110) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды әзірлеу;
111) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде қамтылған ақпаратқа тұлғалардың қол жеткізу, оны алу және пайдалану қағидаларын, сондай-ақ мұндай ақпараттың құрамын және оны беру тәртібін әзірлеу;
112) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын әзірлеу;
113) кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу қағидаларын әзірлеу;
114) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қағидаларын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқаға ауыстыру тәртібін әзірлеу;
115) уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану қағидаларын қамтамасыз етудің бір тәсілін басқасымен ауыстыру тәртібін, уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін төмендету тәртібін әзірлеу;
116) есепке алынуы мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді жасау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
117) кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің барын растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын әзірлеу;
118) кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну қағидаларын әзірлеу;
119) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу;
120) уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісін әзірлеу;
121) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы ретінде тіркелу қағидаларын әзірлеу;
122) мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасын, сондай-ақ оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
123) кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалданатын және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты тасымалдау маршрутын белгілеуге және сақтауға байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
124) кеден ісін жетілдіру мәселелері бойынша консультативтік кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту;
125) уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу;
126) уақытша сақтау қоймасы иесінің мемлекеттік кірістер органдарына бейнеақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
127) уәкілетті экономикалық оператордың құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөлiктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде) уақытша сақтаудағы тауарлармен бірге өзге де тауарларды сақтау және оның тауарларды тасымалдаушыдан қабылдау қағидаларын әзірлеу;
128) уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидаларын, оларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимін әзірлеу;
129) еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды әзірлеу;
130) бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
131) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын әзірлеу;
132) шетелдік тауарлардың апат немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылу және (немесе) қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін не осы тауарларды қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему нәтижесінде қалпына келтірілмейтін жоғалу фактісін тану қағидаларын әзірлеу;
133) жекелеген кедендік операциялардың тізбесін, Жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындарын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайларын әзірлеу;
134) мемлекеттік кірістер органдарының қызметі аймағын айқындау қағидаларын әзірлеу;
135) есептілікті, оның ішінде сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілік мемлекеттік кірістер органының талабы бойынша ғана ұсынылатын жағдайларда ұсыну, тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізу қағидалары мен мерзімдерін, есептілікті ұсыну тәсілін, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматын, оларды толтыру тәртібін әзірлеу;
136) ҚР Үкіметінің 2019.26.11. № 877 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
137) көрсеткіші тауарларды кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын есепке алу аспаптарының тұрған орындарының тізбесін әзірлеу;
138) алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлеу;
139) кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын кодтардың сыныптауыштарын әзірлеу, кедендік сәйкестендіру нөмірін, мәміле сипаттамасын, сыртқы экономикалық мәміле ерекшеліктерін қалыптастыру;
140) бірыңғай мөлшерлемелер бойынша өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар не жиынтық кедендік төлем түрінде өндіріп алынатын кедендік баждар, салықтар есебінің құрылымын, форматы мен нысанын, сондай-ақ оны толтыру мен оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу қағидаларын әзірлеу;
141) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын, сондай-ақ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелмеген аванстық төлемдер сомасын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу қағидаларын әзірлеу;
142) төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
143) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттелмеген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуын растау қағидаларын әзірлеу;
144) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды өткізу кезінде олардың есепке алу жүйесін ұйымдастыру нұсқаулығын әзірлеу;
145) әуе немесе су көлігімен және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мен шетелдік тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кетуіне және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуіне байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын әзірлеу;
146) кедендік жете тексеруді және қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын әзірлеу;
147) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар ету күні мен уақытын тіркеу қағидаларын әзірлеу;
148) кедендік транзит кедендік рәсімнің қолданысын аяқтамай тауарларды жеткізу орнын өзгерту қағидаларын, кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін табыс етілетін құжаттардың берілуін тіркеу қағидаларын әзірлеу;
149) кедендік транзит кедендік рәсімі қолданысының аяқталуына байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру қағидаларын әзірлеу;
150) тұрақты және уақытша рұқсатнама, тұрақты және уақытша рұқсатнамаларды тіркеу журналының нысандарын әзірлеу;
151) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттермен тауарлардың сыртқы сауда кедендік статистикасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
152) арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын әзірлеу;
153) кедендік статистиканы жүргізу;
154) экспорттық бақылау саласындағы құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
154-1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтату;
154-2) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізуді жүзеге асыратын тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
154-3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазу, киноға- және фотоға түсіру;
154-4) нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлердің тізбесін әзірлеу;
154-5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
154-6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
155) ақпаратты, оның ішінде алдын ала ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, егер мұндай ақпарат көрсетілген органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды жүзеге асыру үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңдармен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды), сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының талаптарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтай отырып, ұсыну;
156) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпарат беруді бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормативтiк құқықтық актiлерiн жариялау арқылы Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады;
157) сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы ақпарат беруді тұрақты негізде қамтамасыз ету;
158) үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың әкетілуіне жол бермеуге бақылауды жүзеге асыру;
159) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректер беру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарының жүйелерін құру;
159-1) арнаулы мобильді қосымшаны пайдалану тәртібін әзірлеу;
160) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазарту жасау тәртібін әзірлеу;
161) кедендiк декларациялауды, кедендiк бақылауды жүзеге асыру және жетiлдiру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
162) кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
163) мемлекеттік кірістер органының және (немесе) мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамдарының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
164) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес кеден iсi саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасады деп күдiк келтірілген адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер немесе өзге де органдарының қызметтiк үй-жайларына жеткізу;
165) мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін әзірлеу;
166) өз құзыретi шегiнде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қорғалуын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
167) тауарлардың кедендiк құнына бақылауды жүзеге асыру;
168) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау;
169) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың дұрыс сыныпталуына бақылауды жүзеге асыру;
170) тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдер қабылдау және түсіндірмелер беру, тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдердің жариялануын қамтамасыз ету;
171) әкелінуі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен болжанатын құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау;
172) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендiк төлемдер мен салықтардан босату ұсынылатын құжаттарды қарау;
173) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың төленуіне бақылауды жүзеге асыру;
174) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль, теңіз өткізу пункттерінде және тауарлар өткізілетін өзге де орындарда көліктік бақылауды жүргізу;
175) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуіне кедендік бақылауды жүзеге асыру;
176) кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу, оның ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету шеңберінде кедендік операциялар жасау және кедендік бақылау жүргізу;
177) кедендік төлемдер мен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы баждарды және өтемақы баждарын алу, олардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін бақылау, оларды есепке жатқызу (қайтару) және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау;
178) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының, тыйым салулар мен шектеулердің, ішкі нарықты қорғау шараларының сақталуын қамтамасыз ету;
179) тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізген кезде осындай тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге жағдай жасау;
180) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
181) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;
182) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
183) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін жеңілдетуге ықпал ететін жағдайлар жасау;
184) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау;
185) кеден ісі саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысу;
186) кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;
187) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу;
188) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылауды жүзеге асыру;
189) кеден органдарының кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
190) зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу арқылы басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының және карантинді объектілердің әкелінуінен Қазақстан Республикасының аумағын қорғауды қамтамасыз ету;
191) - 193) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
194) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
195) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметінің қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы іс-қимылдардан қорғау;
196) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен және басқа да тиiстi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асыру;
197) кеден iсі саласында құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
198) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттiк қызметтерді көрсету;
199) тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
200) тұлғаларға Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдану мәселелері және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша өтеусіз негізде консультация беру;
201) кеден ісі саласында келіп түсетін сұрау салулар мен ұсыныстарды ескере отырып, өтініштердің уақтылы, объективті және жан-жақты қаралуын және жауаптардың берілуін немесе тиісті әрекеттердің жасалуын қамтамасыз ету;
202) - 207) ҚР Үкіметінің 2021.26.02. № 98 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
208) Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау;
209) өз құзыретi шегiнде салықтық мiндеттеменiң туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсiндiрудi және түсiнiктеме берудi жүзеге асыру;
210) салықтық бақылауды жүзеге асыру;
211) тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалану;
212) есепке алуды жүргiзу тәртiбiн бұзған жағдайда, жанама әдiстер (активтер, мiндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негiзiнде салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындау;
213) жоспардан тыс тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асыру;
214) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
215) бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмін, бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзу (мемлекеттiк тiзiлiмнен шығару) жолымен жүргiзу;
216) салықтық әкiмшiлендiру бизнес-процестерінің жаңғыртуын және қайта инжинирингтеуді жүзеге асыру;
217) салық берешегiн, кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар, өсімпұлдар, пайыздар, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндiрiп алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
218) кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждардың толық алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
219) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және (немесе) төлемақыларды төлеу жөнiндегi салықтық мiндеттемені орындау мерзiмдерiн өзгертуге бақылауды жүзеге асыру;
220) халықаралық шарттардың ережелерiн 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде және тиiстi халықаралық шартта белгiленген тәртiппен қолдану;
221) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
222) трансферттiк баға белгiлеуді қолдану бойынша келісім жасасуға мәміле қатысушысының өтінішін қарау;
223) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті мен міндеттеріне сәйкес өзге де талаптар қою;
224) нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген құзыреттер шегiнде салықтық және салыққа жатпайтын түсiмдердiң есепке жатқызылуын және/немесе қайтарылуын жүзеге асыру;
225) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтерді көрсету;
226) салық органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) салық төлеушiлердiң және салық агентiнiң салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағымдарын қарау;
227) салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
228) этил спиртiн, алкоголь өнiмдерiн және темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу, мұнай өнiмдерiнiң және биоотынның жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатын іске асыру;
229) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын өндiру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
230) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы, темекi бұйымдарын өндiру жөніндегі қызметті лицензиялау;
231) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
232) Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алкоголь өнiмiн сол немесе өзге түрге жатқызу;
233) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
234) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн өндiруіне және олардың айналымына бақылауды жүзеге асыру;
235) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
236) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;
237) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;
238) өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы көлемдері туралы ақпаратты салыстыру үшін ұсыну;
239) мұнай өнімдерін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;