5-бап. Учаскелік комиссиялар
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдарға және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.
Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды дайындайды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін жергілікті өкілді органдармен келісілген және облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) атқарушы органдар бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені орталық атқарушы орган бекітеді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Учаскелік комиссиялар халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері негізінде қорытынды дайындайды және оны халықты жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
5. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылатын құжаттардың және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда алынған табыстардың барлық түрлері отбасының жиынтық табысына енгізіледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы.
Жиынтық табысты есептеу тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.
7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептейді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық жерлерде - кент, ауы, ауылдық округ әкімін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі.
Алушы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған кезде көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ ол тағайындалған күннен ерте есептелмейді, ал өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмекті ол тағайындалған кезеңге төлеу тоқтатылады.
Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттаманың нысандарын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.
8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шегінде жүзеге асырылады.
9-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының