соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап тауарларды кеден қоймасына орналастыруға жол берілмейді.
5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарларды кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде кеден қоймасының иесі басқа кеден қоймасына орналастыруға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына және 237-бабының 4-тармағына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.
6. Кеден қоймасының иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш береді.
Кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген кеден қоймасы иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден қоймасы иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген өзінің кеден қоймасының иесі ретінде қызметті қайта бастау туралы жазбаша өтініші кеден қоймасы иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
Кеден қоймасы иесінің қызметі осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау салдарынан тоқтатыла тұрған жағдайда, кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін кеден қоймасы иесінің қызметі қайта басталады.
7. Кеден қоймасы иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ кеден қоймасы иесінің қызметі осы Кодекстің 510-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, кеден қоймасы иесінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылуына байланысты тоқтатыла тұрған жағдайларда, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарына кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
8. Кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру немесе аталған тұлғаның мұндай қызметті қайта бастауы туралы шешімі кеден қоймасының иесіне тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жеткізіледі, сондай-ақ уәкілетті органға жіберіледі.
513-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) кеден қоймалары иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы кеден қоймасы иесінің өтініші;
3) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
5) кеден қоймасының қызметін қайта бастау туралы кеден қоймасы иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 512-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
6) осы Кодекстің 512-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін кеден қоймасы иесінің қызметін осы Кодекстің 512-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді жоймау;
7) кеден қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;
8) кеден қоймасының иесі ретіндегі қызмет шеңберінде кеден қоймасы иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236, 258 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім уақытша сақтау қоймасының иесіне тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізіледі, сондай-ақ уәкілетті органға жіберіледі.
3. Тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, аталған тұлғаның тиісті тізілімге енгізу туралы қайта өтінішін аумақтық кеден органы тұлғаны осындай тізілімнен алып тастау туралы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
4. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарларды кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде кеден қоймасының иесі басқа кеден қоймасына орналастыруға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына және 237-бабының 4-тармағына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.
514-бап. Кеден қоймасы иесінің міндеттері
1. Кеден қоймасының иесі:
1) осы Кодекстің 510-бабының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) кеден қоймасында тауарлардың болуы және кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен операциялар жасау бөлігінде осы Кодекстің 236-бабының 2-тармағында белгіленген кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды пайдалану шарттарын сақтауға;
3) кеден қоймасындағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) кедендік бақылау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
5) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден қоймасында сақтаудағы тауарлардың есебін жүргізуге және кеден органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып ұсынуға;
6) кеден қоймасының жұмыскерлері болып табылмайтын немесе кеден қоймасында сақтаудағы тауарларға қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз кеден қоймасына жібермеуге;
7) кеден қоймасында сақтаудағы тауарларға кеден органдары лауазымды адамдарының қолжетімділігіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
8) кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, осы қойманың жұмыс істеуінің тоқтатылуы туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден қоймасына тауарларды орналастырған тұлғаларға мұндай шешім туралы хабарлауға;
9) осы Кодекстің 242-бабында көзделген кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына және 353-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімнің соңғы күнінен кешіктірмей орындауға;
10) өзін кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген кезде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы ақпарат беруге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды мұндай мәліметтер өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
2. Кеден қоймасының аумағы тек ғана осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуға тиіс. Көрсетілген орындарды өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
61-тарау. ЕРКІН ҚОЙМАНЫҢ ИЕСІ
515-бап. Еркін қойма иесінің қызметі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген және осы Кодекстің 517-бабында айқындалған шарттарға сай келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы еркін қойманың иесі болып табылады.
Заңды тұлға өзін аумақтық кеден органы еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізгеннен кейін еркін қойманың иесі деп танылады.
2. Еркін қойманың иесі осы Кодекске сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды еркін қоймада орналастыру мен пайдалануды жүзеге асырады.
Еркін қойма аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік және өзге де қызмет жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Аумақтық кеден органдары еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы ақпаратты, сондай-ақ тиісті қызметті тоқтата тұру, қайта бастау немесе аталған тұлғаларды тізілімінен алып тастау туралы деректерді уәкілетті органға жібереді.
516-бап. Еркін қоймалар
1. Күзетілетін не жеке тұлғалардың кіруін бақылау режимі бар және солардың шегінде осы Кодекске сәйкес еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін ғимараттар (ғимараттардың бөліктері), ғимараттар кешені, жайластырылған және жабдықталған аумақтар және (немесе) ашық алаңдар (бұдан әрі осы тарауда - құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар) еркін қоймалар болып табылады.
2. Еркін қойма заңды тұлға еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген күннен кейінгі күннен бастап құрылды деп есептеледі.
3. Еркін қойманың жұмыс істеуі еркін қойманың иесі еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.
4. Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
5. Еркін қойма аумағына адамдардың кіру тәртібін айқындауды қоса алғанда, мұндай аумақта бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
517-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары
1. Еркін қойманың иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттары мыналар болып табылады:
1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған және мынадай талаптарға сәйкес келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуы:
еркін қойма ретінде пайдалануға арналған аумақ заңды тұлғаның еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішінде көрсетілген мақсатқа сәйкес тауарларды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру үшін жабдықталған және жайластырылған болуға тиіс;
жапсарлас тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақтың (бір немесе бірнеше қойма үй-жайлары мен алаңдар) бөгде адамдардың кіруін болғызбауды қамтамасыз ететін бүкіл периметрі бойынша тұтас қоршауы болуға тиіс;
тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, аумақтың осы Кодекстің 404-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуі;
электр жарығымен жарақтандырылған және кеден органдарының бағдарламалық өнімдерімен үйлесетін тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, жете тексеру пункттерінде орналасқан тауарларды жете тексеру үшін орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы. Бұл ретте жете тексеру орны белгіленуге және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;
орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының болуы, ал арнаулы сақтау орнына газ орналастырылған жағдайда - тиісті есепке алу аспаптарының болуы;
2) кеден органына өтініш берілген күнге кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттің болмауы;
3) уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келетін, кедендік операцияларды жасау кезінде аумақтық кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстырып қарауға мүмкіндік беретін тауарларды есепке алу жүйесінің болуы;
4) аумақтық кеден органдарына өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 538, 539, 540, 544, 551, 552, 555 және 558-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының нормаларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген және орындалмаған қаулының болмауы және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының көрсетілген бұзушылықтарына алып келген себептердің жойылмау фактілерінің болмауы;
517-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданылады
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
2. Егер еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күнге құрылысжайлар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға, үй-жайларға (үй-жайлардың бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарға қатысты жалға алу шарты кемінде үш жыл мерзімге жасалуға тиіс.
518-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу тәртібі
1. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылады.
Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға электрондық құжат түрінде беруге құқылы.
2. Қызмет аймағында еркін қойма құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің мәлімделген қоймасының үй-жайлары мен аумақтарының осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігіне кедендік қарап-тексеру жүргізеді және үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексерудің тиісті актісін ресімдейді. Кедендік қарап-тексеруді жүргізу кезінде өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) еркін қойма ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың;
2) орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру аяқталғаннан кейін үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісінің бір данасы заңды тұлғаға табыс етіледі.
4. Еркін қоймалар иелерінің тіліміне енгізу туралы шешім аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен ресімделеді және мұндай бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
5. Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш иесі осы Кодекстің 517-бабында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайларда қабылданады.
Өтініш иесі осы бұзушылықтарды жойғаннан кейін өтініш осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралады.
6. Тұлға еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген немесе енгізуден бас тартылған жағдайда, аумақтық кеден органы өтініш иесін тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар етеді.
519-бап. Еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру және қайта бастау
1. Еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметі мынадай жағдайларда тоқтатыла тұрады:
1) еркін қойма иесінің еркін қойманың қызметін тоқтата тұру себептерін көрсеткен жазбаша өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында көзделген, еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған жағдайда;
3) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндет осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына және 137-бабының 4-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда;
4) осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау;
5) еркін қойманың иесі ретіндегі қызмет шеңберінде еркін қойма иесінің басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет, бірақ күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында белгіленген негіз бойынша еркін қойма иесінің қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығымен:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген бұйрық қабылданған күннен бастап еркін қойма кедендік рәсімімен тауарларды еркін қоймаға орналастыруға жол берілмейді.
5. Бұл ретте еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру кезінде мынадай операцияларды жасауға рұқсат беріледі:
1) тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жасау мақсатында, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған жабдықты, машиналар мен агрегаттарды, олардың қосалқы бөлшектерін қолдану (пайдалану);
2) қайта өңдеу (монтаждау, құрастыру) процесінде еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды (шикізат пен материалдарды) пайдалану. Бұл ретте еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған және қайта өңдеу (монтаждау, құрастыру) процесінде пайдаланылатын шетелдік тауарлар еркін қойманың иесі ретіндегі заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап төрт айдан кешіктірілмейтін мерзімде ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға жатады.
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тауарларға қатысты - осы Кодекстің 294-бабының 1-тармағында көзделген операцияларды жасау.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылауды кеден органдары еркін қойма кедендік рәсімі және тауарларды еркін қойманың аумағынан әкету аяқталған кезде жүзеге асырады.
7. Еркін қойманың иесі өзінің қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш ұсынады.
Еркін қойманың иесі ретіндегі қызметті еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде аталған тұлғаның өтініші аумақтық кеден органында тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аумақтық кеден органы басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық кеден органы басшысы орынбасарының бұйрығы негізінде заңды тұлғаны еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қайта бастайды.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген еркін қойма иесінің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін берген еркін қойманың иесі ретінде қызметті қайта бастау туралы жазбаша өтініші еркін қойма иесінің қызметін қайта бастау үшін негіз болып табылады.
Еркін қойма иесінің қызметі осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамау салдарынан тоқтатыла тұрған жағдайда, еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру туралы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен кейін еркін қойма иесінің қызметі қайта басталады.
8. Еркін қойма иесінің қызметті қайта бастау туралы өтінішін қарау кезінде аумақтық кеден органы еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ еркін қойма иесінің қызметі осы Кодекстің 517-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайларда, мұндай қызметті тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарына кедендік қарап-тексеру жүргізеді.
9. Еркін қойма иесінің қызметін тоқтата тұру немесе аталған тұлғаның мұндай қызметті қайта бастауы туралы шешімі еркін қойманың иесіне тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізіледі.
520-бап. Еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер
1. Еркін қойманың иесін еркін қоймалар иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) еркін қоймалар иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы еркін қойма иесінің өтініші;
2) еркін қойма иесінің осы Кодекстің 521-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы;
3) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
4) еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның: