4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 23-бап жаңа редакцияда; ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР 2014.29.09. № 238-V Конституциялық Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган
1. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органды Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады.
2. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) - басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
3. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның құрылымын жауапты хатшы бекітеді және ол, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.
Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның департаменттері мен басқармаларының жиынтығы Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның аппараты болып табылады.
4. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның басшысы бекітеді.
5. Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының бұйрықтары Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның актілері болып табылады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 ; 2007.19.06. № 267-III (бұр.ред.қара) Конституциялық Заңдарымен 24-бап жаңа редакцияда; ҚР 2014.29.09. № 238-V Конституциялық Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы
1. Республиканың орталық атқарушы органының комитеті ведомство болып табылады.
Ведомствоның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін.
2. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Yкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
3. Ведомство басшысын тиісті орталық атқарушы органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органының құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыра алады, сондай-ақ орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға ведомствоның құзыреті шегінде қатыса алады.
5. Ведомство шығаратын актінің нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
Ведомствоның актілерін толығымен не бір бөлігінде күшін жоюды не тоқтата тұруды құрылымына ведомство кіретін орталық атқарушы органның басшысы жүзеге асырады.
6. Ведомствоның құрылымын тиісті орталық атқарушы органның жауапты хатшысы бекітеді. Ведомствоның құзыретін және оның өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін осы ведомство құрылымына кіретін орталық атқарушы органның басшысы айқындайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету
1. Республика Премьер-Министрi мен Yкіметінiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Республика Премьер-Министрінің Кеңсесi жүзеге асырады.
2. Премьер-Министрдің Кеңсесін құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды қызметке тағайындау мен қызметтен босатудың тәртібі Республика заңдарымен белгіленеді.
26-бап. Республика Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар
1. Республика Үкіметі жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 27-бап өзгертілді
27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енгiзiлу тәртібі
Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының