3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне өз қолын қойып растайды;
4) қажет болған кезде тексерулер ұйымдастырады;
5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді;
6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды;
7) Кеңес аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
8) Кеңес аппаратының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) Сот жюриінің, Кадр резерві жөніндегі комиссияның, Біліктілік комиссиясының, Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
9) Кеңес Төрағасымен келісу бойынша аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
10) Кеңес аппаратында атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды;
11) Кеңестің мемлекеттік сатып алу саласына басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде төлем шотына қол қояды;
12) Кеңес қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады және оған жауап береді;
13) 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес аппаратының жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
15) Кеңес аппаратының жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мен сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) Кеңес аппараты қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының штат кестесін келіседі;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16-2) Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекітеді;
17) бюджеттік өтінімді дайындауды, бюджеттік өтінімді Кеңес Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
18) Кеңестің органын қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді;
20) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
21) Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған шараларды қолданады, Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындайды.
2. Кеңес хатшысы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері хатшының өкімімен Кеңес аппараты жұмыскерлерінің біріне жүктеледі.
3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ
8-бап. Кеңес отырыстары
1. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан кезде Кеңес отырысы шешімдер қабылдауға құқықты.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кеңес отырыстары ашық және жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырыстарына қатысуға құқылы. Қажет болған жағдайларда, Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы, оларды өткізу туралы шешімдер Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
Кеңестің жабық отырыстары, заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяларды лауазымнан босату туралы, судьялардың, сот алқалары төрағаларының және соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс қорытындыларын шығару туралы мәселелерді қараған кезде, оның ішінде кандидатураларды талқылаған және олар бойынша шешімдер қабылдаған кезде өткізілмейді.
3. Кеңес отырысына қатысып отырған жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырысының барысына кедергі келтірмей, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізуге құқылы.
Егер өзіне қатысты материалдар Кеңес отырысында қаралуға жататын отырысқа қатысушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізілмейді.
4. Кеңес материалдарды келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау қорытындылары туралы өтініш берушіні міндетті түрде хабардар етеді.
9-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
1. Кеңес отырыстарын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның ішінде шешімдер қабылдау және дауыс беруді өткізу тәртібі Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын Кеңес регламентінде айқындалады.
2. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті лауазымдарға орналасуға үміткер немесе атқаратын лауазымдарынан босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның болмауы, егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болып табылмайды.
3. Кеңес мүшелерінің отырыстарға қатысуы міндетті, олардың өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
10-бап. Кеңес шешімдері
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
1. Кеңестің соттардың кадр мәселелері, судьялардың тәртіптік жауаптылығы және олардың жұмыс сапасын бағалау жөніндегі шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралып жатқан адамның, сондай-ақ шақырылған өзге де адамдардың қатысуынсыз, оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусымен қабылданады.
Кеңестің өзге, оның ішінде рәсімдік мәселелер жөніндегі шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
2. 2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
3. Кеңес қорытынды, хаттамалық шешім және (немесе) ұсынымдар нысанында шешімдер қабылдайды. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ. Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда, ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, бұл Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
4. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
5. Кеңес өз шешімдерімен барлық адамдардың еркін танысуы үшін жағдайлар жасайды, олар Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады.
4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК
ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы
1. Судьялыққа кандидаттардың білім деңгейін және оны практикада қолдану қабілетін айқындау үшін олардан біліктілік емтиханын қабылдауды Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
2. 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Комиссияны қалыптастыру тәртібі, сондай-ақ оның отырыстарын өткізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
3. 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Комиссия құрамына ұсынылған адамдардың заңтану саласындағы кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі және мінсіз беделі болуға тиіс.
5. Комиссияның төрағасы мен мүшелері жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе жекжаттарына қатысты мәселелер қаралған кезде отырысқа қатысуға құқылы емес.
6. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты жүзеге асырады.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары
Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары ашық және жария түрде өткізіледі. Егер отырыстарға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, олар оның құқықтық күші бар деп есептеледі.
Комиссияның отырыстарына байқаушылар шақырылуы мүмкін.
13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртібі мен шарттары
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
1. Комиссияда құжаттарды қабылдау, біліктілік емтихандарын тапсыру, олардың нәтижелеріне шағым жасау тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
2. 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген теріс себептермен судья лауазымынан босатылған адамдарды қоспағанда, бұрын кемінде бес жыл тұрақты судья болып жұмыс істеген және қызметтен босатылған күннен бастап төрт жыл ішінде судья лауазымына қайтадан орналасуға ниет білдірген адамдар біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар оқуды бітірген күннен бастап төрт жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді.
6. Біліктілік емтиханын тапсыру нәтижесі емтихан тапсырылған күннен бастап төрт жыл бойы жарамды болады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Психологиялық тестілеуді тапсырмаған адамдар оны қайта тапсыруға кемінде алты айдан кейін жіберіледі.
Біліктілік емтиханының басқа кезеңдерін тапсырмаған адамдар оларды қайта тапсыруға кемінде үш айдан кейін жіберіледі.
8. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдар туралы ақпарат, сондай-ақ біліктілік емтиханының үлгілік сұрақтары Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Судьялыққа кандидаттардан емтихан алу кезеңдерінің бірін қабылдау жүзеге асырылатын электрондық жүйе ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуді, ақпаратты жинаудың, өңдеудің, жинақтаудың, сақтаудың, іздеудің және берудің бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс істеуінің бұзылуын, көрсетілген құралдардың істен шығуын болғызбайтын тиісті қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Электрондық жүйенің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында тәуелсіз бағалау, оның ішінде шетелдік мамандар тартыла отырып жүргізілуі мүмкін.
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Кандидаттар Комиссия мүшелерімен әңгімелесуге арнаулы тексеруден өткеннен кейін жіберіледі.
Арнаулы тексерудің нәтижелері туралы құжат берілген күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
10. Біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды:
психологиялық тестілеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін компьютерлік тестілеу;
жазбаша эссе;
сот практикасынан жағдайларды модельдейтін есептерді шешу (кейстегі есептерді шешу) негізінде үміткердің меңгерген білімін практикада қолдану қабілетін тексеру;
біліктілік емтиханы кезеңдерінің бірімен қатар болуы мүмкін Комиссия мүшелерімен әңгімелесу.
Біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі Кеңес шешімімен белгіленеді.
Судья лауазымына біліктілік емтиханы сұрақтарының санын, мазмұнын, әзірлеу тәртібін және тізбесін Кеңес айқындайды.
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Заңгерлік кәсібі бойынша кемінде он бес жыл жұмыс өтілі бар және құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын, осы Заңның 16-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген конкурс тәртібімен облыстық сот судьясы лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды:
психологиялық тестілеу;
сот практикасынан алынған жағдайларды модельдейтін міндеттерді шешу (кейстік міндеттерді шешу) негізінде үміткердің өзінде бар білімін практикада қолдана білу қабілетін тексеру.
Осы тармақта көрсетілген біліктілік емтиханын тапсыру нәтижелері осы Заңның 16-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген конкурсқа қатысу үшін жарамды.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту
Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту туралы шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды және бұған судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайларда жол беріледі.
Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Комиссия төрағасы өтініш берілген немесе осы Заңның 13-бабының 9-1-тармағында көрсетілген арнаулы тексеру нәтижелері алынған күннен бастап бір ай ішінде азаматқа уәжді жауап беруге міндетті.
15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
1. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар психологиялық тестілеу нәтижелері ескеріле отырып, Кеңестің шешімі бойынша қосымша ақпарат алу және хабарланған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберілуі мүмкін.
2. Зерттеу өткізудің негізгі міндеті:
1) құқыққа қарсы ниеттерді;
2) мінез-құлықтың жасырын бұзылуын, жағымсыз тәуелділіктерді, есірткі, психотроптық заттар және психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын өзге де психикаға белсенді әсер ететін заттар тұтынуды;
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сауалнамалық деректер, кірістері, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтер жасыруды немесе бұрмалауды, қос азаматтығының болуын, қолдан жасалған құжаттар пайдалануды;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау, құпия немесе қызметтік ақпаратты бөгде адамдарға беру фактілерінің бұрын болуын;
5) тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен байланыс жасауды немесе егер бұрын олардың лауазымдық міндеттеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуды;
6) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалануды анықтау болып табылады.
3. Полиграфологиялық зерттеудің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
4. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
5-тарау. АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ МЕН СУДЬЯСЫ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ЖӘНЕ СУДЬЯСЫ, ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ ШЫҒАРУ
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-бап. Судья лауазымына конкурс
1-тармақтың бірінші бөлігі 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Кеңестің аудандық сот судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелері бойынша беріледі.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Кеңес бекітетін жекелеген құқық салаларында мамандар болып табылатын, облыстық сот судьясының бос лауазымына кандидаттар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін. Мұндай жеке конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі Кеңестің регламентінде айқындалады.
2. Конкурс жариялау туралы шешімді жыл сайын Кеңес бекітетін және Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылатын конкурстар өткізу графигінің негізінде Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды.
Конкурсты өткізу графигін бекіту тәртібі, сондай-ақ оған енгізілетін мәліметтер Кеңес регламентінде айқындалады.
3. График судьялардың ауысуын талдау мен болжау, жергілікті соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының өкілеттік мерзімдері, сондай-ақ бар бос орындар ескеріле отырып жасалады.
4-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4. Кеңестің аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Кеңестің регламентінде белгіленген мерзімдерде, бірақ конкурстан кемінде екі апта бұрын Кеңестің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Бұл ретте облыстық соттың сот алқасы төрағасының лауазымына орналасу үшін конкурс облыстық соттың сот алқасы төрағасы өкілеттіктерінің мерзімі өткенге дейін жариялануы мүмкін.
5-тармақтың бірінші бөлігі 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысу үшін Кеңестің конкурс туралы хабарландыруында көрсетілген мерзімдер ішінде, бірақ Кеңестің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде екі апта ішінде Кеңес аппаратына өтінішті және тізбесі Кеңес регламентінде белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.
Үміткерлердің жеке басы туралы толық және объективті ақпарат алу мақсатында Кеңес аппараты құқық қорғау органдарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік органдардан, адвокаттар алқаларынан, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардан үміткерлер туралы қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Аудандық соттың судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
1. Аудандық соттың судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының талаптарына сай келетін азаматтар, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген судьялар қатыса алады.
2. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін азаматтар қатыса алады.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 8 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара)
3. Аудандық соттың судьясы және облыстық соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және Жоғарғы Соттың судьясы лауазымдарына конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының және жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындыларын алуға тиіс.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
4. Конкурсқа қатысушылар, жалпы отырыстардың, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының өткізілетін күні туралы, сондай-ақ олар қабылдаған шешімдер туралы ақпарат Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылуға және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
2019.21.02. № 227-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енгізілетін тәртібін қараңыз) (бұр.ред.қара)
18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі
1. Бос лауазымдарға кандидаттарды конкурстық іріктеуді Кеңес өз қызметіне араласуды болғызбайтын шарттарда, ашық және жариялы түрде жүзеге асырады.
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарға конкурстық іріктеу өткізу тәртібі Кеңестің регламентімен айқындалады.
2021.20.12. № 83-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жоғары білім деңгейі, биік моральдық-адамгершілік қасиеттер мен мінсіз бедел судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары болып табылады.
Облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос лауазымына орналасуға арналған конкурс өткізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға қосымша ұйымдастырушылық қабілетте ескеріледі.
Шалғай жерде орналасқан соттарда немесе штат саны үш бірліктен аспайтын соттарда кемінде бес жыл жұмыс істеген судьялар аудандық соттарда тең дәрежелі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу кезінде өзге жағдайлары тең болса, басымдыққа ие болады.
Судьяның бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу Кеңес айқындайтын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және осы Заңда көзделген талаптарға негізделген, судья лауазымдарының санаттары бойынша сараланған цифрлық және бағалау өлшемшарттарының, оның ішінде соттағы, прокуратурадағы, адвокатурадағы жұмысты ескеретін өлшемшарттардың жүйесі пайдаланыла отырып та өткізіледі.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Судья лауазымына кандидаттарды зерделеуді, сондай-ақ іріктелген кандидаттарды Кеңес отырысына шығаруды Кеңес жанындағы Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияны қалыптастыру, сондай-ақ отырыстарын өткізу тәртібі Кеңес регламентінде айқындалады.
Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусын жинаған кандидат бос лауазымға орналасуға арналған конкурстың жеңімпазы деп танылады.
Конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялау, сондай-ақ оларды өткізу қорытындысы бойынша түсіндірмелерді жариялау Кеңес регламентінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс істеп жүрген судья болып табылмайтын және конкурста жеңіске жеткен кандидат қосымша түрде міндетті арнайы тексеруден өтуге тиіс.
Арнайы тексеруден өтуді Кеңес аппараты ұйымдастырады.
Мемлекеттік қызметте үзіліссіз өтілі бар және бұрын арнайы тексеруден өткен кандидаттар кадр қызметі куәландырған тиісті анықтаманы ұсына алады.
Арнайы тексерудің нәтижелері туралы құжат берілген күнінен бастап бір жыл бойы жарамды болады.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)