ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет
басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-баптың 1) тармақшасы 2025 ж. 2 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
1) 25-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «өндіру жөніндегі операцияларды» деген сөздерден кейін «немесе техногендік минералдық түзілімдерді орналастыру объектілерінде пайдалы қатты қазбаларды ашық тәсілмен өндіру жөніндегі операцияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 28-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «елу» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 29-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Берілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында берілген күні орналастырылады.»;
4) 32-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта ресімделген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қайта ресімделген күні орналастырылады.»;
8-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Түзетілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында түзетілген күні орналастырылады.»;
5) 64-бапта:
2) тармақшадағы «ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздер «жоспарлау» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «қамтамасыз ету» деген сөздер «ұйымдастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «жер қойнауының мемлекеттік мониторингін», «жүзеге асыру» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жер қойнауы мониторингін жүргізуді», «ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «жүргізу» деген сөз «жүргізуді ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақша «нормаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оларды есептеу әдістемесін» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 68-бапта:
2-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Хабарлама электрондық құжат нысанында электрондық мекенжай бойынша не жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы жіберілуге тиіс.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «белгісіз және (немесе) белгілі бір» деген сөздер «белгіленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Хабарлаулар құзыретті орган айқындаған тәртіппен осы Кодексте көзделген ақпараттық жүйелер пайдаланыла отырып та жүзеге асырылуы мүмкін.»;
екінші бөлікте:
«47-бабының 3-тармағында, 50-бабының 1 және 4-тармақтарында,» деген сөздер алып тасталсын;
1-баптың 6) тармақшасының он екінші - он алтыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«, 163-бабының 1 және 4-тармақтарында, 164-бабының 3-тармағында, 181-бабының 2, 4 және 5-тармақтарында» деген сөздер алып тасталсын;
«жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздер «отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«, 169-бабының 1-тармағында, 170-бабының 2-тармағында, 171-бабының 5-тармағында, 173-бабының 2-тармағында және 181-бабының 5-тармағында» деген сөздер алып тасталсын;
«жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздер «отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 10-тарау мынадай мазмұндағы 68-1-баппен толықтырылсын:
«68-1-бап. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы
1. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мемлекеттік қызметтер көрсетуді және мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар арасындағы, оның ішінде басқа да ақпараттандыру объектілерімен интеграциялау арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мыналарды да қамтиды:
1) осы Кодекстің 7-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты, осы Кодекстің талаптарына сәйкес мемлекет ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар;
2) мыналар:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер қойнауы учаскелерінің аумақтары;
жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аумақтары;
жер қойнауын пайдалану салдарын жою жүргізілетін аумақтар;
блоктар орналасқан аумақтар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің, орман қоры жерлерінің аумақтары;
қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерлер;
елді мекендердің аумақтары;
су қоры жерлерінің аумақтары, су қорғау аймақтары;
ауызсумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының кен орындары мен учаскелерінің контурлары;
жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру үшін маңызы бар басқа да аумақтар туралы географиялық координаттар мен мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурстар.
3. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу тәртібін, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
4. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәселелерді қарауға қатысатын уәкілетті мемлекеттік органдар шектеу аймақтары туралы кеңістіктік (географиялық) деректерді қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасындағы ақпаратты уақтылы жаңартып отыруға міндетті.
5. Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы мемлекеттік меншікте болады.
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы жекешелендіруге жатпайды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылмайтын ұйымдарға иеленуге немесе пайдалануға берілмеуге тиіс.»;
8) 69-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына, оны осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
9) 70-бапта:
2-тармақ 11) тармақшасындағы «мүмкіндіктері ескеріле отырып әзірленеді.» деген сөздер «мүмкіндіктері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) осы Кодекстің талаптары ескеріле отырып әзірленеді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасында:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу процесінде олардың шегінде өңірлік геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды іздеу және (немесе) бағалау жүргізілетін және жүргізілуі жоспарланған аумақтардың;
2) осы Кодекстің 189-1-бабына сәйкес берілетін аумақтарды қоспағанда, осы Кодексте көзделген жағдайларда олардың шегінде жер қойнауы учаскелері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін аукциондар негізінде берілуге тиіс аумақтардың;
3) олардың шегінде жер қойнауы учаскелері көмірсутектер мен уран саласындағы ұлттық компанияларға ғана берілуге тиіс аумақтардың;
4) олардың шегінде жер қойнауы учаскелері кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін берілетін аумақтардың географиялық координаттары;
5) жер қойнауын басқарудың мемлекеттік саясатын және осы Кодекстің ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де мәліметтер айқындалуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын қалыптастыру осы Кодекстің 68-1-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтарында көзделген аумақтардың географиялық координаттары мен мәліметтері ескеріле отырып, құзыретті орган айқындайтын тәртіппен қамтамасыз етіледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Құзыретті орган бекіткен, оның ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекіткен мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілген және (немесе) өзгерістер енгізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында және жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қазақ және орыс тілдерінде ашық қолжетімділікте орналастырылуға тиіс.»;
7-тармақ алып тасталсын;
10) 71-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«71-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу
1. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін ғылыми, ақпараттық және талдамалық негізді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасы, жер қойнауының жай-күйі, олардың геологиялық құрылымы және оларда болып жатқан процестер туралы мәліметтерді жаңартып отыруға бағытталған.
2. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу мыналарды қамтиды:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) мемлекеттік жер қойнауы мониторингі;
3) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;
4) мемлекеттік жер қойнауы мониторингі, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар нәтижесінде алынатын геологиялық ақпаратты жинау, жүйелеу, жинақтап қорыту және талдау;
5) мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі немесе пайдалануындағы геологиялық ақпаратты сақтау, талдау және беру жөніндегі инфрақұрылымды құру, пайдалану және дамыту.
3. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеуді геология саласындағы ұлттық оператор аккредиттелген ғылыми ұйымдарды тарта отырып, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік жер қойнауы қоры жай-күйінің зерттелуін бақылауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өзі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу жөніндегі қызметті қаржыландыру мұнай секторы ұйымдарын қоспағанда, есепті қаржы жылында Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген қол қою бонустары сомаларынан түскен қаражаттың кемінде елу пайызын қоса алғанда, республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген қаражатты пайдалануды және бөлуді геология саласындағы ұлттық оператор жүзеге асырады.»;
11) 72-баптың 6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу жөніндегі ақпаратты беруді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен айқындайды.
7. Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасының жай-күйін есепке алу мақсатында жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
12) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«74-бап. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу
1. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жер қыртысын және онда болып жатқан процестерді зерттеу мақсатында жүргізілетін, жер қойнауының геологиялық құрылымы, құрамы, жай-күйі мен ресурстары туралы мәліметтерді алуға, жаңартуға және жүйелеуге, пайдалы қазбалардың қалыптасу және орналасу заңдылықтарын анықтауға, сондай-ақ ел аумағының минералдық-шикізаттық әлеуетін айқындауға бағытталған іргелі, қолданбалы, тақырыптық, далалық және зертханалық зерттеулер жиынтығын білдіреді.
2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйелеу, жинақтап қорыту және талдау ескеріліп жүзеге асырылады.
3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мемлекеттік жоспарлау құжаттары шеңберінде жүргізіледі.
4. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу:
1) жұмыстар жүргізілетін аумақ шегінде жер қойнауы туралы геологиялық ақпаратты жаңартып отыру;
2) геологиялық карталар жасау;
3) пайдалы қазбалардың болжалды (болжамды) ресурстарын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
5. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізуді геология саласындағы ұлттық оператор жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операциялар жүргізілетін аумақтарда пайдалы қазбалардың болжалды (болжамды) ресурстарын анықтау тұрғысынан жоспарлау мен жүргізуге тыйым салынады.
Жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіппен геология саласындағы ұлттық оператор жүзеге асырады.
6. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу осы Кодекске сәйкес пайдалануға берілген жер қойнауы учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша жүргізіледі. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын субъектілердің қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.
7. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу жоспарланатын аумақ жұмыстардың мақсаттары, міндеттері, сипаты мен мерзімдері көрсетіле отырып, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында айқындалуға жатады.
8. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жүргізу нәтижелері жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аяқталған соң орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күннен бастап екі ай ішінде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында ашық қолжетімділікте орналастырылуға тиіс.
9. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын геологиялық барлау жұмыстары кезеңділігінің қағидаларына сәйкес жүргізіледі.»;
13) 75-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу мен сақтауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жүйелеуді, жинақтап қорытуды және беруді геология саласындағы ұлттық оператор жүзеге асырады.
1-баптың 13) тармақшасының төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді геология саласындағы ұлттық оператор жүзеге асырады.
Мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, жинақтап қорыту және беру тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Геологиялық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету және оны электрондық нысанда беру жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Геология саласындағы ұлттық оператор кейіннен мүдделі тұлғаларға осы Кодексте белгіленген тәртіппен беру үшін мемлекеттің меншігіндегі, иелігіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты жинауды жүзеге асырады.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның жекешелендіруге жатпайтын ведомстволық бағынысты ұйымы геология саласындағы ұлттық оператор болып табылады.»;
14) 76-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «көшірмелерін геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға» деген сөздер «электрондық көшірмелерін геология саласындағы ұлттық операторға» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 77-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Берілген жер қойнауын пайдалану құқықтары туралы ақпаратқа ашық қолжетімділік жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қамтамасыз етіледі.»;
16) 79-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекске сәйкес ұсынылатын пайдалы қатты қазбалар ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есептерде және өзге де есептілікте немесе құжаттамада жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мәліметтерді жасыру немесе көрінеу анық емес (жалған) мәліметтер ұсыну осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген жауаптылыққа және өзге де құқықтық салдарға алып келеді.»;
17) 95-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «құзыретті органның интернет-ресурсында» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 100-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «құндылық бойынша» деген сөздер «құндылық бойынша жетпіс пайыздан асатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 101-баптың 2-тармағындағы «қазақ және орыс тілдерінде құзыретті органның интернет-ресурсында» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 126-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;»;
21) 127-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;»;
1-баптың 22) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
22) 144-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«144-бап. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі - көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның:»;
1) тармақшадағы «жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды)» деген сөздер «жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «жинау, өңдеу, сақтау және пайдалану арқылы шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты сақтауға, талдауға және өңдеуге;
4) жер қойнауын пайдалану, энергия ресурстарын есепке алу (шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу) саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге және функцияларды орындауға;
5) шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) барлау, өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардан не олардың уәкілетті өкілдерінен есептер қабылдауға және (немесе) олармен өзге де ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға арналған ақпараттық жүйесі.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасымен интеграциялануға жатады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган:
1) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін, оның ішінде шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу жөніндегі ақпаратты жинауды, беруді, өңдеуді, сақтауды, пайдалануды және таратуды;
2) шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) барлау, өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың есептерді ұсыну нысандары мен тәртібін;
3) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету, функцияларды орындау және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) барлау, өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын тұлғалармен не олардың уәкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жер қойнауын пайдаланушылар, шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) өндіру және олардың айналымы саласындағы операцияларды жүзеге асыратын субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері есептерді отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынады.»;
4-тармақтағы «шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі» деген сөздер «отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-баптың 23) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
23) 145-бап алып тасталсын;
24) 162-баптың 3-тармағындағы «елу» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
25) 165-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленеді әрі жасалады және сенімгерлік басқарушыға:»;
26) 177-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері;»;
27) 186-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия бойынша барлау аумағы, егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасының кез келген аумағындағы блокты қамтуы мүмкін.»;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Кодекстің талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру салдарын жою жүргізілуге тиіс немесе жүргізіліп жатқан аумақ шегінде толық орналасқан блокқа қатысты;»;
28) 187-баптың 10-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Берілген өтініш туралы мәліметтер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында өтініш берілген күні орналастырылады және олар мыналарды:»;
29) 188-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «7) және 8)» деген сөздер «7), 8) және 8-1)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жіберілген хабарлама туралы мәліметтер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында өтініш берушіге жіберілген күні орналастырылады.»;
төртінші бөліктегі «құзыретті органның интернет-ресурсында» деген сөздер «жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) мынадай мазмұндағы 189-1-баппен толықтырылсын:
«189-1-бап. Қайта босаған блокқа пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру
1. Егер сол бір блокты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштер жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта босаған блок туралы мәліметтер орналастырылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде берілсе, пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қайта босаған сол бір блокты қамтитын пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді қарау осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріліп жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда өтініштерді қарау басымдығы аукцион қорытындылары бойынша айқындалады.
2. Аукцион пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қайта босаған сол бір блокқа берілген өтініштерді қарау мерзімі аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Өтініштерді қараудың көрсетілген мерзімі осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім аяқталған күннен бастап есептеледі.
Аукцион құзыретті орган айқындайтын тәртіппен өткізіледі.
3. Құзыретті органға пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз етуді ұсынудан басқа, аукцион қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлеу пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беру шарты болып табылады.
Белгіленген мерзімде аукцион қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлемеу және (немесе) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын тиісінше қамтамасыз етуді ұсынбау құзыретті органның пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруден бас тартуына алып келеді.