ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттандыру жəне байланыс», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйе», «Ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйенің», «ақпараттық қауіпсіздік», «ақпараттық қауіпсіздіктің», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды», «ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйелерінің», «Электрондық ақпараттық ресурстарды», «электрондық ақпараттық ресурстар- дың», «электрондық ақпараттық ресурстарды», «ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылымның», «электрондық үкіметтің», «ақпараттық қауіпсіздігін», «Байланыс жəне ақпараттандыру», «Ақпараттандыру жəне байланыс», «электрондық үкімет» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесіне», «цифрландыру жəне байланыс», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйе», «Киберқауіпсіздікті», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйенің», «киберқауіпсіздік», «киберқауіпсіздіктің», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық инфрақұрылымды», «киберқауіпсіздікті», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйелерінің», «Цифрлық ресурстарды», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық инфрақұрылымның », «цифрлық үкіметтің », «киберқауіпсіздігін », «Цифрландыру жəне байланыс»,«Цифрландыру жəне байланыс», «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мəтін бойынша «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың», «Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға», «Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды», «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар», «Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың» деген сөздер тиісінше «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың», «Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы ресімделген нұсқаманы», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларға», «Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды», «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар», «Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша 2026 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 1-баптың 2-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы Кодекске өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізу:
1) əкімшілік жауаптылықты болғызбайтын;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тəртібімен əзірленген;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне жəне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуді көздемейтін Қазақстан Республикасының заңымен жүзеге асырылады.»;
4) 10-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «сондай-ақ» деген сөзден кейін «ескерту немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 31-бапта:
тақырып, бірінші жəне екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Əкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде анықталған немесе тіркелген кездегі əкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері
1. Əкімшілік құқық бұзушылық Əкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен интеграцияланған цифрлық объектімен деректерді өңдеу арқылы, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдар пайдаланыла отырып анықталған немесе тіркелген кезде көрсетілген деректерді өңдеу нəтижелері бойынша анықталған осындай құқық бұзушылықтарды жасаған адамдар əкімшілік жауаптылыққа тартылады.
2. Көлік құралын пайдалана отырып жасалған əкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде анықталған немесе тіркелген кезде көлік құралдарының меншік иелері (иелері) əкімшілік жауаптылыққа тартылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Көлік құралының меншік иесі (иеленушісі), егер оның хабарламасы немесе арызы бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы əрекеттері салдарынан көлік құралының оның иелігінен шығып қалуы фактісі анықталса, осы көлік құралын пайдаланып жасалған құқық бұзушылық үшін ол əкімшілік жауаптылықтан босатылады.»;
ескертпенің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы бапта Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы жəне киберқауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес келетін, метрологиялық салыстырып тексеруден өткен автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын, сондай-ақ өлшем көрсеткіштері қолданылмайтын оқиғаларды анықтайтын немесе тіркейтін автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған техникалық құралдар мен аспаптарды техникалық құралдар деп түсіну қажет.»;
2) тармақша 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
6) 62-баптың екінші бөлігінің бірінші жəне екінші абзацтарындағы «, электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын» деген сөздер «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (электрондық құжатқа жəне электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 98-бапта:
тақырып «заңнамасын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпарат енгізу тəртібін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 жəне 2-1-бөліктермен толықтырылсын:
«1-1. Жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу жəне тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу тəртібін мынадай:
1) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу;
2) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты толық көлемде енгізбеу;
3) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне анық емес жəне (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылығы -
лауазымды адамдарға - отыз, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
«2-1. Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға - алпыс, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) тармақша 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8) 215-1-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 529-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«529-бап. Көлік құралын тоқтатпау Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерілмейтін күштің əсерінен болған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін жəне (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жүретін көлік құралын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жəне (немесе) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауар ретінде өткізілетін көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында, мемлекеттік кірістер органдарының көлік құралын тоқтату жөніндегі талап ету орындарында тоқтатпау -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
10) 571-бапта:
алтыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ауыр салмақты автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерден асырып, оның ішінде осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталып немесе тіркеліп, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүріп өтуі -»;
жетінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ірі көлемді автокөлік құралдарының габариттік параметрлерден асырып, оның ішінде осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталып немесе тіркеліп, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүріп өтуі -»;
11) 597-баптың 4-1-бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Астана жəне Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары айқындаған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару -»;
12) тармақша 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
12) 639-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «ақпараттандыру объектілерімен» деген сөздер «цифрлық объектілермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақша 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
13) 640-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«640-бап. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасын (электрондық құжатқа жəне электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптарды сақтау бөлігінде) бұзу»;
14) тармақша 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
14) 641-бапта:
тақырыптағы «ақпараттандыру туралы заңнамасын» деген сөздер «цифрлық заңнамасын (цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «ақпараттандыру туралы заңнамасын» деген сөздер «цифрлық заңнамасын (цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы» деген сөздер «цифрландыру жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «ақпараттандыру объектісін» деген сөздер «цифрлық объектісін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері», «ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары жəне оларға ден қою нəтижелері туралы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің жəне ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тəртіппен жəне мерзімдерде» деген сөздер тиісінше «аса маңызды цифрлық объектілер», «электрондық үкіметтің» цифрлық объектілерінің жəне аса маңызды цифрлық объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларында айқындалған тəртіппен жəне мерзімдерде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары жəне оларға ден қою нəтижелері туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 743-баптың 4-1-бөлігінің 4) тармақшасындағы «айыппұл» деген сөз «ескерту немесе айыппұл» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 744-баптың екінші бөлігіндегі «сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен жəне автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптарымен тіркелген» деген сөздер «осы Кодекстің 31-бабына сəйкес анықталған немесе автоматты режимде тіркелген» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 802-бапта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) əкімшілік құқық бұзушылықтың осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталуы немесе тіркелуі;»;
төртінші бөлікте:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер əкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, əкімшілік құқық бұзушылық туралы ic:
1) осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында осы Кодекстің 743-бабында көзделген тəртіппен ескерту түріндегі жазалар жəне (немесе) айыппұл көзделген бұзушылықтар бойынша ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жіберілген;
2) əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор осы Кодекстің Ерекше бөлігінің баптарында ескертуден жəне (немесе) айыппұлдан басқа өзге де жазалар көзделген бұзушылықтар бойынша əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап қозғалған деп есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын əкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.»;
18) 803-баптың екінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкілінің түсініктемесі; егер əкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген кезде осындай құрал пайдаланылса, автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдың атауы, сериялық нөмірі, ал Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сəйкес өлшем құралдарына жатқызылған техникалық құралдар үшін метрологиялық салыстырып тексерудің нөмірі, күні жəне қолданылу мерзімі;»;
19) 807-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер əкімшілік құқық бұзушылық (əскери полиция органдарында тіркелген көлік құралын басқару кезінде жасалған құқық бұзушылықты қоспағанда) осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе жəне осы құқық бұзушылықтар бойынша осы Кодекстің Ерекше бөлігінде ескерту жəне (немесе) айыппұл түріндегі санкциялар, ескерту немесе айыппұл белгіленсе, мұндай жағдайларда ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді;»;
20) 811-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер əкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, адамның ескерту немесе белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап жеті тəулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқығы бар.»;
21) 817-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер əкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, қысқартылған іс жүргізу тəртібімен мəні бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап он бес тəулік өткен соң қаралды деп есептеледі.»;
22) 821-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Егер əкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, ол қысқартылған іс жүргізу тəртібімен мəні бойынша қаралған істерді қоспағанда, осы Кодекстің 817-бабына сəйкес қаралды деп есептеледі.»;
23) 822-1-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Айыппұл» деген сөз «Ескерту немесе айыппұл» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «көлік құралының меншік иесі (иесі)» деген сөздер «адам» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша «көлік құралы» деген сөздердің алдынан «егер құқық бұзушылық көлікте, көлік құралы пайдаланыла отырып, жол шаруашылығында жасалса,» деген сөздермен толықтырылсын;
5), 6) жəне 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталған немесе тіркелген көрсеткіштер;
6) автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдың атауы, сериялық нөмірі, ал Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сəйкес өлшем құралдарына жатқызылған техникалық құралдар үшін метрологиялық салыстырып тексерудің нөмірі, күні жəне қолданылу мерзімі;
7) ескерту түріндегі əкімшілік жаза немесе айыппұл мөлшері;»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама əкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген күннен бастап он тəулік ішінде өзіне қатысты ресімделген адамға жіберіледі.
Осы Кодекстің 31-бабына сəйкес автоматты режимде анықталған немесе тіркелген, электрондық нысанда жасалған əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша белгіленген үлгідегі түбіртегі бар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама Əкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде автоматты режимде қалыптастырылған жағдайда уəкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куəландырылуы мүмкін.»;
24) тармақша 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
24) 907-баптың бірінші жəне екінші бөліктеріндегі «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен» деген сөздер «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1), 6), 8), 12), 13), 14) жəне 24) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 9 қаңтар
№ 257-VIII ҚРЗ