «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3230 - «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемақылар бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3240 - «Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі.
31. 3300 - «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3310 - «Өнім берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен алынған қызметтер үшін өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және өнім берушілер мен мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешек көрсетіледі;
3320 - «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және алынған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрсетіледі;
3330 - «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтер және алынған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрсетіледі;
3340 - «Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
3350 - «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төленуі тиіс қызметкерлерге сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдармен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
3360 - «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрсетіледі;
3370 - «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
3380 - «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
32. 3400 - «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде айқындалған қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3410 - «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер», мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрсетіледі;
3420 - «Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынымдары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрсетіледі;
3430 - «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге күтілетін шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлықақы төлеуге күтілетін шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрсетіледі;
3440 - «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда шоттардың алдыңғы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
33. 3500 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3510 - «Алынған қысқа мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізуге, қызметтер көрсетуге, сондай-ақ тапсырысшылар үшін ішінара дайындалып өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
3520 - «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрсетіледі;
3530 - «Сатуға арналған шығаруға топ міндеттемелері», мұнда сатуға арналған шығаруға топ міндеттемелері көрсетіледі;
3540 - «Шарттар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады;
3550 - «Аралас қысқа мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы», мұнда біріктірілген қысқа мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы есепке алынады;
3560 - «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
7-тарау. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары
34. 4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.
4 «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
4000 - «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
4100 - «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»;
4200 - «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері»;
4300 - «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер»;
4400 - «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер».
35. 4000 - «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4010 - «Амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда амортизациялық құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер есепке алынады;
4020 - «Пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланатын қаржылық міндеттемелер есепке алынады;
4030 - «Туынды қаржы құралдары», мұнда туынды қаржы құралдары, оның ішінде кіріктірілген қаржы құралдары есепке алынады;
4040 - «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша ұзақ мерзімді берешек», мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрсетіледі;
4050 - «Төлеуге ұзақ мерзімді сыйақылар», мұнда қаржылық жалға алу, алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар мен сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де төлеуге ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
4060 - «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.
36. 4100 - «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4110 - «Өнім берушілер мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін өнім берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша операциялар және өнім берушілер мен мердігерлерге өзге ұзақ мерзімді берешек көрсетіледі;
4120 - «Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрсетіледі;
4130 - «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрсетіледі;
4140 - «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек", мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады;
4150 - «Жалға алу бойынша ұзақ мерзімді берешек», мұнда бір жылдан асатын мерзіммен қаржылық және операциялық алу бойынша жалға алу міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрсетіледі;
4160 - «Өзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
37. 4200 - «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4210 - «Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелері», мұнда бір жылдан астам кепілдік мерзімімен өткізілген өнім бойынша кепілдік міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;
4220 - «Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қарау мерзімі бір жылдан асатын сот қуынымдары және өзге де заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;
4230 - «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін төлеуге жататын ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қызметкерлерге сыйақы төлеуге және пайдаға қатысуға және сыйлықақы төлеуге күтілетін шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрсетіледі;
4240 - «Өзге де ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда алдыңғы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге де ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
38. 4300 - «Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» кіші бөлімі кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
4310 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер», мұнда салық салынатын уақыт айырмасына байланысты алдағы кезеңдерде төленуі тиіс пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.
39. 4400 - «Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4410 - «Алынған ұзақ мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету үшін, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге де алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
4420 - «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда ағымдағы есепті кезеңде алынған, бірақ болашақ есепті кезеңге жатқызылатын кірістер көрсетіледі;
4430 - «Шарттар бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер», мұнда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша міндеттемелер есепке алынады;
4440 - «Аралас ұзақ мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы», мұнда біріктірілген ұзақ мерзімді қаржы құралының борыштық құрауышы есепке алынады;
4450 - «Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
8-тарау. 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары
40. 5 «Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.
5 «Капитал мен резервтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 - «Жарғылық капитал»;
5100 - «Төленбеген капитал»;
5200 - «Сатып алынған меншікті үлестік құралдар»;
5300 - «Эмиссиялық кіріс»;
5400 - «Қосымша төленген капитал»;
5500 - «Резервтер»;
5600 - «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)»;
5700 - «Қорытынды пайда (қорытынды залал)».
41. 5000 - «Жарғылық капитал» кіші бөлімі ұйымдардың шығарылған капиталын, жарғылық капиталын немесе мүліктік (пай) қорын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5010 - «Артықшылықты акциялар», мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты номиналды құны есепке алынады;
5020 - «Қарапайым акциялар», мұнда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған қарапайым акцияларының жиынтық номиналды құны есепке алынады;
5030 - «Салымдар мен пай», мұнда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.
42. 5100 - «Төленбеген капитал» кіші бөлімі ұйымдардың төленбеген капиталын есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
5110 - «Төленбеген капитал», мұнда эмиссияланған акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссияланған акцияларын төлеу бойынша берешегі және ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу бройынша құрылтайшылардың берешегі көрсетіледі.
43. 5200 - «Сатып алынған меншікті үлестік құралдар» кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлестік құралдарды есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
5210 - «Сатып алынған меншікті үлестік құралдары», мұнда меншікті үлестік құралдарды сатып алу нәтижесіндегі өз капиталдындағы өзгерістер көрсетіледі.
44. 5300 - «Эмиссиялық кіріс» кіші бөлімі эмиссиялық кірісті есепке алуға арналған және мынадай шотты қамтиды:
5310 - «Эмиссиялық кіріс», мұнда шығарылған меншікті үлестік құралдар бойынша бойынша эмиссиялық кіріс есепке алынады.
45. 5400 - «Қосымша төленген капитал» кіші бөлімі қосымша төленген капиталды есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410 - «Негізгі ұйыммен өтеусіз операциялар бойынша қосымша төленген капитал», мұнда негізгі ұйыммен өтеусіз операциялар бойынша қосымша төленген капитал есепке алынады;
5420 - «Өзге операциялар бойынша қосымша төленген капитал», мұнда өзге операциялар бойынша қосымша төленген капитал есепке алынады.
46. 5500 - «Резервтер» кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтай құжаттарына және ұйымның есептік саясатына сәйкес капитал шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 - «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», мұнда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5520 - «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв», мұнда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5530 - «Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв», мұнда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5540 - «Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша есепке алынатын қаржылық активтерді қайта бағалауға арналған резерв», мұнда өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша есепке алынатын қаржылық активтер бойынша қайта бағалау есепке алынады;
5550 - «Қаржылық активтер бойынша залалға арналған резерв», мұнда қаржылық активтер бойынша күтілетін кредиттік залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
5560 - «Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв», мұнда мәні бойынша ұйымның шетелдік ұйымға таза инвестицияларының бір бөлігін құрайтын және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция шығарылғанға дейін жеке капитал ретінде жіктелетін, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылатын монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмалар көрсетіледі;
5570 - «Өзге резервтер», мұнда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.
47. 5600 - «Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)» кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5610 - «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», мұнда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы немесе залалы көрсетіледі;
5620 - «Алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», мұнда алдыңғы жылдардың бөлінбеген пайдасы немесе залалы көрсетіледі.