2. Бір ғана жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары мен тауарлық газ қоймаларын екі және одан көп газ тасымалдау ұйымының пайдалануына тыйым салынады.
22-баптың 3-тармағы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
3. Газ тасымалдау ұйымдары тек қана:
1) ұлттық операторға;
2) тауарлық газды өндірушілерге;
3) өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға ниет білдірген оның иелеріне тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуге құқылы.».
4. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары:
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 3-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, тауарлық газ иелеріне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсынуға;
2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос тұрған қуаттардың бар екені туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсынуға;
3) тауарлық газ иелерін және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға әсер ететін жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар етуге міндетті.
5. Газ тасымалдау ұйымы:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тауарлық газ техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеген;
5-тармағының 2) тармақшасы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2) жер қойнауын пайдаланушы тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығынан ұлттық оператордың жазбаша бас тартуын не жер қойнауын пайдаланушы газ тасымалдау ұйымына жүгінгенге дейін бір ай бұрын ұлттық оператордың тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін иеліктен шығару туралы коммерциялық ұсынысты алғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, тауарлық газ иесінің тауарлық газын тасымалдаудан және (немесе) сақтаудан бас тартуға міндетті.
6. Газ тасымалдау ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында және тауарлық газды тасымалдау және сақтау жөніндегі қызметтерді ұсыну шартында көзделген тәртіппен тауарлық газды тасымалдаудан және сақтаудан негізсіз бас тартқаны үшін жауапты болады.
23-бап. Тауарлық газды көтерме саудада өткізу
23-баптың 1-тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1. Тауарлық газды көтерме саудада өткізуді:
1) ұлттық оператор;
2) тауарлық газды өндірушілер;
3) өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері;
5) тауарлық газ ұлттық операторға және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өткізілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері;
6) тауарлық газ ұлттық операторға және (немесе) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелеріне өткізілген жағдайларда, газ тарату ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.
Өзге тұлғалар тауарлық газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Газ тарату ұйымдарының ұлттық операторға және (немесе) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелеріне көтерме саудада өткізу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардан тауарлық газды сатып алған тұлғаға оны көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруына тыйым салынады.
Осы тармақтың ережелері ұлттық операторға қолданылмайды.
24-бап. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу
1. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді:
1) газ тарату ұйымдары;
2) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелері;
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) газ тұтыну жүйелері магистральдық немесе жалғастырушы газ құбырына тікелей қосылған өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газ бөлшек саудада өткізілген жағдайда, тауарлық газды өндірушілер, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері жүзеге асырады.
Өзге тұлғалар тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын газ тарату жүйесіне қосуды, бос тұрған қуаттар болмаған жағдайда, қосылатын тұтынушылардың қосымша жүктемелерін жабуға қажетті газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ мұндай қосудың технологиялық схемасын өзгертуді газ тарату ұйымы осындай тұтынушылардың есебінен жүзеге асырады.
3. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне тауарлық газды беруді газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы жүзеге асырады.
25-бап. Тауарлық газды есепке алу
1. Тауарлық газдың көлемі есепке алынбайынша, оны тасымалдауға, сақтауға және өткізуге жол берілмейді.
2. Магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалданатын тауарлық газ көлемін есепке алуды газ тасымалдау ұйымы газ өлшеу станцияларында тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған тауарлық газды есепке алу аспаптары бойынша деректерді ұдайы растай отырып, газды есепке алу аспаптары арқылы жүргізеді. Газ тасымалдау ұйымдары тасымалданатын тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректердің ұлттық операторға берілуін қамтамасыз етеді.
3. Газ тарату жүйелері арқылы тасымалданатын тауарлық газдың көлемін есепке алуды газ тарату ұйымдары есепке алу аспаптары бойынша жүргізеді. Газ тарату ұйымдары өткізілетін тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректердің ұлттық операторға берілуін қамтамасыз етеді.
4. Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газ көлемін есепке алу:
1) тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша;
2) есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмейтін жағдайда газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша жүргізіледі.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар пайдаланатын тауарлық газдың көлемін есепке алу тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі.
5. Тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газ көлемін есепке алу:
1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;
2) көп пәтерлі үйлердегі ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;
3) жеке тұрғын үйлердегі реттегіш немесе газ реттейтін пункттердің шкафтарында орнатылған ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жеке немесе ұжымдық есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмейтiн жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша жүргiзiледi.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тауарлық газды есепке алу аспаптары техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
6-тарау. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ЖӘНЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТАСУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
26-бап. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен тасу
1. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен Қазақстан Республикасының заңнамасында қауіпті жүктерді тасуға қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасуға рұқсат етілген көлікпен тасуға рұқсат етіледі.
26-баптың 2-тармағы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өз бетінше не сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды тасу жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаларды тарта отырып тасуды:
1) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының және (немесе) сұйытылған табиғи газдың меншік иелері;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасуды жүзеге асыруға ниет білдірген оның иелері;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) сұйытылған мұнай газын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.
26-баптың 3-тармағы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды тасу жөніндегі қызметтер көрсететін тұлғалар мұндай қызметтерді осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға ғана көрсетуге құқылы.
4. Сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен тасуға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасу үшін көліктің әрбір түріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
5. Сұйытылған мұнай газын немесе сұйытылған табиғи газды сақтау және теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен тасу құралдарының конструкциясы мен пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді:
1) сұйытылған мұнай газының өндірістік объектілерінің меншікті құю эстакадалары арқылы - сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің өндірістік объектілерінің құю эстакадалары арқылы - өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну үшін әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
4) сұйытылған мұнай газы топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізілген жағдайда - газ толтыру станциялары арқылы осындай газ толтыру станцияларының иелері;
5) сұйытылған мұнай газын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.
Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
2. 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына тек қана:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сұйытылған мұнай газын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері ие болады.
Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
4. 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
5. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды; 2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 27-1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-1-бап. Сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізу
1. Қазақстан Республикасы ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган өзі айқындайтын тәртіппен өнім беру жоспарын қалыптастырады және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақтың екінші абзацы 2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2. Өнім беру жоспарында мыналар көрсетіледі:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілердің атауы және олар мәлімдеген сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері;
2) сұйытылған мұнай газын әрбір өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекіткен бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігіне (бірліктеріне) беруге міндетті болатын сұйытылған мұнай газының көлемдері;
3) 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемдерін бөлуді бекітеді, оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды және уәкілетті орган мен сұйытылған мұнай газын өндірушілерге жібереді.
4. Өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері өнім беру жоспарын және сұйытылған мұнай газының бөлінген көлемдерін бөлуді орындауға міндетті.
5. Осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізілген:
1) газ толтыру станцияларының иелері - топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің және автогаз құю станцияларының иелеріне кейіннен көтерме саудада өткізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өнеркәсіптік тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізу және (немесе) өздеріне меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде тиесілі топтық резервуарлық қондырғылар, газ толтыру пункттері және автогаз құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;
2) қоғамдық маңызы бар нарықтардың субъектілері болып табылатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелері - өздерінің технологиялық циклдарына сәйкес осындай топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;
3) газ толтыру пункттерінің иелері - тұрмыстық баллондарда кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;
4) автогаз құю станцияларының иелері - көлік құралдарына құю арқылы тұтынушыларға осындай автогаз құю станциялары арқылы кейіннен бөлшек саудада өткізу үшін қажетті көлемдерде;
5) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру кезінде шикізат ретінде пайдалану үшін қажетті көлемдерде ие болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған тұлғаларға беру мақсаттары үшін пропан-пропилен және (немесе) бутан-бутилен фракциялары да сұйытылған мұнай газы деп танылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған тұлғалардың тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
6. Осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған, сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсаттары үшін өнім беру жоспары шеңберінде сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағы шегінде ғана өткізуге міндетті.
7. Сұйытылған мұнай газының көлемдерін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың алушылары арасында бөлу кезінде сұйытылған мұнай газын:
1) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы;
2) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері берген бірегей кодтары бар тұрмыстық баллондарда;
3) автогаз құю станциялары арқылы кейіннен бөлшек саудада өткізу мақсаттары үшін беруге арналған өтінімдердің орындалуына басымдық беріледі.
8. Егер сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы сұйытылған мұнай газы фракцияларының бір бөлігін ғана тұтынса, онда сұйытылған мұнай газының қалған фракциялары осындай өнеркәсіптік тұтынушының өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту және оның сұйытылған мұнай газы фракцияларын алуы үшін қажетті мерзімдер ескеріле отырып, осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға өнім беру жоспары шеңберінде бөлінуге жатады.
9. Осы баптың ережелері:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде, Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген;
2) тиісті инвестициялық келісімшартта көрсетілген шикі газды қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаның өзін-өзі ақтау кезеңі ішінде, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жобаны іске асыру кезінде газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қолданылмайды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу
1. Мыналар сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асырады:
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын сақтау ыдыстарына құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру станцияларының иелері;
2) сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру пункттерінің иелері;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізген жағдайда, топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;
Бұл ретте қыс мезгілінде топтық резервуарлық қондырғылардың ыдыстарында шөгетін сұйытылған мұнай газының фракциялары (бутандар) уәкілетті орган айқындайтын тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібіне сәйкес сұйытылған мұнай газын өзге де тұтынушыларға өткізілуі мүмкін;
4) автомобиль көлігі құралдарына сұйытылған мұнай газын құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, автогаз құю станцияларының иелері;
5) сұйытылған мұнай газы өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізілген жағдайда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері.
2. Топтық резервуарлық қондырғылардың иелері олардың сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесіне қосуды, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесінің объектілерін жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ қосудың технологиялық сызбасын өзгертуді топтық резервуарлық қондырғылардың иелері осы тұлғалар есебінен жүзеге асырады.
4. Сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу тұтынушы мен топтық резервуарлық қондырғылардың иесі арасындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарты негізінде жүзеге асырылады.
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.
Бұл ретте сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарға құюға газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінде ғана жол беріледі.
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінің иелері:
1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;
2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан зерттеп-қарауға;
2023.29.06. № 13-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)