Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 185 бұйрығы
(2018.02.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 3 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) «Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы» 2002 жылғы 18 қыркүйектегі № 438 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1992 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., № 45-46, 729-құжат);
2) «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18.09.2002 ж. № 438 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2003 жылғы 21 қазандағы № 372 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 43-48, 896-құжат);
3) «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (негізді) бекіту туралы» 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 426 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2006 ж. № 2, 201-құжат).
4. Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Қаржы министрінің 2018.02.10. № 877 бұйрығымен үлгілік жоспары жаңа редакцияда (2019 ж.1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 23 мамырдағы
№ 185 бұйрығымен
бекітілген
Бухгалтерлік есеп шоттарының
үлгілік жоспары
1-тарау. Жалпы ережелер
Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі - Үлгілік жоспар) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2-тарау. Үлгілік жоспар
2. Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі - кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі - синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.
4. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.
3-тарау. Үлгілік жоспардың бөлімдері
5. Үлгілік жоспар мынадай:
1 - бөлім - «Қысқа мерзімді активтер»;
2 - бөлім - «Ұзақ мерзімді активтер»;
3 - бөлім - «Қысқа мерзімді міндеттемелер»;
4 - бөлім - «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»;
5 - бөлім - «Капитал мен резервтер»;
6 - бөлім - «Кірістер»;
7 - бөлім - «Шығыстар»;
8 - бөлім - «Өндірістік есепке алу шоттары» бөлімдерін қамтиды
4-тарау. «Қысқа мерзімді активтер» 1-бөлімінің шоттары
6. 1 «Қысқа мерзімді активтер» бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.
7. «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
1000 - «Ақша қаражаты»;
1100 - «Қысқа мерзімді қаржы активтер»;
1200 - «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1300 - «Қорлар»;
1400 - «Ағымдағы салық активтері»;
1500 - «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер»;
1600 - «Биологиялық активтер»
1700 - «Өзге қысқа мерзімді активтер».
8. 1000 - «Ақша қаражаты» кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 - «Кассадағы ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 - «Жолдағы ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1030 - «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1040 - «Корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаты», онда корреспонденттік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 - «Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты», онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1060 - «Пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаты», онда кассадағы, ағымдағы, корреспонденттік және жинақ шоттарындағы пайдаланылуы шектеулі ақша қаражаты есепке алынады;
1070 - «Электрондық ақша қаражатын есепке алу», онда жүйеде электрондық ақша қаражаты есепке алынады;
1080 - «Өзге ақша қаражаты», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады;
1090 - «Ақшалай қаражаттың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда ақша қаражатының құнсызданынан күтілетін кредиттік залалдарға бағалау резервтері есепке алынады.
9. 1100 - «Қысқа мерзімді қаржы активтер» кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1110 - «Қысқа мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда қысқа мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
1120 - «Қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда қысқа мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер;
1130 - «Қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда қысқа мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
1140 - «Туынды қаржы құралдар», онда туынды қаржы құралдар, онын ішінде енгізілген, есепке алынады;
1150 - «Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар:
акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы, инвестициялары сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1160 - «Өзге қысқа мерзімді қаржы активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы активтер есепке алынады;
1170 - «Қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда қысқа мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын күтілетін кредиттік залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
10. 1200 - «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1210 - «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1220 - «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар мен еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1230 - «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1240 - «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1250 - «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлердің:
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;
қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1260 - «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
1270 - «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;
1280 - «Қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда қысқа мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
11. 1300 - «Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1310 - «Шикізат және материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттары мен материалдар есепке алынады;
1320 - «Дайын өнім», онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;
1330 - «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1340 - «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
1350 - «Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
1360 - «Қорлардың құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резерві», онда қорлардың құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
1370 - «Қорларды қайтару құқығы бар актив», онда күтілетін қайтарулар бөлігінде қорлардың өзіндік құны есепке алынады.
12. 1400 - «Ағымдағы салық активтері» кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1410 - «Корпоративтік табыс салығы», онда бюджетке артық төленген корпоративтік табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпоративтік табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
1420 - «Қосылған құн салығы», онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;
1430 - «Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер», онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге және (немесе) есепке алуға жататын өзге де салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.
13. 1500 - «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер» кіші бөлімі, егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1510 - «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер», онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
1520 - «Сатуға арналған істен шығатын топтар», онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт;
1530 - «Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері», онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің (немесе істен шығатын топтардың) құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
14. 1600 - «Биологиялық активтер» кіші бөлімі ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1610 - «Өсімдіктер»;
1620 - «Жануарлар»;
1630 - «Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
15. 1700 - «Өзге қысқа мерзімді активтер» кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1710 - «Берілген қысқа мерзімді аванстар», онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайындығы бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
1720 - «Алдағы кезеңдердің шығыстары», онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады;
1730 - «Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер», онда клиенттермен жасалған шарттар бойынша қысқа мерзімді активтер есепке алынады;
1740 - «Шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері», онда сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша қысқа мерзімді активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
1750 - «Өзге қысқа мерзімді активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.
5-тарау. «Ұзақ мерзімді активтер» 2-бөлімінің шоттары
16. 2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің шоттары ұйымдардың ұзақ мерзімді ретінде жіктелетін активтерін есепке алуға арналған.
2 «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
2000 - Ұзақ мерзімді қаржылық активтер» бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
2100 - «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;
2200 - «Инвестициялар»;
2300 - «Инвестициялық мүлік»;
2400 - «Негізгі құралдар»;
2500 - «Биологиялық активтер»;
2600 - «Барлау және бағалау активтері»;
2700 - «Материалдық емес активтер»;
2800 - «Кейінге қалдырылған салықтық активтер»;
2900 - «Өзге ұзақ мерзімді активтер».
17. 2000 - «Ұзақ мерзімді қаржылық активтер» кіші бөлімі ұзақ мерзімді қаржылық активтерді (үлестік қатысу әдісімен және бастапқы құны бойынша есептелетін инвестицияларды қоспағанда) және ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2010 - «Ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда ұзақ мерзімді амортизациялық құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
2020 - «Ұзақ мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда ұзақ мерзімді басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
2030 - «Ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер», онда ұзақ мерзімді пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған қаржылық активтер есепке алынады;
2040 - «Туынды қаржы құралдар», онда туынды қаржы құралдар, оның ішінде қондырылған, есепке алынады;
2050 - «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар», онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
2060 - «Үлескерлік құралдар», онда басқа жиынтық табыс арқылы әділ құнмен бағаланған үлескерлік құралдар және пайда немесе залал арқылы әділ құнмен бағаланған үлескерлік құралдар есепке алынады;
2070 - «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады;
2080 - «Ұзақ мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері», онда ұзақ мерзімді қаржылық активтердің құнсыздануынан болатын күтіліп отырған кредиттік залалдарды бағалау резервтері есепке алынады.
18. 2100 - «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2110 - «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі;
2120 - «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
2130 - «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
2140 - «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады;
2150 - «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі;
2160 - «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда қаржылық жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады;
2170 - «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша алынған вексельдер бойынша ұзақ мерзімді берешек;
2180 - «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болған залалға арналған бағалау резервтері», онда ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
19. 2200 - «Инвестициялар» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен және бастапқы құнымен есепке алынатын инвестицияларды есепке алуға арналған.
2210 - «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар», онда үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын үлескерлік құралдарға берілетін инвестициялар бойынша операциялар көрсетіледі;
2220 - «Бастапқы құны бойынша есепке алынатын инвестициялар», онда бастапқы құны бойынша есепке алынатын үлестік құралдардағы инвестициялар жөніндегі операциялар көрсетіледі;
2230 - «Инвестициялардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері», онда инвестициялардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
20. 2300 - «Инвестициялық мүлік» кіші бөлімі инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2310 - «Инвестициялық мүлік», онда инвестициялық мүлік есепке алынады;
2320 - «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің амортизациясы», онда инвестициялық жылжымайтын мүлік амортизациясының сомасы шоғырландырылады;
2330 - «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда инвестициялық мүліктің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервінің сомасы шоғырландырылады.
21. 2400 - «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2410 - «Негізгі құралдар», онда негізгі құралдар есепке алынады;
2420 - «Негізгі құралдардың амортизациясы», онда негізгі құралдар амортизациясының сомасы шоғырландырылады;
2430 - «Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері», онда негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын залалдарға арналған бағалау резервтері есепке алынады;
2440 - «Активтерді пайдалану құқығы», онда негізгі құралды тану өлшемшарттарын қанағаттандыратын жалдау активтерін пайдалану құқығының құны көрсетіледі.
2450 - «Активтерді пайдалану құқығының амортизациясы», онда активтерді пайдалану құқығы амортизациясының құны шоғырландырылған;
2460 - «Активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері», онда активтерді пайдалану құқығының құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
22. 2500 - «Биологиялық активтер» кіші бөлімі ауыл шаруашылығы қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2510 - «Өсімдіктер»;
2520 - «Жануарлар»;
2530 - «Биологиялық активтердің амортизациясы», онда егер олардың әділ құнды бағалауға жатпаған жағдайда биологиялық активтердің амортизациясының сомасы шоғырландырылады;
2540 - «Биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резерві», онда биологиялық активтердің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері есепке алынады.
23. 2600 - «Барлау және бағалау активтері» кіші бөлімі минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2610 - «Барлау және бағалау активтері», онда шығыстарды барлау және бағалау активтері ретінде танумен байланысты операциялар көрсетіледі.
2620 - «Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы», онда барлау және бағалау активтері амортизациясының сомасы шоғырландырылады;
2630 - «Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервтері», онда барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын залалға арналған бағалау резервінің сомасы шоғырландырылады.
24. 2700 - «Материалдық емес активтер» кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2710 - «Гудвилл», онда инвестициялық бабының бөлігі ретінде гудвиллдің болуына және қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
2720 - «Гудвиллдің құнсыздануы», онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан тұрақты жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 - «Өзге материалдық емес активтер», онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы: