2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға;
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;
6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандырушы:
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде бұрынғы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретін ескере отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактісін, экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын растайтын құжаттарды сұратуға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сақтанушы мен сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері және салдары туралы толық және анық ақпарат алуға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына бағалау жүргізуге;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың ауқымын бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда экологиялық залал келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;
8) осы Заңның 22-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін.
2. Сақтандырушы:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сақтанушыны міндетті экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және міндеттермен таныстыруға;
2) табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге;
3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) туралы хабардар етілген кезде оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға) жөніндегі мәліметті дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ұсынуға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша нысандағы өтініші бойынша авария салдарынан болған экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалауды жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін пайда алушыға ұсынуға;
6) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтанушының (пайда алушының) экологиялық залалды жоюы мақсатында сақтандырушы өтеуге тиісті төлемнің мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл жөнінде хабарлауға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;
8) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
9) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда осындай шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде сақтанушыға бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламаны жіберуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Пайда алушының құқықтары
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Пайда алушы:
1) сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға ұсынуға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын анықтау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) сақтандырушы (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисаптарымен танысуға;
5) осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге құқылы.
7) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері
Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімі бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру сомасының мөлшері:
1) жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 65000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.
3) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Заңның 14-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері
1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері міндетті экологиялық сақтандыру шартымен белгіленеді.
2. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.
17-бап. Сақтандыру жағдайы
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушының авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап басталды деп есептеледі.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескеріп, экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын негізге ала отырып айқындайды.
18-бап. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушы немесе пайда алушы сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қояды.
Сақтандырушының талап етуі бойынша өтініш беруші сақтандырушы қол жеткізе алатын мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.
2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бекітілген ремедиациялау бағдарламасының көшірмесі;
3) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сақтандыру жағдайы басталған кезде экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстарды растайтын құжаттар - олар болған кезде;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жекелеген жағдайларда - сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына жауапты деп таныған сот шешімі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.
Екінші бөлік 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Экологиялық залалды жоюға, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнынан аспауға тиіс.
5. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған (орындайтын) және қызметтерді көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.
7. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттар қабылдауын талап етуге құқылы емес.
20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі
1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Заңның 19-бабында көзделген құжаттарды өзі алған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізеді.
2. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.
Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімнің дереу орындалуын ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.
3. 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Залал келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы
1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) мынадай жағдайларда:
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған;
2) сақтанушы сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
3) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартқан, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылған сақтандыру төлемі шегінде қарсы талап қою құқығы бар.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтанушының экологиялық залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады, залалды жою құнын міндетті экологиялық сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушы төлейді.
22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі
1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.
2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі тұлғадан шығыстардың тиісті өтемін алуы;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;
3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбауы;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтанушының кедергі келтіруі;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға кері талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.
3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы талапты мәлімдеген тұлғаға бас тарту себептерінің уәжді негіздемесімен және сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгіну құқығы туралы хабарламамен сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жазбаша нысанда жіберуге міндетті.
5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:
1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;