340-1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдар қызметі, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бағалау қызметі салаларында тексеру парақтарын әзірлеу;
341) аудиторлық ұйымдардың «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу мiндеттiлiгiне қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауына мемлекеттiк бақылау жүзеге асыру және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдану;
341-1) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау;
341-2) «аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді кәсіби ұйымдарға жіберу және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
341-3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілікке және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелерге жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тарту;
342) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында және кәсiби ұйымдар мен сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
343) аудиторлық қызметті лицензиялау;
344) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және кәсiби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзу;
345) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарына, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға ескерту жасау;
346) аудиторлар тізілімін, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тізілімін, аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
347) бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпарат сұрату;
348) біліктілік комиссиясының құрамына өкілдерін жіберу;
349) бағалаушылар палатасын «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы талап қоюды сотқа беру;
350) бағалаушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдарының тізілімін жүргізу;
350-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлеу және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен келісу;
350-2) құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен оларды қадағалауды жүзеге асыру;
350-3) тауарларды таңбалау мен оларды қадағалау қағидаларын әзірлеу;
350-4) таңбалау мен қадағалануды енгізудің орындылығына талдау жасай отырып, жекелеген тауар топтарын таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесіне қосу туралы ұсыныстар енгізу;
350-5) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсер етуге талдау жүргізу;
350-6) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізу;
350-7) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асыру;
350-8) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептеу;
351) бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын, кәсiби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі куәлiгінен айыру туралы шешiм қабылдау;
352) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында бухгалтерлердің кәсiби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тiзбесiн, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілуі, одан айыру, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялануын қамтамасыз ету;
353) аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі бiлiктiлiк комиссияларының құрамына қатысу;
354) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
355) бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін және олардың орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен өзара байланысын, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша тиімділігін, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық бюджет жарияланымдарының сапасы мен мазмұнын бағалау, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеудің жаңа практикасын (халық қатысатын бюджет) пайдалануды бағалау, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептік деректерін қайта тексеру;
356) уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімін жүргізу;
356-1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар түлғалардың тізімін интернет-ресурста орналастыру;
356-2) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға таңдаған тұлғаны уақытша басқарушы етіп тағайындау;
357) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
358) интернет-ресурста кредиторлар талаптарының тізілімін орналастыру;
359) табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде акцияларының пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар банкрот болған, олар үшін осындай тәртіп «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кезде мүліктік массаны өткiзудiң ерекше шарттары мен тәртiбiн және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
360) оңалтуды басқарушының - оңалту рәсiмiнің жүзеге асырылу барысы, уақытша басқарушының, банкроттықты басқарушының банкроттық рәсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарауы;
361) жоқ борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы өтінішпен сотқа жүгіну;
361-1) уақытша және банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысын төлеу, сондай-ақ «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда кредиторлар комитетінің шешімі бойынша өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу туралы өтінішхат беру;
362) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-1-бабында белгіленген тәртіппен банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату рәсімін жүргізу;
363) борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
364) әдейі банкроттық белгілерінің болуын көрсететін деректер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау;
365) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес мән-жайлар кезінде жасалған мәмiлелердi анықтау бойынша шаралар қолдану;
366) оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
367) банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу және ұйымдастырушыны айқындау тәртібін әзірлеу;
368) уақытша әкімшінің немесе уақытша басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі шегін әзірлеу;
368-1) банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысының ең төменгі және ең жоғары шектерін әзірлеу;
368-2) әкімшінің оңалту немесе банкроттық рәсімін жүзеге асыру барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты ұсыну нысандарын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
369) әкімшінің ағымдағы және сұратылған оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру нысанын, қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
370) уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидаларын, сондай-ақ өзге де әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі мен мөлшерін әзірлеу;
370-1) егер өтініш беруші салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын әзірлеу;
370-2) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның және бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған, жою мүмкін емес бұзушылықтар туралы хабарламаның нысандарын әзірлеу;
370-3) кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру нысандарын, қағидаларын және мерзімдерін әзірлеу;
370-4) кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидаларын әзірлеу;
370-5) борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін анықтаудың мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидаларын және нысанын әзірлеу;
371) оларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген борышкерлердің тізімін, сондай-ақ оларға қатысты оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізімін интернет-ресурста жариялау;
372) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысандарын әзірлеу;
373) уәкілетті органның интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын әзірлеу;
373-1) әкімшінің біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу;
373-2) әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
374) қаржы орнықтылығы сыныптарының коэффициенттерін есептеу және шекараларын айқындау қағидаларын әзірлеу;
375) оңалту жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыруды ескере отырып, уақытша әкімшінің, уақытша басқарушының және оңалтуды басқарушының - борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы, сондай-ақ банкроттықты басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеу;
375-2) оңалту жоспарының үлгілік нысанын әзірлеу;
376) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлеу;
377) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
378) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келісу;
379) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың іс-әрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;
380) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
381) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсыну;
382) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың шешімдері мен әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулау;
383) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
384) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсініктеме мен түсіндірулер беру;
385) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен электрондық тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
386) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурста:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарламаны;
банкроттық туралы іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
банкроттық рәсімін қозғай отырып, борышкерді банкрот деп тану және оны тарату туралы хабарландыруды;
оңалту туралы іс бойынша өндірістік іс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды;
кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізілімін;
банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды орналастыру;
387) оңалтуды не банкроттықты басқарушыларды әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен алып тастау туралы ақпаратты кредиторлар жиналысына жіберу;
388) оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету;
389) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жоспары мен бағдарламасын бекіту;
390) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруін жүзеге асыру;
391) тиiстi саланың уәкiлеттi органына республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келiсу;
392) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу және мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн пайдаланушыларға ақпарат ұсыну;
393) мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлiктi алып қоюды республикалық мүлiкке қатысты кемiнде үш жылда бiр рет жүзеге асыру;
394) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың республикалық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасасу туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қабылдау;
395) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлiктi есепке алуды мемлекеттiк мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;
396) «Байқоңыр» кешені объектілерінің сақталуы мен оларды пайдалану шарттарына бақылауды жүзеге асыру;
397) «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабында белгiленген мәселелер тiзбесi бойынша мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамдар (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер) акционерлерiнiң (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысушылардың) жалпы жиналыстарында қабылдауға ұсынылатын шешiмдердiң жобаларын келiсу;
398) өз құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингін жүзеге асыру және мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберу;
399) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдау;
400) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайда концессиялық жобаларды келiсу;
401) республикалық мемлекеттiк меншiкке жататын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерi бойынша жасалған концессия шарттарының тiзiлiмiн жүргiзу;
402) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және уәкілетті органмен келісу;
403) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
404) тиісті аядағы (саладағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
405) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу;
406) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асыру;
407) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды айқындау;
408) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
409) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
410) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылау жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
411) кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған республикалық мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін қайта бөлу;
412) қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 145-бабында көзделген мәселелердi келiсу;
413) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен билік ету, дебиторлық берешекті беру және есептен шығаруды келісу;
414) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
415) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;
416) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
417) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға олар объектіні жекешелендiргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін хабарлау;
417-1) жаңартылуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз негізде беру жөнінде шешім қабылдау;
417-2) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;
418) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
419) республикалық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде республикалық мүлікті, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе нарықта басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
420) сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
421) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, сондай-ақ республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болу;
422) Қазақстан Республикасы қатысатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жұмыс iстеу мониторингiн және оларды басқару тиiмдiлiгiн ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
423) акционерлiк қоғамды (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi) басқаруға қатысуға акционер (қатысушы) ретiнде мемлекет құқығын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан жүзеге асыру;
424) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша республикалық меншiктегi акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлесiнiң) мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оларды пайдалану құқықтарын тиiстi саланың уәкiлеттi органына беру;
425) Қазақстан Республикасына тиесiлi акцияларға дивидендтердiң уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесi Қазақстан Республикасына тиесiлi жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;
426) акционерлiк қоғамдардың орналастырылатын акцияларын төлеудi және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны енгiзу арқылы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ республикалық мүлiктi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жарғылық капиталындағы акцияларды, қатысу үлестерiн енгiзудi жүзеге асыру;
427) өңiрлердiң және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететiн факторларды анықтау мақсатында мемлекеттiк меншiк мониторингiнiң мәнi жөнiндегi ақпаратқа талдауды жүзеге асыру;
428) республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтардың қорғауын жүзеге асыру;
429) «Стратегиялық маңызы бар экономика салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стратегиялық маңызы бар экономика салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру;
430) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық дерекқорын жүргізу;
431) меншiктiң мемлекеттiк мониторингінің нысанасы бойынша дәйекті және объективтi талдау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
432) меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн мемлекеттiк бюджеттiк қаржы бөлу көлемiн негiздеу;
433) мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, меншiктiң мемлекеттiк мониторингi нысанасына жататын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн тарту;
434) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрату мен алуды жүзеге асыру;
435) зерттеу жүргiзу тапсырылған адамдарды және танысу үшiн ұсынылуға тиiс ақпарат тiзбесiн көрсете отырып, мониторинг объектiсiнiң басшыларын зерттеу жүргiзiлетiнi туралы хабардар ету;
436) меншiгiнде немесе басқаруында осы объектiлер бар адамдарды мониторинг объектiлерiн зерттеу нәтижелерiмен таныстыру;
437) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де өлшемдер бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалау;