13) егер банкроттықты басқарушымен жасалған банкроттық рәсімін жүргізу туралы шартта өзгеше белгіленбесе, сот банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын актіні шығарған жағдайда оны алған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетіне осы сот актісіне шағымдану туралы мәселені қарау үшін оның көшірмесін ұсынуға;
14) кредиторларды кредиторлар комитетінің жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабардар етуге;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға, салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар бар болған кезде) мемлекеттік кіріс органына тапсыруға, банкроттың мөрін жоюға;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16) құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды:
борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - борышкерге немесе оңалтуды басқарушыға;
банкроттың кәсіпорнын сату кезінде табыстау актісіне қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде - сатып алушыға беруге;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға шеттету (босату) туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтайшылық құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, банкротқа тиесілі мөрлерді, мөртабандарды, материалдық және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты беруге;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды
17-1) банкроттық рәсімі тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кредиторлар комитетімен оны жүргізу туралы шарт жасасуға;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) тағайындалған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде банкроттық рәсімінің әкімшілік шығыстарының сметасын жасауға;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
90-бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
1. Уақытша басқарушы сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға жібереді.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Борышкерде интернет-ресурс болған кезде аталған интернет-ресурста хабарламаны жариялау міндетті болып табылады.
2. Уақытша басқарушы сот орындаушыларынан заңды күшіне енген сот шешімін немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осындай кредиторларды банкроттық туралы істі қозғау (борышкерді банкрот деп тану) және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жазбаша хабардар етеді.
Уақытша басқарушы банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін өздерінің алдында борышкер жауапты болатын азаматтарды да борышкерді банкрот деп тану және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабардар етеді.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей олар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүддесінің), тұрақсыздық айыбының сомасы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдары туралы жеке-жеке) мәліметтер;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары бір мезгілде ұсыныла отырып, талаптың негізділігі мен сомасын растайтын құжаттардың (күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышын мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.
Егер кредиторлардың мәлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары есепке жазылған, залалдар өндіріп алынған болса, онда мұндай кредиторлар борышкер банкрот деп танылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайта мәлімдейді.
Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға да құқылы.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот борышкерді банкрот деп тану және оны банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы шешім қабылдаған кезге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімнен кеш мәлімделген кредитордың талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын толық қанағаттандырғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімде мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақытша басқарушы оларды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс және танылған талаптар тізілімге енгізіледі.
Кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сай келетін болса, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
6. Кредиторлар талаптарының тізіліміне:
1) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және мынадай мүлiктi: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда) талап құқықтарын, сондай-ақ олардың ұстаушыларында мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздермен көрсетілген облигацияларға меншік құқықтары туындаған немесе оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын кепілмен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың талаптары;
2) кредиторлардың мемлекет кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша талаптары;
3) борышкер құрылтайшыларының (қатысушыларының) талаптары енгізілмейді.
7. Кредиторлар борышкерге берешектің сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар, өсімпұлдар) және өзге де айыппұл санкцияларын қамтитын талаптарды қоюға құқылы.
8. Сыйақының (мүдденiң) сомасы борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiм қабылдаған кезде айқындалады.
9. Залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсiмпұлдардың) және өзге де айыппұл санкцияларының сомасы борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы шешiм қабылданған кезде айқындалады.
Кредиторлардың банкроттық рәсiміне қатысуға байланысты шығыстары өтеуге жатпайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Егер кепілді кредитор кепіл мүлікті осы Заңның 104-1-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімдерде өткізбеген жағдайда, банкроттықты басқарушы кепіл мүлікті өткізу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай кредитордың талаптарын оған кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығын бере отырып, кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізеді.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Егер кепiлді кредитор талаптарының сомасы кепіл мүлікті өткізуден түскен, оны өткізуге байланысты шығыстар шегерілген соманың мөлшерінен асып кеткен жағдайда, банкроттық басқарушы кепіл мүлік өткізілген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, мұндай кредиторға кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығын бере отырып, мұндай айырманы кредиторлар талаптарының тізіліміне қайтарады.
91-бап. Кредиторлардың талаптарын қарау
1. Уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен кейінгі күні кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талаптарды толық көлемде немесе себептерін көрсете отырып, бір бөлігінде тану немесе танымау туралы) әрбір кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті. Кредиторлардың борышкер банкрот деп танылғаннан кейін мәлімделген талаптары бойынша уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні осындай кредиторға жазбаша хабарлауға міндетті.
Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігінде) тану туралы хабарламада уақытша басқарушы кредиторлардың алғашқы жиналысын өткізу күнін, уақытын, орнын және күн тәртібін көрсетуге міндетті.
2. Уақытша басқарушының шешімімен келіспеген жағдайда кредитор, құрылтайшы (қатысушы) оған банкроттық туралы істі қарайтын сотқа он жұмыс күні ішінде шағымдануға құқылы.
92-бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін жариялау
1. Уақытша басқарушы борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешім шығарған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін уәкілетті органға жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кредитор өз талабының мөлшеріне, сондай-ақ жарияланған тізілімге енгізілген басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағымдануға құқылы.
93-бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктері
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша басқарушы борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кеш болмайтын мерзімде өткізеді.
2. Кредиторлардың алғашқы жиналысында:
1) кепіл мүлкіне бағалау жүргізу туралы шешім қабылданады;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізіліміне енгізілген тұлғалар ішінен банкроттықты басқарушының кандидатурасы таңдалады;
3) кредиторлар комитетін құру туралы шешім қабылданады;
4) кредиторлар комитетінің саны айқындалады және кредиторлар комитетінің құрамы, төрағасы бекітіледі;
5) кредиторлар комитетінің жұмыс регламенті бекітіледі;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) уақытша басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте төленуге тиіс негізгі сыйақы мөлшері айқындалады;
6) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) кепіл мүлкін бағалау нәтижелерін ескере отырып, кепіл мүлкін кепілді кредиторларға олардың талаптарын қанағаттандыру үшін беру туралы мәселені қарау;
2) банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау;
3) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
4) банкроттың мүліктік массасын түгендеу туралы есепті мақұлдау;
5) мүлікті (активтерді) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдау;
6) мүлікті сату жоспарын бекіту;
7) банкроттың мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешім қабылдау;
8) мүлікті теңгерімдік құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешім қабылдау;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау;
9) борышкердің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегінің сомасын бекіту;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) банкроттықты басқарушыға уәкілетті орган белгілеген шекте төленуге тиіс негізгі сыйақы мөлшерін айқындау;
11) банкроттықты басқарушыға қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;
12) қорытынды есепті келісу;
13) банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзартуға келісім беру;
14) борышкердің кредиторларымен есеп айырысуға көшуі туралы шешім қабылдау;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) баланста бар, бірақ түгендеу актісі бойынша жоқ жылжымалы мүлікті есептен шығару туралы шешім қабылдау;
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) банкроттық рәсімін жүргізу үшін банкроттықты басқарушының кредит алуы туралы шешім қабылдау;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды
14-3) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешім қабылдау;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды
14-4) банкроттық рәсімі барысында оңалту рәсіміне өту туралы шешім қабылдау;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 14-5) тармақшамен толықтырылды
14-5) осы Заңның 95-1-бабында көзделген жағдайда оңалту жоспарын келісу;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 14-6) тармақшамен толықтырылды
14-6) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар жатады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Банкроттықты басқарушының кандидатурасын таңдау кезінде уәкілетті органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды кредиторлар жиналысы дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
Кредиторлар жиналысы сайланған кандидатты оның кандидатурасын уәкілетті органға ұсынғанға дейін оның банкроттықты басқарушы ретінде таңдалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны кредиторлар жиналысы оны ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
Уәкілетті орган осы Заңның 12-бабы 3-тармағының негізінде кандидатураны банкроттықты басқарушы етіп тағайындауға кедергі болатын мән-жайларды анықтаған жағдайда, анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банкроттықты басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігі 10) тармақшасының негізінде әкімші қызметін жүзеге асыруға құқылы адамдардың хабарламалары тізілімінен банкроттықты басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабарды кредиторлар жиналысына жіберуге міндетті.
Кредиторлар жиналысы ұсынылған кандидатураны тағайындаудан уәкілетті орган бас тартқан жағдайда, банкроттықты басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатура ұсынуға міндетті.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
94-бап. Кредиторлар комитетінің банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктері
Кредиторлар комитеті:
1) банкроттық рәсімінің өткізілуін және банкроттықты басқарушының қызметін жедел бақылауды жүзеге асырады;
2) банкроттықты басқарушымен шарт жасасады және оны бұзады;
3) шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын банкроттық рәсімін жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілік шығыстардың орнын толтыру жағдайларын қоспағанда, әкімшілік шығыстардың сметасын және банкроттық рәсімін жүргізу үшін тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді;
5) банкроттың жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлкін (активтерін) бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдайды;
6) банкроттықты басқарушы сатып алатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайды;
7) борышкер мен кредитор арасындағы талаптарды өзара есепке алу туралы шешім қабылдайды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) банкроттықты басқарушының реверсивті факторинг шартын жасасуына келісім береді;
8) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
95-бап. Кредиторлардың еңбекақы төлеу жөніндегі мүдделерін білдіру
1. Борышкерге еңбекақы төлеу жөнінде талаптары бар адамдар жиналыста (конференцияда) жасырын дауыс беру арқылы борышкердің, оның кредиторларының алдында өздерінің мүдделерін қорғауға уәкілетті өкілді сайлайды.
Кредитордың еңбекақы төлеу жөніндегі өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен сайланған өкіл банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңмен өзіне берілетін кредитордың барлық құқықтарын пайдаланады. Өкіл кредиторлар талаптарының тізілімінде еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бекіту нәтижелері және оларды қарау нәтижелері бойынша оны сайлаған жиналыс (конференция) алдында есеп береді.
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 95-1-баппен толықтырылды
95-1-бап. Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту
1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) осы Заңның 73-бабы 1, 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін оңалту жоспарын әзірлеген жағдайда мүліктің меншік иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) немесе ол уәкілеттік берген адам банкроттықты басқарушыға әзірлеген оңалту жоспарын және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін қарау үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылы.
Банкроттықты басқарушы мүліктің меншік иесінен немесе құрылтайшыдан (қатысушыдан) не ол уәкілеттік берген адамнан өтiнiшхат түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар жиналысын өткізу туралы кредиторларды хабардар етуге міндетті.
2. Кредиторлар жиналысы ұсынылған оңалту жоспарымен және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өтумен келіскен жағдайда жиналыс сонымен бір мезгілде мүліктің меншік иесінің немесе борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару жөніндегі құрылтайшының (қатысушының) құқығын қалпына келтіру мәселесін шешуге не уәкілетті органда тіркелген адамдар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауға міндетті.
3. Банкроттықты басқарушы оңалту жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысанда оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытынды жасауға және борышкер мүлкінің меншік иесіне немесе құрылтайшыларға (қатысушыларға) жіберуге міндетті.
4. Борышкер мүлкінің меншік иесі, құрылтайшы (қатысушы) не ол уәкілеттік берген адам кредиторлар жиналысының келісімі және банкроттықты басқарушының оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы қорытындысы болған кезде банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
5. Сот борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшының (қатысушының) не ол уәкілеттік берген адамның банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту не бас тарту туралы шешім шығарады.
7. Сот оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып борышкерді тарату туралы шешiмді оны шығарған сот жоюға тиіс.
96-бап. Мүліктік масса
1. Мүліктік массаның құрамына:
1) банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары кіреді.
2. Мүліктік массаға банкрот - дара кәсіпкердің, толық серіктестіктер қатысушыларының жеке мүлкі, толық және коммандиттік серіктестіктерінің бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес оларға өндіріп алуды қолдану мүмкін болатын өндірістік кооперативтің мүлкі бөлек кіреді және ескеріледі.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында борышкерді банкроттыққа жеткізгені үшін өзге тұлғалардың субсидиарлық жауапкершілігі көзделген жағдайларда бұл жауапкершіліктің мөлшері кредиторлар талаптарының жалпы сомасы мен банкроттың мүліктік массасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Банкроттықты басқарушы осындай тұлғаларға борышкердің барлық кредиторларының мүдделері үшін талаптар қоюға міндетті. Жекелеген кредиторлардың өз мүдделерi үшін мұндай талаптар қоюына жол берiлмейдi.
4. Мүліктік массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және секьюритилендiру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер мен ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда) талап құқығы, сондай-ақ көрсетілген акцияларға олардың ұстаушыларында мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша меншік құқығы туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді. Банкроттықты басқарушы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, кредиторлардың және (немесе) облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне береді;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлік;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңамасына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;
5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде көзделген, шығарындыларды азайту, сертификатталған шығарындыларды азайту, шығарындыларды ішкі азайту, парниктiк газдарды сiңiру квоталары бiрлiктерi;
6) осы Заңның 104-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда кепіл мүлкі;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7) уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген, мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клиринг (кепілді және резервтік) қорларына жарналар болып табылатын клиринг ұйымы клиентінің (клиринг қатысушысының) қаржы құралдары;
2016.07.04. № 487-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері);
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды