2) аудиторлық қызмет және бағалау қызметі саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 722-1-баппен толықтырылды
722-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші бөлігінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігі) - баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларының мемлекеттік аудиторлары құқылы.
723-бап. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Кодекстің 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші бөлігінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші (төлем ұйымдарына қатысты) бөліктерінде), 227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде), 239 (үшінші және төртінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты) бөліктерінде), 243, 244, 252, 253, 464, 497 (жинау өз құзыретіне кіретін алғашқы статистикалық деректер бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 724-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
724-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсанға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 208, 211 (екінші, үшінші, 3-1, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 220 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде (банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстанның Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде (қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысы, оның орынбасарлары және уәкілетті жұмыскерлері құқылы.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасауға құқығы бар жұмыскерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық қауіпсіздік органдары осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға департамент бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнаулы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелерінің, теңіз әскери бөлімшелерінің командирлерi, жекелеген шекара комендатураларының коменданттары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) шекара комендатураларының коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) шекаралық бақылау шекаралық заставаларының (бекеттерінің), бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) шекаралық бақылау бөлімдері (бөлімшелері) ауысымдарының (топтарының) бастықтары - жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
727-бап. Әскери полиция органдары
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда; 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 434-2, 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші, 3-1, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті, осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері - әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.
728-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар осы Кодекстің 281 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде), 282 (бiрiншi, екінші, бесінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде), 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 728-1-баппен толықтырылды
728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар осы Кодекстің 464-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 729-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
729-бап. Жергілікті атқарушы органдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75, 156, 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 199, 202, 204, 204-2, 204-3, 204-4 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 338, 353 (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және кен іздеушілік жөніндегі операциялар бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405, 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 464, 488-1, 491-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 204-2, 204-3, 204-4 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
730-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 84, 409 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 7-2, 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7 және 7-9-бөліктерінде), 464-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
731-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 187, 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 731-1-баппен толықтырылды
731-1-бап. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 509-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 731-2-баппен толықтырылды
731-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган
1. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) - бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
732-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 464-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 732-1-баппен толықтырылды
732-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган
1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 409-бабында (он екінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқаратын адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
733-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық диллерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде), 268, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам құқылы.
734-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган
1. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында (бiрiншi, үшiншi, алтыншы және сегiзiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.
735-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында (төртінші және бесінші бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.