Көрсетілген шешім транзиттік декларация берілгенге дейін алынуға тиіс.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына және көлік құралдарына қатысты операциялардың салынған кедендік пломбаларды және мөрлерді жоюсыз жасалуы мүмкін болса не Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларына кедендік пломбалар және мөрлер салынбаса, осындай операцияларды жасауға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарлары және көлік құралдары келгенге дейін жөнелтуші кеден органы мен межелі кеден органын электрондық немесе жазбаша нысанда хабардар ете отырып жол беріледі.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар жөнелтуші кеден органының рұқсатынсыз жасалған жағдайда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының мәртебесін жоғалтады және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде шетелдік тауарлар ретінде қаралады, бұған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің тиісті құзыретті органдарының құжаттарымен расталатын аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан мұндай операцияларды жасау жағдайлары қосылмайды.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша жасалса, қолданылмайды, бұл құжаттама түрінде не осындай мемлекеттік органдар қолданған сәйкестендіру құралдарымен расталады.
5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және олармен өзге де жүк операцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға кеден органының рұқсатын алумен немесе кеден органын осындай операцияларды жасау туралы хабардар етумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
391-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) кезіндегі тасымалдаушы мен экспедитордың міндеттері
1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) кезінде тасымалдаушы осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының декларанты болып табылатынына не табылмайтынына қарамастан:
1) осы Кодекстің 230-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге;
2) осы Кодекстің 390-бабының 1-тармағында көзделген кеден органының рұқсатынсыз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіруді, қайта тиеуді (ауыстырып тиеуді) және олармен өзге де жүк операцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға жол бермеуге міндетті, бұған мемлекеттік органдар не ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үшінші тараппен халықаралық шарттарына сәйкес берген құжаттармен расталатын, аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан осындай операцияларды жасау жағдайлары қосылмайды.
2. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалдау (тасу) кезінде осы Кодекстің 387-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының декларанты болатын жағдайда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген әрекеттерді орындау бойынша міндет осы тұлғаларға жүктеледі.
392-бап. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндеттің туындауы және тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Кедендік транзитттің кедендік рәсімімен орналастырылатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет декларантта мынадай мән-жайлар:
1) осы Кодекстің 231-бабына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімі қолданысының аяқталуы;
2) кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру;
3) осы баптың 4-тармағына сәйкес есептелген және төленуге жататын мөлшерлерде кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) оларды өндіріп алу;
4) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын шығарудан бас тарту;
5) транзиттік декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетке қатысты - осы Кодекстің 184-бабына сәйкес транзиттік декларацияны кері қайтарып алу және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының шығарылымын жою;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын тәркілеу немесе оларды мемлекеттің меншігіне айналдыру;
7) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кеден органының кідіртуі;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын шығару жүргізілмесе, оларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын уақытша сақтауға орналастыру немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру басталған кезде тоқтатылады.
3. Кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндет, егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын (тасылатын), кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінбеген жағдайда, орындалуға жатады.
Көрсетілген мән-жайлар басталған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырған күн кедендік әкету баждарын төлеу мерзімі болып саналады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкету баждары, егер кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік әкету баждарын төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданбай экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатындай болса, төленуге жатады.
Кедендік әкету баждарын есептеу үшін кеден органы транзиттік декларацияны тіркеген күнге қолданыста болатын кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кеден органында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары туралы (сипаты, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) нақты мәліметтер болмаған жағдайда, төленуге жататын кедендік әкету баждарын есептеуге арналған база кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын сыныптау осы Кодекстің 40-бабының 3-тармағы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодтары таңба саны оннан аз топтау деңгейінде айқындалған жағдайда, кедендік әкету баждарын есептеу үшін осындай топтауға кіретін тауарларға сәйкес келетін кедендік әкету баждары мөлшерлемелерінің ең жоғарысы қолданылады.
Кейіннен Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары туралы нақты мәліметтерді анықтау кезінде кедендік әкету баждары осындай нақты мәліметтерді негізге ала отырып есептелінеді және кедендік әкету баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес жүзеге асырылады не осы Кодекстің 86 және 137-баптарына сәйкес іс-қимылдар, осы Кодекстің 12-тарауына және 142-бабына сәйкес төленбеген сомаларды өндіріп алу жүзеге асырылады.
5. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген жағдайда, осындай тауарларды осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыру, кедендік әкету баждарын төлеу бойынша міндетті орындағаннан және (немесе) оларды өндіріп алғаннан (толық немесе ішінара) кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік әкету баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс.
6. Егер кедендік әкету баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларантынан өзге тұлғаға берілген жағдайда, мұндай өзге тұлға кедендік әкету баждарын төлеу бойынша декларантпен ынтымақты міндетте болады.
6-БӨЛІМ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ
46-тарау. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
393-бап. Кедендік бақылауды жүргізу
1. Кедендік бақылауды Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кеден органдары жүргізеді.
2. Кедендік бақылау кедендік бақылау объектілеріне қатысты оларға осы Кодексте айқындалған кедендік бақылау нысандары және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып жүргізіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды анықтау мақсатында кедендік бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.
3. Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалады.
4. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерінің, кедендік бақылау нысандарының және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралардың таңдалуы қағидатын негізге алады.
Кедендік бақылау объектілерін, кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады.
5. Кеден органдары кедендік бақылаудың нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданады.
Шығарғанға дейін кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарының кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдануы тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі негізінде ғана жүзеге асырылады.
6. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық, радиациялық бақылауды жүзеге асырады.
7. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және лауазымдық өкілеттіктері шегінде кедендік бақылауды жүргізуге уәкілеттік берілген кеден органдарының лауазымды адамдары жүргізеді.
Кеден органдары кедендік бақылауды кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында, сондай-ақ өзге нысандарда немесе кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, кеден органдары лауазымды адамдарының қатысуынсыз кеден органдарының ақпараттық жүйелері арқылы жүргізеді.
8. Кедендік бақылау тауарлардың осы Кодекстің 34-бабына сәйкес айқындалатын кедендік бақылауда болу кезеңінде жүргізіледі.
Алдын ала кедендік декларациялау және мерзімдік кедендік декларациялау кезінде осы Кодекстің 394-бабының бесінші абзацында көрсетілген кедендік бақылау объектілеріне қатысты кедендік бақылау кедендік декларация тіркелген кезден бастап жүргізіледі.
Осы Кодекстің 34-бабының 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін кедендік бақылау осындай мән-жайлар басталған күннен бастап есептелетін, осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері өткенге дейін жүргізілуі мүмкін.
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімдеріне немесе уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін кедендік бақылау олар осындай тізілімдерде болған кезеңде, сондай-ақ осындай тізілімдерден алып тасталғаннан кейін осы Кодекстің 89 және 143-баптарында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімдері ішінде жүргізілуі мүмкін.
9. Тауарлардың шығарылу фактісін растайтын мәліметтерді тексеру мақсатында кеден органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы тауарларға қатысты кедендік бақылауды кеден органдарында Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы бұзыла отырып, тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат болған кезде жүргізуі мүмкін.
10. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарына оны жүргізуге Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдарының қандай да бір рұқсаттары, нұсқамалары не қаулылары талап етілмейді.
11. Кеден органдары және олардың лауазымды адамдары кедендік бақылауды жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге заңнамасында көзделмеген талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқығы жоқ.
12. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде тасымалдаушыға, декларантқа, кеден ісі саласында қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға және мүдделері кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) қозғалатын өзге тұлғаларға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына құқыққа сыйымсыз зиян келтіруге жол берілмейді.
13. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймақтарында және кедендік бақылауға жататын тауарлар, оның ішінде халықаралық тасымалдың көлік құралдары және жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, осындай тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар және (немесе) ақпараттық жүйелер тұрған (тұруы тиіс немесе мүмкін) өзге орындарда жүргізіледі.
14. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, кедендік бақылау нысандарын қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері белгіленген нысандағы кедендік құжаттарды жасау жолымен немесе осы Кодексте көзделген өзге де тәсілмен ресімделеді.
394-бап. Кедендік бақылау объектілері
Мыналар:
осы Кодекстің 34-бабына сәйкес кедендік бақылаудағы тауарлар;
ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болған тауарлар, кері импорттың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, еркін айналымға шығарылған жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта әкелінген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін сақтаған тауарлар - осы Кодекстің 393-бабы 8-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде;
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы тауарлар - кеден органдарында Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы бұзыла отырып, осындай тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінгені және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы туралы ақпарат болған кезде;
кеден органдарына ұсынылуы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасына сәйкес көзделген кедендік және өзге де құжаттар, сондай-ақ осындай құжаттарда қамтылған мәліметтер;
тұлғалардың, оның ішінде уәкілетті экономикалық операторлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласында қызметтер көрсетуге байланысты не жекелеген кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметі;
уақытша сақтау қоймалары, кеден қоймалары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, уәкілетті экономикалық операторлардың тауарларды уақытша сақтауы үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, сондай-ақ кедендік бақылау аймақтары ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстар, үй-жайлар (үй-жайлардың бөліктері) және (немесе) ашық алаңдар (ашық алаңдардың бөліктері) кедендік бақылау объектілері болып табылады.
395-бап. Кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын кедендік бақылау
1. Кедендік рәсімге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын кедендік бақылауды кеден органдары жүргізеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, кеден органы тауарларды кедендік рәсіммен орналастырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке қарағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекеттің аумағындағы тауарларға қатысты кедендік бақылау Комиссия айқындайтын ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 447-бабына сәйкес жүргізіледі.
3. Кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты осы Кодекстің 24-тарауы талаптарының сақталуын кедендік бақылауды аумағында тауарлар кедендік рәсіммен орналастырылған, аумағы бойынша осындай тауарларды тасымалдау жүзеге асырылатын және (немесе) аумағында кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы аяқталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органдары жүргізеді.
396-бап. Тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері
1. Кедендік декларациялау кезінде мәлімделген, әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу (бұдан әрі осы бапта - әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылау) кезінде кеден органы тауарлардың кедендік құнын айқындаудың және мәлімдеудің (тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісін таңдаудың және қолданудың, тауарлардың кедендік құнының құрылымы мен шамасының, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді құжаттамалық растаудың) дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
2. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнына бақылауды жүргізу кезінде кеден органы декларанттан тауарлардың бағасын қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысы бар өзге де мән-жайлар туралы жазбаша нысанда түсінік сұратуға құқылы.
3. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылаудың өзге де ерекшеліктерін, оның ішінде тауарлардың кедендік құнын анық айқындамау белгілерін, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді анық емес деп тану негіздерін Комиссия айқындайды.
4. Комиссия осы Кодекстің 216-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне және 306-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша міндет туындамайтын әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылау ерекшеліктерін айқындауға құқылы.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, кедендік декларациялау кезінде мәлімделген тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың және мәлімдеудің (тауарлардың кедендік құнының құрылымы мен шамасының, тауарлардың кедендік құны туралы мәліметтерді құжаттамалық растаудың) дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органы декларанттан тауарлардың бағасын қалыптастыруға әсер ететін факторлар туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысы бар өзге де мән-жайлар туралы жазбаша нысанда түсінік сұратуға құқылы.
397-бап. Тауарлардың шығарылған жерін кедендік бақылау ерекшеліктері
1. Тауарлардың шығарылған жеріне кедендік бақылауды жүргізу кезінде тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар, кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органы ұсынған құжаттарда қамтылған тауарлардың шығарылған жері туралы мәліметтер, оның ішінде тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы, сондай-ақ тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаттардың төлнұсқалығы, олардың ресімделуінің және (немесе) толтырылуының дұрыстығы тексеріледі.
2. Кеден органы тауардың шығарылған жері туралы сертификатта қамтылған мәліметтердің анықтығына, сондай-ақ тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың төлнұсқалығына тексеру жүргізу және (немесе) әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларына сәйкес қосымша құжаттар және (немесе) мәліметтер алу мақсатында тауардың шығарылған жері туралы сертификат берген және (немесе) оны тексеруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органға немесе уәкілетті ұйымға сұрау салу (сұрау салулар) жіберуге құқылы.
3. Тауарлар шығарылғанға дейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру кедендік бақылау нысаны кеден органының осы баптың 2-тармағына сәйкес жіберілген сұрау салуларға жауаптарды алған күнінен бастап не мұндай жауаптарды алудың әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларында белгіленген мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталады.
4. Егер кедендік декларацияда тауарлардың шығарылған жері белгісіз екені мәлімделген және кедендік бақылауды жүргізу кезінде декларацияланатын тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер, тауарлардың шығарылған жеріне тәуелді ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылуы мүмкін екендігі анықталған жағдайда, кеден органы тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарды сұратуға құқылы.
5. Тауардың шығарылған жері мынадай жағдайларда:
1) егер тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттар осы Кодекстің 56-бабына сәйкес ұсынылуға тиісті болса, мұндай құжаттар, оның ішінде кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру кедендік бақылау нысандарын қолдану кезінде ұсынылмаса;
2) тауарлардың шығарылған жеріне жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша тауарлардың шығарылған жері туралы құжаттарда қамтылған мәліметтердің анық еместігі анықталса;