еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жөніндегі міндеттемелері және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу бойынша есеп айырысулар үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасы шегінде төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерінің негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп белгілеген нысан бойынша шығарылады және оны банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күннен бастап күшіне енеді.
Кеден органы мұндай өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.
4. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиіс.
5. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды.
163-бап. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі дана етіп жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай өкімді берген күн болып табылады.
2. Кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші бұлжытпай орындауға тиiс.
3. Төлеуші осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Кеден органы төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 164-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
164-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлкіне билік етуіне шектеу мынадай:
1) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарламаны алған күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң - кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектер, өсімпұлдар өтелмеген;
2) тексеру нәтижелері бойынша төлеушіге кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда қойылады.
Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес мерзімде шектеу қояды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша, кедендік төлемдер мен салық бойынша берешек, өсімпұлдар сомасына шығарады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ аталған төлеушінің теңгерімінде тұрған мүлікке қатысты шығарылады.
Қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, төлеушінің жалға берілген мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде осы мүлікке қатысты кеден органы шешім шығарған кезден бастап және ол жойылғанға дейін жалға алушы мен кепілді ұстаушыға мұндай мүлікке меншік құқығын беруге тыйым салынады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге тапсырылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін кеден органы төлеушіге мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы төлеушінің қатысуымен, билік етуі шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.
Билік етуі шектелген мүліктің тізімдемесі төлеушінің бухгалтерлік құжаттамасының деректері немесе Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тәуелсіз бағалау негізінде айқындалатын оның бағасы көрсетіле отырып жүргізіледі және екі дана етіп жасалған актімен ресімделеді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің бір данасын төлеушіге қол қойғызып немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жібереді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) мүлік тізімдемесінің актісін пошта немесе өзге де байланыс ұйымы қайтарған жағдайда осы Кодекстің 157-бабы 3-2-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеу актісін жасаған күн осындай шешімді және (немесе) актіні тапсырған күн болып табылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
7. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқықтар немесе ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге тиісті мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданса, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді төлеушіге табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
8. Кеден органы мынадай:
1) төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомаларын өтеген жағдайда - осындай берешекті, өсімпұлды өтеген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) төлеушінің шағымын қараған жоғары тұрған кеден органы шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда - осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 165-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
165-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі жиырма жұмыс күні өткеннен кейін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар сомасын төлеушінің банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.
Осы тармақтың ережелері банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі ақша сомасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру, банктер және банктік қызметі, сақтандыру қызметі, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, төлемдер және төлем жүйелері, міндетті әлеуметтік сақтандыру, инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банктік шоттарға қолданылмайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Даусыз өндіріп алу туралы шешім қажетті ақшаны төлеушінің шотынан есептен шығаруға және бюджетке аударуға кеден органының инкассолық өкімін төлеушінің шоты ашылған банкке жіберу нысанында қабылданады.
Кеден органы инкассолық өкімді банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Инкассолық өкім электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай инкассолық өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.
3. Банк төлеушінің бір банк шотынан берешекті өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындаған жағдайда, егер кеден органы төлеушінің көрсетілген банкте ашқан басқа банк шоттарына дәл осы сомаға және берешек түріне инкассолық өкім шығарған болса, банк кеден органының инкассолық шешімін орындау фактісін растайтын төлем құжатын қоса тіркей отырып, мұндай инкассолық шешімді орындамай, кеден органына қайтарады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Шоттардан даусыз тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және шетел валютасымен жүргізіледі. Шоттардан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды шетел валютасымен өндіріп алу төлеушінің шотынан берешек пен өсімпұлды өндіріп алған күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленуге тиісті кедендік төлемдер, салықтар және олар бойынша өсімпұл сомасына барабар сомада жүргізіледі.
5. Кеден органының инкассолық өкімін орындауды банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 166-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
166-бап. Төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Төлеушінің банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, пайда болған кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек, өсімпұлдар шегінде кеден органы төлеушінің алдында берешегі бар үшінші тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлар) банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуға құқылы.
Төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген кеден органына дебиторлық берешектердің сомаларын көрсете отырып дебиторлардың тізімін және бар болған жағдайда дебиторлармен бірлесіп жасаған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерін ұсынуға міндетті.
Төлеушілер кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеген жағдайда дебиторлар тізімі мен өзара есеп айырысуды салыстыру актісі ұсынылмайды.
Өзара есеп айырысуды салыстыру актісі бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерді дебиторлардың банк шоттарына шығарады.
Төлеуші дебиторлардың тiзiмiн не дебиторлардың жоқ екені туралы мәлiметтерді және (немесе) өзара есеп айырысуды салыстыру актісін ұсынбаған жағдайда кеден органы көрсетілген төлеушіге тексеру жүргiзедi. Бұл ретте кеден органы сотта дауланатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Дебиторлық берешек сомасын растайтын ұсынылған дебиторлар тізімі негізінде кеден органы дебиторларға дебиторлық берешек шегінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу есебіне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама жібереді. Дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаның нысаны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
Дебитор хабарламаны алған кезден бастап жиырма күннен кешіктірмей, хабарламаны алған күні төлеушімен бірлесіп жасаған өзара есеп айырысудың салыстыру актісін хабарлама жіберген кеден органына беруге міндетті.
3. Төлеуші мен оның дебиторы арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актісінде мынадай мәліметтер:
1) төлеушінің және оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;
2) орналасу жері бойынша тіркеу есебінде тұрған төлеуші және оның дебиторы есепте тұрған кеден органының атауы;
3) төлеушінің және оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;
4) дебитордың төлеуші алдындағы берешек сомасы;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) төлеушінің және оның дебиторының заңды мекенжайлары, мөрлері (ол болған кезде), сондай-ақ қолтаңбалары;
6) салыстыру актісі жасалған күн қамтылуға тиіс.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Кеден органы дебиторлық берешектің сомасын растайтын өзара есеп айырысуды салыстыру актісінің негізінде дебитордың банк шотына төлеушінің кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкім шығарады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Банк немесе дебитор-төлеушілердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстің 165-бабында айқындалған талаптарға сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу туралы кеден органының инкассолық өкімін орындауға міндетті.
167-бап. Төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу
1. Төлеушінің банк шоттарында ақша, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банк шоттарында ақша жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда кеден органдары оның келісімінсіз төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Төлеушінің билік ету шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша екі дана етіп жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 168-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
168-бап. Төлеушiнiң билiк етуі шектелген мүлкiн кедендiк төлемдер мен салықтар бойынша берешектiң, өсiмпұлдардың есебiне өткізу тәртібі
1. Билiк ету шектелген мүлiктi өткізуді уәкiлеттi заңды тұлға жүзеге асырады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Төлеушінің билiк етуі шектелген мүлкін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің, өсiмпұлдардың есебіне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
169-бап. Төлеушіні банкрот деп тану
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Осы тарауда көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін төлеуші кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтемеген жағдайда кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банкрот деп танылған төлеушiнi тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 170-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
170-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұл бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
1. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұл бойынша берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген берешегі бар төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімде төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не атауы, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, төлеуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегінің, өсімпұлдардың жалпы сомасы көрсетіледі.
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған төлеушілер тізімі есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 171-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
171-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу тәртібі
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу кезектілігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
172-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алуды үмітсіз деп тану және есептен шығару
Өндіріп алу мүмкін емес кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың сомалары өндіріп алынуы үмітсіз деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздемелер бойынша есептен шығарылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 19-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 173-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
173-бап. Шағым жасау құқығы
1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - хабарлама) осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Хабарламаға:
1) өзіне қатысты тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған декларанттың не оның өкілінің;
2) өзіне қатысты хабарлама шығарылған кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның не оның өкілінің шағым жасау құқығы бар.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 174-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
174-бап. Хабарламаға жасалған шағымды қарайтын органдар
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес хабарламаға шағымды қарауды жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.
Жоғары тұрған кеден органының хабарламасына шағымды қарауды тікелей жоғары тұрған кеден органы жүргізеді.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды сақтағаннан кейін хабарламаға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 175-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 175-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері
1. Шағым жоғары тұрған кеден органына хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде кеден қызметінің жоғары тұрған органына берiледi.
Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс.
Жоғары тұрған кеден органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртібімен - жоғары тұрған кеден органы шағымды алған күн;
2) поштамен - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған кеден органы бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
3. Жоғары тұрған кеден органы шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында өзіне қатысты тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым беруші тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.
Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде оларды ауыстыратын тұлғалардың болуы көзделмейтін осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға да қолданылады.
Бұл ретте шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжат және осындай тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса беруге тиіс.