Егер тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмауы себебінен белгіленген күні мен уақытында тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі тендерлік комиссия отырысы болмай қалған жағдайда, тендерлік комиссияның хатшысы тендерге ұсынылған тендерлік өтінімдер салынған конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді және хабарланған мерзімнен 24 сағаттан кешіктірмей конверттерді ашуды өткізудің күні мен уақыты туралы хабарлайды. Бұл ретте жаңадан ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
Егер хатшы хабарлаған уақытта тендерлік комиссия мүшелерінің қажетті саны болмаған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы тендерлік комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыру бойынша, ауыстыру себебін көрсете отырып, өзгеріс енгізеді.
28. Тендерлік комиссия отырысының хаттамасына тендерлік комиссияның қатысқан барлық мүшелері, төраға, оның орынбасары және хатшысы қол қояды.
29. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, бұл бюджеттік бағдарлама әкімшісінің интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс және онда мыналар болуы тиіс:
1) тендерлік құжаттаманның құрамы, осы Ереженің 3, 4-тарауларының талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуы тиіс құжаттардың тізбесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сипаттамасы, техникалық өзіндік ерешеліктерді қоса алғанда, олардың қажетті техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саны (көлемі), әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома;
4) жеткізуде талап етілетін мерзімдер мен шарттар, орны;
5) төлем шарты және сатып алу туралы шарттың жобасы;
6) бағада тасымалдауға және сақтандыруға шығыстарды, кедендік баждарын, салықтарды, алымдарды және тауарлардың құнынан басқа өзге де төлемдерге шығыстар сияқты элементтердің қамтылуына қатысты нұсқауларды қоса алғанда, тендерлік өтінімнің бағасын есептеу тәсілдері мен әдістемесі;
7) тендерлік өтінімнің бағасы көрсетілуі тиіс валюта немесе валюталар, тендерлік өтінімдер бағаларын оларды салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын курс;
8) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тендерлік өтінімді, сатып алу туралы шарттарды құру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;
9) тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар;
10) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәртібі, нысаны, мерзімдері;
11) тендерлік өтінімді ұсынудың аяқталу мерзіміне дейін тендерлік өтінімді өзгертуге немесе қайтарып алуға өнім берушінің мүмкіндігін көрсету;
12) тендерлік өтінімді ұсынудың орны мен соңғы мерзімі және олардың қолданылу мерзімі;
13) тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер түсініктеме сұрай алатын тәсілдер, сондай-ақ аталған кезеңде тендерді ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен ашық нысанда өтетін және хаттамаланатын кездесу өткізуге ниеті туралы хабарлама;
14) тендерлік өтінімдерімен коверттерді ашу орны, күні және уақыты;
15) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу және тендерлік өтінімдерді қарау кезінде пайдаланылатын рәсімдер;
16) әлеуетті өнім берушілер - отандық тауар өндірушілерге басымдық беру туралы шарт;
17) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарты, нысаны, көлемі мен тәсілі.
30. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерді ұйымдастырушы бір текті тауарларды оларды жеткізу орны бойынша лоттарға бөле алады.
Бір текті тауарлардың бірнеше түрлерін сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерді ұйымдастырушы тауарлардың бір текті түрлері бойынша және (немесе) оларды жеткізу орны бойынша оларды лоттарға бөле алады.
31. Әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыдан тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей тендерлік құжаттамаға түсініктеме сұрауға құқылы. Тендерді ұйымдастырушы өтінімді алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұраным жасаған авторды көрсетпей тендерлік құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге тиісті түсініктеме жіберуі тиіс.
32. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұранымына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және олар туралы тендерлік, құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдердегі осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімін кемінде бес жұмыс күніне ұзартады.
33. Тендерді ұйымдастырушы тендер шарттарын түсіндіру үшін тендерлік құжаттамада көрсетілген белгіленген орында және белгіленген уақытта әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуге құқылы.
Көрсетілген кездесуді өткізу кезінде мазмұнында кездесу барысында тендер шарттарын түсіндіру бойынша берілген сұрақтар мен жауаптар бар хаттама жасалады, бұл кездесу қорытындысы бойынша тендерлік құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу жіберіледі.
34. Фармацевтикалық қызметтерді сатып алу үшін тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы әзірлейді және бекітеді, онда мынадай ақпаратты көрсетеді:
1) тегін босатылатын, халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемдері;
2) өтеу коэффициенті көрсетіле отырып, жеңілдік шарттармен босатылатын, халықаралық патенттелмеген атауларымен дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі мен көлемдері;
3) фармацевтикалық қызметтерді ұсыну қажет елді мекендер пункттерінің тізбесі;
4) осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген қызметтердің өнім берушілеріне қойылатын талаптар;
5) мамандардың біліктілігін, мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсете отырып, олардың саны туралы мәліметтер;
6) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін жүргізу үшін компьютерлік техника және телекоммуникацияның байланыс құралдарының болуы туралы мәлімет;
7) осы Ереженің 4-тарауында көрсетілген, босатылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қойылатын талаптар;
8) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған қызметтердің өнім берушілерімен шарттың үлгі нысаны;
9) конверттерді ашу орны, күні мен мерзімі.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 35-тармақ жаңа редакцияда
35. Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор денсаулық саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде қалыптастырған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберіледі.
Жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған медициналық техниканың өнім берушілерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері тізіліміне енгізуді тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
2. Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну, өзгерту және қайтарып алу
36. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тендерді ұйымдастырушыға ұсынады.
37. Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған тендерлік өтінімдер ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
38. Тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі қырық бес күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.
Қолданылу мерзімі тендер шартында көрсетілген мерзімнен қысқа тендерлік өтінім қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.06.06. № 582 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 39-тармақ өзгертілді
39. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінім. Осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі электрондық нұсқада міндетті түрде беріледі;
2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың көшірмелері және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны;
тиісті мемлекеттік орган (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) берген, заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы нотариаттық куәландырылған көшірмесі ұсынылады;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
егер әлеуетті өнім беруші басым құқықты пайдалануды көздеген жағдайда, оларға дәрілік заттарды сатып алуға және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге ұзақ мерзімді шарт жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) және/немесе дәрілік заттарды, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына объектінің сәйкестігі туралы сертификаттың нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады.
заңды тұлға үшін Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген үш айдан асқан салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының салық органының басшысы не орынбасары қол қойған және аталған салық органының мөрімен бекітілген түпнұсқасы. Көрсетілген анықтама электрондық түрде берілген кезде уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады;
әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк фидиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды.
біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, мамандардың болуы және саны туралы мәлімет,;
егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органынан осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және салық есебіне тұрмайтыны туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі;
3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес жеткізілетін дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, қосалқы қызметтердің құнын қоса алғанда, түпкі бағасын құрайтын, әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары қамтылуға тиіс әлеуетті өнім беруші ұсынатын баға кестесі;
4) ұсынылатын тауардың нақты техникалық сипаттамасы - қағаз жеткізгіште, медициналық техниканы ұсыну кезінде - электрондық жеткізгіште (doc* форматында) көрсетілген техникалық ерекшеліктер;
5) ұсынылатын қосалқы қызметтер;
6) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттардың түпнұсқасы;
7) ұсынылатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, фармацевтикалық қызметтердің осы Ережеде көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
7-1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген «суыту тізбегі» болуы қажет болған жағдайда дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың бар-жоғын тексеру актісі (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс);
8) тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсыну үшін қажетті басқа да құжаттар.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 767 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.08.07. № 515 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 40-тармақ өзгертілді
40. Фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді жеткізетін өнім берушіні, сондай-ақ осы Ереженің 39-тармағында көзделген құжаттарды қоспағанда, дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізетін өнім берушінің тендерлік өтінімдері мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1) дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілермен не өндірушінің ресми өкілдерімен (дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемдері мен тізбесі көрсетілген) шарттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
1-1) сатып алуға ұсынылатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірушісінің не өндірушісінің ресми өкілінің мәртебесін растайтын, бірыңғай дистрибьютор өткізетін сатып алу тәсілі көрсетілген, саудалық атаулары бойынша тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күніне дейін ағымдағы жылы берілген құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі (сондай-ақ қажет болған жағдайда нотариат куәландырған аудармасы);
1-2) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алудан басқа, тіркеу куәлігіне сәйкес өндіруші немесе өндіруші зауыт растаған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу кестесі;
2) ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 40-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.04.07. № 767 Қаулысымен 40-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-1. Медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісінің тендерлік өтінімінде осы Ереженің 39-тармағында көзделген құжаттардан басқа, сатып алуға ұсынылатын медициналық техниканың әлеуетті өнім берушісі өндірушісінің мәртебесін растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері (қажет болған жағдайда нотариалды расталған аудармасы да) қамтылуы тиіс. Тендерге ресми дистрибьютор не өндірушінің ресми өкілі қатысқан жағдайда, әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімінде оның сатып алуға ұсынылатын медициналық техниканы сату құқығын растайтын шарттың немесе өзге де құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері (сондай-ақ қажет болған жағдайда нотариат растаған аудармасын) қамтылуы тиіс.
41. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді ұсынудың мерзімі аяқталғанға дейін өзінің тендерлік өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте ол өзінің тендерлік өтінімінің кепілдік қамтамасыз етілуін қайтарып алуға құқылы.
Әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімді қайтарып алу туралы хабарламасы тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірілмей, сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша түрде жіберілуі тиіс.
42. Тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 43-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43. Тендерлік өтінімді әлеуетті өнім беруші беттері нөмірленген тігілген түрде ұсынады және соңғы беті мөрімен куәландырылады.
Тендерлік өтінімнің техникалық өзіндік ерекшелігі (тігілген түрде, беттері нөмірленген, соңғы беті заңды тұлғаның немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болуы тиіс), кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және осы Ереженің 46-тармағына сәйкес ресімделген тендерлік өтініммен бір конвертке салынып, жабылады.
44. Тендерлік өтінім басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы тиіс.
45. Тендерлік өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
46. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді конвертке желімдейді. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Конверт Тендерлік құжаттамада көрсетілген мекен-жай бойынша тендерді ұйымдастырушыға жіберілуі және мынадай жазулар болуы тиіс: «____________________ сатып алу жөніндегі тендер (тендердің атауы көрсетіледі)» және «________________ дейін ашпаңыз» (тендерлік құжаттамада көрсетілген конверттерді ашу күні және уақыты көрсетіледі)».
3. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз өту
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді берген кезде сатып алынатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммуно биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу үшін бөлінген сомадан үш пайыз мөлшерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, тендерді өткізу туралы хабарландыруда көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша бір мезгілде кепілді міндеттеме енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.09. № 964 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 48-тармақ өзгертілді
48.Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;
2) сатып алуды ұйымдастырушыға осы Ережеге 6 немесе 6-1-қосымшаларға сәйкес осы Ереженің 88-4-тармағына сәйкес бірыңғай дистрибьютерге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға банктік кепілдік.
Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші ақшалай кепілдік түрінде тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына енгізеді.
49. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2016.27.01. № 33 Қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
50. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бес жұмыс күні ішінде туындаған мынадай жағдайларда:
1) тендер жеңімпазын қоспағанда, тендерлік өтінімнің мерзімі асқан;
2) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған;
3) тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп қабылдамаған;
4) басқа өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылған кезде;
5) тендер жеңімпазы анықталмастан, сатып алу рәсімдері тоқтатылған;
6) сатып алу туралы шарттың немесе қаржылық лизинг шартының күшіне енуі және тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендер жеңімпазының енгізу сәтінен бастап кері қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2016.27.01. № 33 Қаулысымен 51-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
51. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тендерлік өтінімді ұсынған және оны қамтамасыз ету, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі асқаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендер жеңімпазы болып анықталған, бірақ сатып алу немесе қаржылық лизинг шартын уақтылы жасаспаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды.
52. Тендерлік өтінімді ұсынған кезде бір мезгілде шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілер сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының, фармацевтикалық қызметтер құнының бір жарым пайызы мөлшерінде тендерлік құжаттамада көзделген тәсілімен және шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған нысанда тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
4. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
53. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия тендерлік құжаттамада көрсетілген уақытта, мерзімде және орында ашады.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы.
54. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде тендерлік комиссияның хатшысы қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекен-жайын, олардың ұсынған бағаларын, жеткізу және төлеу шарттарын, егер құжатта көрсетілген болса өтінімдерін кері қайтару және өзгерістер, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы туралы ақпаратты хабарлайды және аталған ақпаратты тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді.
5. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
55. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде:
1) тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушілерден олардың тендерлік өтінімдеріне байланысты тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін түсіндірулерді сұратуға құқылы;