1. Осы баптың екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерін ұшуды орындауға жіберу тәртібін не ұшуға дайындау және оны орындау қағидаларын бұзу, егер бұл әрекеттер абайсызда жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, -
жеке тұлғаларға әуе кемесін басқару (әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету) құқығынан алты ай мерзімге айыра отырып, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның рұқсатынсыз ұшуды орындауды бастауға тыйым салынған ақаулар болған кезде не жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормаларын немесе әуе кемесінің ұшу массасы немесе орталықтануы бойынша шектеулерді бұза отырып әуе кемесінде ұшу -
әуе кемесінің командиріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе әуе кемесін басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Әуе кемесін басқаруға құқығы жоқ адамның оны басқаруы -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұрмаған не көрінеу жалған мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар әуе кемесін басқару -
әуе кемесінің командиріне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе әуе кемесін басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ әуе кемесін басқару не өзімен бірге әуе кемесінің осы түрін басқару құқығына құжаттары жоқ ұшу экипажы мүшесінің әуе кемесін басқаруы -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген не мемлекеттік және тіркеу тану белгілері жоқ, не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұрмаған не көрінеу жалған мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кеме және ұшу құжаттамасы жоқ не ұшу немесе кабина экипажы жасақталмаған не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым беретін рұқсатсыз оны пайдалануға тыйым салынған ақаулары бар, не жолаушылар сыйымдылығы (жүк сыйымдылығы) нормалары немесе әуе кемесінің ұшу массасы немесе орталықтануы бойынша шектеулер бұзылған әуе кемесін ұшуға жіберу, сол сияқты әуе кемесіне қызмет көрсетуге осыған құқығы жоқ немесе масаң күйдегі адамды жіберу не оның әуе кемесіне қызмет көрсетуі -
жеке және лауазымды адамдарға - қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Бортында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іздеу және авариялық-құтқару құралдары жоқ әуе кемелерінің ұшуды орындауы -
жеке және лауазымды адамдарға - қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Авиация персоналы куәлігін бүлдіру немесе жоғалту -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 570-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
570-бап. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау не тиісінше орындамау -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Әуежай, әуеайлақ аумағының периметрі қоршауларын күтіп-ұстау жөнінде шаралар қолданбау, егер бұл іс-әрекет авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға әкеп соқпаса, -
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
571-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды
4. Темiржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды
6. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi -
жол берілетін салмақтық параметрлер бір тоннадан бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға - сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға - бір жүз сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды
8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асыра отырып не арнайы рұқсатта көрсетілген маршруттан немесе мерзімдерден ауытқып жүрiп өтуi -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды; 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 9-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Автокөлік құралын тиеу процесінде жүк жөнелтушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, жол берілетін салмақтық параметрлерді бір тоннадан астам және (немесе) көлемдік параметрлерден асыруы -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 571-1-баппен толықтырылды
571-1-бап. Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін, CMR), жол парағын ұсынбауы, сол сияқты оларды толтырмауы -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
572-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы
1. Мыналарды:
1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;
4) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қаларалық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ақауы жоқ осындай құрылғыларын ажыратып не толтырылмаған диаграммалық дискiлермен немесе бұрын пайдаланылған диаграммалық дискiлердi қолдана отырып не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты жүгiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) автокөлiк құралын пайдалану -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
573-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдiктердiң немесе шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне - екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат ету карточкаларында көрсетiлмеген автокөлiк құралына отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсатты пайдалануы -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдiк рұқсаттар бланкiлерiн басқа отандық тасымалдаушыға беруi -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде жүргiзушiнiң келiсiлген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк тасымалдаушының Қазақстан Республикасында автомобильмен тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесiн халықаралық қатынаста қолдану қағидаларына сәйкес ресiмделмеген отандық рұқсатты пайдалануы -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды
6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көліктік бақылау уәкілетті органы берген, орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқу -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Тартқышты немесе жүк автокөлігін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген басқа тартқышқа немесе жүк автокөлігіне ауыстыруды (қайта тіркеуді) жүзеге асыру -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне - екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
574-бап. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 575-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
575-бап. Шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнген автокөлiк құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктердi шет мемлекеттiң аумағында тiркелген автокөлiк құралдарымен тасымалдау -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
576-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
577-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшiн жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдау -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
578-бап. Теңіз көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. Теңіз көлігінде кемелердің маневр жасауы мен қозғалуының белгіленген тәртібін бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе тоқтата тұру, кемелерді сүйрету тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиісті рұқсаттарсыз жүргізу немесе осы жұмыстар кезінде сигналдар беру қағидаларын сақтамау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
579-бап. Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру
Теңіз көлігіндегі сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдіру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
580-бап. Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
Теңіз және өзен көлігі кемелерінде, сондай-ақ шағын көлемді кемелерде құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
581-бап. Кеменi жүзуге шығару қағидаларын бұзу немесе тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жай-күйі қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген қағидаларын, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын көлемді кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдығын басқаруға жiберу -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе ақаулары болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын көлемді кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын көлемді кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
582-бап. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамның басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өтпеген, немесе борт нөмiрлерi мен белгiлеулерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып кеменi (оның iшiнде шағын көлемді кеменi) басқару -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқаруы, сол сияқты кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi өзімен бірге осы кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығын растайтын құжаты жоқ адамның басқаруы немесе мұндай кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi басқару құқығы жоқ адамға басқаруға беру -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған тiркеу борт нөмiрлерiмен және белгiлеулерiмен басқару -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Шағын көлемді кемеде немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралында жеке құтқару құралдарын кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар шағын көлемді кемені басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 583-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
583-бап. Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқа) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және гидротехникалық құрылысжайлар мен жабдықты бүлдіру -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң және өзге де жүзетін объектілердің белгiленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгiлердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кеменi әдейi тоқтату немесе тоқтата тұру, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгiлерiн бүлдiруi, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы -
екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргiзушiлерiнiң шағын көлемді кемелерді пайдаланудың өзге де қағидаларын бұзуы -
бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
584-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу
1. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Навигациялық жабдықтың, байланыс пен сигнал берудiң жүзетін және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа да гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық жабдықты күтiп-ұстау, пайдалану қағидаларын және оның белгiленген жұмыс режимiн бұзу, навигациялық белгiлер мен сигналдарды айырып-тануға кедергi келтiретiн белгiлерді, құрылыстарды, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздерді тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) орнату -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау -
бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 585-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
585-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және жинап қою қағидаларын бұзу
1. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеудің, түсiрудің және жинап қоюдың техникалық шарттарын, кемеде жүктердi бекiтудiң техникалық шарттарын бұзу, жүктi тиеу (түсiру) актiсiн ресiмдемеу -