3) тәркiленген, табылып заңсыз айналымнан шығарылып тасталған есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың медициналық, ғылыми немесе өзге де құндылығы болмаған және қайта өңделмейтiн жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктердi өсiруге және жинауға лицензиясы жоқ кез келген заңды тұлға, осы өсiмдiктер өсетiн жер учаскелерiнiң иелерi немесе пайдаланушылары болып табылатын азаматтар оларды жоюға мiндеттi.
4. Осы баптың 3-тармағының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
2006.02.03 № 130-III Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинау
1. Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсімдіктерді өсіру мен жинауға және оларды өнеркәсіптік, медициналық, оқу және ғылыми мақсаттар үшін пайдалануға қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мемлекеттік квотадан аспайтын көлемде рұқсат беріледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында есiрткiлiк дәрiлiк заттар дайындау мақсатында апиын көкнәрiн, кокаин бұтасы мен каннабис (сора) өсiруге және жинауға осы Заңның 18-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда тыйым салынады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар басқа да өсiмдiктердi өсiру мен жинауға тыйым салу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
4. Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өсiмдiктердi өсiру мен жинауға лицензия берудiң және оларды тек қана өнеркәсіптік, оқу, ғылыми және медициналық мақсаттарда пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
23-бап. Прекурсорлар айналымының тәртібі
1. Тiзiмге енгiзiлген прекурсорларды әзiрлеу, өндiру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сату, бөлу, сатып алу, пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткелi осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданатын прекурсорлар, сондай-ақ есiрткi және психотроптық заттарды өндiру үшiн пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтар туралы нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.
2. Заңды тұлғаларға өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарынан артық мөлшердегi прекурсорларды сақтауға тыйым салынады.
3. Бөлшек сауда жасайтын заңды тұлғаларға прекурсорларды көтерме сатуға тыйым салынады.
4. Тiзiмге енгiзiлген заттардың бiрi заңсыз түрде есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды дайындау мақсатында пайдалануға арналғандығына дәлелдер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны одан әрi пайдалану туралы сот шешiм қабылдағанға дейiн оған дереу тыйым салынады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласындағы насихатқа тыйым салу және жарнаманы шектеу
1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттауға, яғни заңды және жеке тұлғалардың есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен олардың прекурсорларын әзiрлеу, дайындау және пайдалану әдiстерi мен тәсiлдерi туралы, оларды сатып алатын орындар туралы мәлiметтердi таратуға бағытталған қызметiне, сондай-ақ кiтап өнiмдерiн, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн шығару мен таратуға, компьютер желiлерiнде аталған мәлiметтердi таратуға немесе осы мақсатта басқа да әрекеттер жасауға тыйым салынады.
2. Тiзiмге (II, III кестелер) енгiзiлген есiрткi мен психотроптық заттарды, сол тектестерді жарнамалау медицина және фармацевтика қызметкерлерiне арналған арнайы баспасөз басылымдарында ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Есiрткi немесе психотроптық заттары сол тектестері бар дәрi-дәрмек препараттары үлгiлерiн жарнамалау мақсатында таратуға тыйым салынады.
3. Осы бапта белгiленген нормаларды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа соқтырады.
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілді
25-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрестi өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы күрестi үйлестiрудi есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-бап өзгертілді
26-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен табысты заңдастыру үшін жауаптылық және пайдалану
Табысты заңдастыру: есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымынан алынған ақшалай қаражаттың немесе өзге мүлiктiң не мүлiкке құқықтың көздерi мен шығу тегiн, тұрған, орналасқан, қозғалыстағы жерiн немесе шын мәнiнде кiмдiкi екенiн жасыру немесе бұрмалау, сондай-ақ осындай ақшалай қаражатты немесе өзге мүлiктi кәсiпкерлiк немесе өзге экономикалық қызметпен шұғылдану үшiн пайдалану; есiрткi психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымынан түскен ақша қаражатын меншiк нысандарына қарамастан, банкiлерде, кәсiпорындарда және басқа құрылымдарда орналастыру немесе осындай қаражатқа өндiру және басқа да қажеттер үшiн жабдықтар сатып алу, немесе мұндай қаражат пен мүлiктi, есiрткiнiң, психотроптық заттардың, сол тектестердiң немесе прекурсорлардың заңсыз айналымын жалғастыру мақсатымен пайдалану заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына апарып соғады.
27-бап. Көлiк құралдарын, жүктердi және азаматтардың жеке заттарын тексеру
1. Көлiк құралын, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушылардың жеке заттарын тексерудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың (мемлекеттік органдардың бөлiмшелерiнiң) осыған уәкiлеттi лауазымды адамдары жүзеге асырады.
2. Есiрткi, психотроптық заттарға, сол тектестерге немесе прекурсорларға жатады деген күдiк тудыратын заттар табылған кезде және одан әрi тексеру қажет болса, сондай-ақ жүргiзушiде немесе жолаушыларда есiрткiге мас болу белгiлерi байқалса, көлiк пен аталған адамдар қажеттi мән-жайларды анықтау үшiн құқық қорғау органдарына жеткiзiлуi мүмкiн.
3. Көлiктi, ондағы жүктi, жүргiзушi мен жолаушыларды негiзсiз тексерген, сондай-ақ аталған адамдар мен көлiктi құқық қорғау органдарына негiзсiз алып барған жағдайда, мұндай адамдар өзiне келтiрiлген материалдық және моральдық залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық өтеттiрiп алуға құқылы.
28-бап. Бақыланатын жеткізу
1. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру құқығы берiлген уәкiлеттi органдары есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң, прекурсорлардың заңсыз айналымының көздерi мен жолдарын, сондай-ақ оған қатысушы адамдарды анықтау мақсатында, әрбiр жекелеген жағдайда шет мемлекеттерiнiң тиiстi органдарымен уағдаластық бойынша немесе халықаралық шарттар негiзiнде бақыланатын жеткізу әдiсiн пайдалануы, яғни осы органдардың бақылауымен есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды мемлекет аумағына әкелуге немесе шетелге әкетуге, бiр мемлекет арқылы өткізуге жол беруi мүмкiн.
2. Бақыланатын жеткізу мемлекет аумағы шегiнде жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз тасымалдауға және жөнелтуге қатысты да пайдаланылуы мүмкiн.
3. Бақыланатын жеткізу iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен және халықаралық шарттармен белгiленедi.
2006.02.03 № 130-III Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Бақылау мақсатында сатып алу
1. Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық әрекетке дәлелдер алу үшін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган қызметкерлерінің өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды бақылау мақсатында сатып алуды жүргізуге құқығы бар.
2. Бақылау мақсатында сатып алуды жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 30-бап өзгертілді және толықтырылды; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Заңды тұлғаны тарату
1. Азаматтар жаппай болатын жерлерде қызмет көрсететiн ұйымдарда есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілері туралы мәлiметтер анықталған жағдайда мұндай ұйым соттың шешiмi бойынша тартылуға тиiс, ал кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
2. Есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған кiрiстердi заңдастыру (iзiн жасыру) мақсатында заңды тұлғаның қаржы операциясын жүзеге асыру фактiсi анықталған жағдайда аталған заңды тұлға сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн, ал оның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимылды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік органдар, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа заңды тұлғаны тарату туралы талап-арыз қоюға құқылы.
31-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi, прекурсорларды тәркiлеу
1. Заңсыз айналымдағы есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар, оларды заңсыз әзiрлеуге пайдаланылатын заттар, аспаптар мен жабдықтар, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлардың заңсыз айналымына пайдаланылатын мүлiк пен ақша қаражатын не олардың заңсыз айналымы нәтижесiнде алынған табыс тәркiленуге және заңда белгiленген тәртiппен мемлекет кiрiсiне алынуға тиiс.
2. Заңсыз айналымда пайдаланылған, тәркiлеуге жататын, заңды айналымда әрi қарай қолдану соттың шешiмi бойынша жөнсiз деп танылған есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар, сондай-ақ оларды әзiрлеуге арналған заттар, аспаптар мен жабдықтар заңда белгiленген тәртiппен жойылуға тиiс.
3-тарау. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын
адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi тұтынатын адамдарды анықтау
1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына ұйымдардан немесе жекелеген азаматтардан есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынады не есiрткiге масаң күйде деген ақпарат түскен адам медициналық куәландырылуға жатады.
2. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну фактiсi куәлардың айғақтары негiзiнде, сондай-ақ есiрткiге масаю белгiлерi және медициналық куәландыру нәтижелерi, сондай-ақ зерттеп-қаралатын адам организмiнде есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердiң бар-жоғына тестілеулер болған кезде анықталады.
3. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге масаю фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (зерттеп-қарау) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң ғана құзыретi болып табылады, ал «нашақорлық» диагнозын дәрiгерлiк-консультациялық комиссия белгілейді.
4. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке қою тәртiбi денсаулық сақтау, iшкi iстер мәселелерiн реттейтiн уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 33-баптың жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi теріс пайдаланатын адамдарды медициналық куәландыру және медициналық зерттеп-қарау
1. Медициналық куәландыру - құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң жолдамасы бойынша, ал медициналық тексеру нарколог-дәрiгердiң жолдамасы бойынша жүргiзiледi. Медициналық куәландырудан немесе медициналық тексеруден жалтаратын адам наркологиялық мекемеге әкелiнуге тиiс.
2. Медициналық куәландыру мен медициналық тексеру жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
34-бап. Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу
Ерiктi түрде емделуден жалтаратын нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамды нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауру деп тану тәртібі және оны мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiне емдеуге жiберудiң негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтатудың негiзi мен тәртібі, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
35-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық көмек көрсету принциптерi
1. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратындарға медициналық-санитариялық көмек наркологиялық кеселдердiң алдын алуды, азаматтарды тексеруден өткізудi, ауытқуларға диагноз қоюды, наркологиялық кеселдерден зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға мемлекет медициналық-санитариялық көмек көрсетуге кепiлдiк бередi және ол заңдылық, адамгершiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Адам наркологиялық мекемеге медициналық көмек сұрап, ерiктi түрде өтiнiш бiлдiрген кезде нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамға медициналық-санитариялық көмек көрсетiледi. Кәмелетке толмаған, сондай-ақ заңдар белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамға наркологиялық көмек олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен көрсетiледi.
4. Өз еркiмен емделуден жалтаратын нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау жүйесiнiң мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнде мәжбүрлеп емделуге тиiс.
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен көрсетiледi.
6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде ауру адамға - жұмысқа жарамсыздық қағазы, ал емделу аяқталғаннан кейiн оның өтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетiлген анықтама берiледi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Емдеу курсынан өту үшiн наркологиялық мекемеге өз еркiмен келген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiмет осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартылған жағдайда, тек iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға ғана берiлуi мүмкiн.
8. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға көмек көрсететiн жеке адамдардың (наркологтардың, адвокаттардың және т.б.) қызметтерiне ақы азаматтардың өз қаражаты немесе қайырымдылық есебiнен төленедi.
36-бап. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге құқығы бар заңды және жеке тұлғалар
1. Қазақстан Республикасында нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың ғана құқығы бар.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөніндегі қызметке лицензия беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық ұйымдар немесе нарколог-дәрiгерлер көрсететiн медициналық-санитариялық көмектiң түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.
37-бап. Наркологиялық көмектi қаржыландыру
Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 31.05.02 ж. № 327-II Заңына сәйкес 38-бап жаңа редакцияда; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Есірткі, психотроптық заттар мен пркурсорлар айналымы саласындағы бұзылушылықтар үшін жауаптылық
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы бұзушылықтар үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінде Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi және Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады (1, 2-қосымшалар).
«Есірткі, психотроптық заттар,
сол тектестер мен прекурсорлар және олардың
заңсыз айналымы мен теріс
пайдаланылуына қарсы іс-қимыл
шаралары туралы» 1998 жылғы
10 шілдедегі № 279-І Қазақстан
Республикасының Заңына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиісті Есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың
тізімі
Осы Тізім Қазақстан Республикасы 1998 жылы қосылған 1961 жылғы Есірткі заттар туралы Бірыңғай Конвенция Тізімдерінің, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияның және 1988 жылғы Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенцияның негізінде жасалды.
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімі төрт кестеден және тізімнен тұрады. І, II және III кестелердегі заттардың атаулары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған халықаралық тіркелмеген атауларға, 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвенцияда, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияда көрсетілген атаулар мен сипаттамаларға, сондай-ақ басқа да тіркелмеген атауларға сәйкес келеді. Төменде олардың сипаттамасы немесе химиялық атауы келтіріледі.
І-кестеге медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі және психотроптық заттар енгізілген (1961 жылғы Конвенцияның IV тізімі мен І тізімінің бір бөлігі және 1971 жылғы Конвенцияның І тізімі).
II кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы (1961 жылғы Конвенцияның І тізімнің бөлігі, II тізімі және 1971 жылғы Конвенцияның II тізімі) есірткі және психотроптық заттар енгізілген.
III кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есірткі және психотроптық заттар енгізілген (1961 жылғы Конвенцияның III тізімі мен 1971 жылы Конвенцияның III және IV тізімдері).
IV кестеге бақылаудағы прекурсорлар (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз дайындау кезінде жиі пайдаланылатын химиялық заттар мен өсімдіктер) енгізілген (1988 жылғы Конвенцияның І және II кестелері).
Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етілген дәрі-дәрмек құралдарының тізіміне тиісті лицензия болған кезде диагностикалық, емдік және профилактикалық құралдар ретінде пайдаланылуы мүмкін дәрі-дәрмек препараттары енгізілген.
Есірткі немесе психотроптық заттарға олардың препараттары да жатады, олардың атаулары (синонимдері) Тізімге енгізілмеген.
І КЕСТЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЕСІРТКІ
ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
2006.02.03. № 130-III ҚР Заңымен ; 2011.31.05. № 440-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-кесте өзгертілді
А. ЕСІРТКІ ЗАТТАР
1. АЛЛИЛПРОДИН
2. АЛЬФАМЕПРОДИН
3. АЛЬФАМЕТАДОЛ
4. АЛЬФА-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
5. АЛЬФА-МЕТИЛТИОФЕНТАНИЛ
6. АЛЬФАПРОДИН
7. АНИЛЭРИДИН
8. АЦЕТИЛ-АЛЬФА-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
9. АЦЕТИЛДЕНДІРІЛГЕН АПИЫН
апиынды ацетилдендіру жолымен алынатын, құрамында есірткілік белсенді алкалоидтар, оның ішінде морфин, кодеин, тебаин бар өнім және оларды ацетилдендіру өнімдері - әртүрлі арақатынастардағы ацетилкодеин, моноацетилморфин, диацетилморфин;
10. АЦЕТОРФИН
11. БЕНЗЕТИДИН
12. БЕЗИТРАМИД
13. БЕТА-ГИДРОКСИ-3-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
14. БЕТА-ГИДРОКСИ ФЕНТАНИЛ
15. БЕТАМЕПРОДИН
16. БЕТАМЕТАДОЛ
17. БЕТАПРОДИН
18. БЕТАЦЕТИЛМЕТАДОЛ
19. ГАШИШ, АНАША
Каннабис өсімдігі тозаңының арнайы дайындалған қоспасы немесе қоспаға ұнтақ іспетті ме, таблетка ма, түйіршікте, нығыздалған плитка ма, паста ма және басқадай ма қандай нысан берілгеніне қарамастан әртүрлі толықтырушылары бар каннабис өсімдігінің басым өңдеу (ұнтақтау, жаншу және т.б.) жолымен дайындалған қоспа;
20. ГЕРОИН
21. 2006.02.03. № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды
22. ГИДРОКСИПЕТИДИН
23. ДЕЗОМОРФИН
24. ДИАМПРОМИД
25. ДИФЕНОКСИН
26. ДИЭТИЛТИАМБУТЕН
27. ДИМЕНОКСАДОЛ
28. ДИМЕПГЕПТАНОЛ
29. ДИМЕТИЛТИАМБУТЕН
30. ДИОКСАФЕТИЛ БУТИРАТ
31. ДИПИПАНОН
32. ДРОТЕБАНОЛ
33. ИЗОМЕТАДОН
34. МАРИХУАНА (КАННАБИС) (CANNABIS) - Саnnabis тектес өсімдіктің уақталған немесе уақталмаған жоғары бөліктері - кептірілген немесе кептірілмеген түрдегі жапырақтары мен гүлшоғырлары;
35. КЕТОБЕМИДОН
36. КЛОНИТАЗЕН
37. КОДОКСИМ
38. КОКАИН
кокаин гидрохлоридінен басқа бензоилэекгониннің метил эфирі,
39. КОКА ЖАПЫРАҒЫ
«Кока жапырағы» барлық эгонин, кокаин және кез келген басқа да экгонин алколоидтары алынған жапырақтарды қоспағанда кокаин бұтағын білдіреді.
40. КӨКНӘР САБАҒЫ (POPPY STRAW)
Тұқымдары мен тамырларын қоспағанда, құрамында есірткілік белсенді алкалоидтар (морфин, кодеин, тебаин) бар кез келген тәсілмен жиналған ұйықтататын көкнәр түріндегі өсімдіктердің кез келген түрі мен сортындағы өсімдіктің барлық бөлігі;
41. МЕТАДОННЫҢ АРАЛЫҚ ӨНІМІ
42. 3-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
42. 3-МЕТИЛТИОФЕНТАНИЛ
44. 0-3-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН
(3-Моnоасеtуlмоrрhinе, 3-0-Асеtуlмоrрhinе) - ацетилдендірілген апиынды құрайтын негізгінің бірі ретінде жиі кездесетін морфинді толық ацетилдендірмеу өнімі;
45. 0-6-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН
(6-Моnоасеtуlмоrрhinе, 6-0-Асеtуlмоrрhinе) - ацетилдендірілген апиынды құрайтын негізгінің бірі ретінде жиі кездесетін морфинді толық ацетилдендірмеу өнімі;
46. МОРАМИДА, АРАЛЫҚ ӨНІМ
47. МОРФИН МЕТОБРОМИД
Морфиннің басқа да метилаттары
48. МОРФИН-№-ОКСИД
49. МППП
50. НОРАЦИМЕТАДОЛ
51. НОРКОДЕИН
52. НОРМЕТАДОН
53. НОРМОРФИН
Диметилморфин
54. НОРПИПАНОН
55. АПИЫН (ҰЙЫҚТАТАТЫН КӨКНӘР)
Papaver somniferum L түрінің өсімдігі
56. ПАРА-ФЛУОРОФЕНТАНИЛ
57. ПЕПАП
58. ПЕТИДИН
59. ПЕТИДИННІҢ А, В, С АРАЛЫҚ ӨНІМІ
60. ПИМИНОДИН
61. ПРОГЕПТАЗИН
62. ПРОПЕРИДИН
63. КАННАБИС (СОРА) ӨСІМДІГІ - құрамында тетрагидроканнабинол бар (егер олар өсімдіктің өзімен немесе өсімдіктің басқа бөліктерімен бірге болмаса, тұқымы мен тамырын қоспағанда) Саnnabis тектес кез келген өсімдік;
64. КАННАБИС ШАЙЫРЫ
Каннабис шайыры - каннабис өсімдігінен бөлініп алынған тазартылған немесе тазартылмаған шайыры білдіреді.
65. ТИОФЕНТАНИЛ
66. ФЕНАДОКСОН
67. ФЕНАМПРОМИД
68. ФЕНОМОРФАН
69. ФЕНОПЕРИДИН
этил эфирі 1-(3-гидрокси-3-фенилпропил)-4-фенилпиперидин 4-4-карбон қышқылы
70. ЭКГОНИН
Экгонин мен оның күрделі эфирлері және экгонин мен кокаинге айналуы мүмкін болатын оның туындылары
71. КАННАБИС СЫҒЫНДЫСЫ (ГАШИШ МАЙЫ)
Каннабис, каннабисті сығу жолымен алынған органикалық еріткішпен немесе өсімдік майымен және т.б. араластырылған каннабистің қоспасы