Кеден органдары көрсетілген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуынбас қамтамасыз етуді төлеушінің өтінішінде айқындалған мерзімге қабылдайды. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуынбас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі төлеушінің өтінішінде көрсетілген кезең ішінде туындайтын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді төлеушінің орындау мерзімдерінен асуға тиіс.
6. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
7. Төленуі жөніндегі міндеттің орындалуы осындай бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың жиынтық мөлшері тіркелген бас қамтамасыз ету мөлшерінен осындай бас қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін кедендік операциялардың соңғысы жасалған күні қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша екі жүз еуроға баламалы сомаға асып кетуі мүмкін.
8. Егер кедендік операциялар тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бірнеше мемлекеттің аумағында жасалған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі осы Кодекстің 226 және 227-баптарына сәйкес айқындалады.
104-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау
1. Осы Кодекстің осы бабына, 226-бабына және 370-бабының 4-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы өзге мөлшерде қамтамасыз етілетін жағдайларды қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді немесе кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктерді қолданбай, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомасы негізге алына отырып айқындалады.
2. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау кезінде тауарлар (сипаттамасы, атауы, саны, шығарылған жері және (немесе) кедендік құны) туралы дәл ақпараттың болмауына байланысты кедендік баждардың, салықтардың төленуге жататын сомасын дәлме-дәл айқындау мүмкін болмаса, кедендік баждардың, салықтардың мұндай сомасы тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай көріністегі физикалық сипаттамалары (саны, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары), пайдаланылу тәртібін Комиссия айқындайтын қолда бар мәліметтердің негізінде айқындала алатын кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелерінің ең үлкен шамасы негізге алына отырып айқындалады,
3. Осы Кодекстің 195 және 196-баптарында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері, осы баптың 2 және 4-тармақтары ескеріле отырып, кедендік бақылау, кедендік сараптама нәтижелері бойынша қосымша төленуге жатуы мүмкін кедендік баждардың, салықтардың сомасы ретінде айқындалады.
4. Осы Кодекстің 195-бабында көзделген ерекшеліктері бар тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін айқындау үшін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізген жағдайда, атап айтқанда:
1) кеден органының қолында бар, дәл сол сыныптағы немесе түрдегі тауарлардың құны туралы ақпарат;
2) егер кеден органының олардың негізділігіне күмәні болса, тауарлардың мәлімделген шегерімдер мен арзандатулар ескерілмеген кедендік құны;
3) егер кеден органының мәлімделген қосымша есепке жазулардың негізділігіне күмәні болса, тауарлардың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есепке жазудың ықтимал шамасы ескерілген кедендік құны пайдаланылуы мүмкін.
5. Осы Кодекстің 194-бабы 13-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді беру тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығарудың шарты болып табылған жағдайда, осындай қамтамасыз ету мөлшерін айқындау кезінде кедендік баждардың, салықтардың сомасы тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініште және осы баптың 1 және 2-тармақтары ескеріле отырып, осы өтінішпен бірге ұсынылатын құжаттарда қамтылған мәліметтер негізге алына отырып айқындалады.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері өзіне негізделе отырып айқындалатын кедендік баждардың, салықтардың сомасын айқындау үшін тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш тіркелген күні қолданыста болатын кедендік баждар, салықтар мөлшерлемелері қолданылады.
Егер кедендік баждардың, салықтардың көрсетілген сомасын айқындау үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу тауарларды тауарларға арналған декларация берілгенге дейін шығару туралы өтініш тіркелген күні қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жүргізіледі.
105-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу
1. Кедендік баждардың, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді және кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қоспағанда, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу төлеушінің немесе осы Кодекстің 96-бабының 3-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынған өзге тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауын бақылауды жүзеге асыратын кеден органында жүргізіледі.
2. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді тіркеу кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді талап ететін кедендік операциялар жүзеге асырылатын кеден органдарының бірінде жүргізіледі.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын бас қамтамасыз етуді тіркеу осы тарауда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің тиісті тәсілін тіркеу үшін белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы бірнеше тәсілмен қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілген қамтамасыз етуді тіркеу осы тарауда тіркеудің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген тиісті тәсілді тіркеу үшін белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
3. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету осы Кодекстің 195-бабында көзделген жағдайда берілсе, мұндай қамтамасыз етуді тіркеу осы Кодекстің 193-бабында белгіленген тауарларды шығару мерзімдерінде жүргізіледі.
4. Кеден органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
11-тарау. КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫҢ, КЕДЕНДІК АЛЫМДАРДЫҢ, САЛЫҚТАРДЫҢ, ӨСІМПҰЛДАРДЫҢ, ПАЙЫЗДАРДЫҢ ЖӘНЕ АВАНСТЫҚ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЕСЕПТЕЛГЕН, ЕСЕПКЕ ЖАЗЫЛҒАН, ТӨЛЕНГЕН СОМАСЫН ЕСЕПКЕ АЛУ. КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫҢ, КЕДЕНДІК АЛЫМДАРДЫҢ, САЛЫҚТАРДЫҢ, ӨСІМПҰЛДАРДЫҢ, ПАЙЫЗДАРДЫҢ ТӨЛЕНГЕН СОМАСЫН ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАЖДАРДЫ, САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН АҚШАНЫҢ СОМАСЫН ЕСЕПКЕ ЖАТҚЫЗУ (ҚАЙТАРУ)
106-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомасын есепке алу
1. Аванстық төлемдерді, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомасын есепке алуды кеден органы төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасын төлеу жөніндегі міндетті орындау нәтижесінде есептелген, есепке жазылған, төленген (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды есепке алғанда) кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомасы көрсетілетін, электрондық түрдегі құжат төлеушінің жеке шоты болып табылады.
3. Төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Төлеушінің жеке шоты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
5. Мыналар:
1) төлеуші тауарларға арналған декларацияда немесе өзге кедендік құжатта;
2) осы Кодекстің 83 және 399-баптарында белгіленген жағдайларда, кеден органы айқындаған кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, оның ішінде кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар сомасының ұлғайтылуын немесе азайтылуын қамтитын сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың есептелген сомасы болып табылады.
6. Кеден органы:
1) кедендік бақылау нәтижелері бойынша;
2) мыналарға:
тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе кеден органының тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу нәтижелері бойынша қабылданған өзге шешіміне;
кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген шағымды қарау қорытындылары бойынша;
3) алдына ала шешім қабылдау кезінде;
4) тауарларды кедендік алып жүру туралы шешім қабылдау кезінде есептеген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың, оның ішінде кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар сомасының ұлғайтылуын немесе азайтылуын қамтитын сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есепке жазылған сомасы болып табылады.
7. Төлеушінің жеке шотындағы кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар мен пайыздар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі.
8. Кеден органы төлеушінің өтініші бойынша осындай өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде төлеушінің жеке шотынан кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша немесе кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың белгілі бір түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді-көшірме береді.
107-бап. Кеден органдарының есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді ұсынуы
1. Кеден органы есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу негізінде мұндай мәліметтерді:
1) әділет органына - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) төлеушіге, осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес өздеріне өзге мерзім көзделген әділет органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және (немесе) өздеріне осындай мәліметтің ұсынылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тұлғаларға - сұрау салу келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей ұсынады.
Есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерге сұрау салу және оларды осы тармақта көрсетілген тұлғаларға ұсыну электрондық нысанда жүзеге асырылады.
2. Есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жасалады.
Есепке алынуы кеден органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер сұрау салу кеден органында тіркелген күні кедендік төлемдер мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша тоқтатылмаған міндеттемелерді көрсете отырып ұсынылады.
108-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомасы
1. Кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар ретінде төленген немесе өндіріп алынған, нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың нақты түрлері және сомалары ретінде сәйкестендірілген және мөлшері осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге жататын кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың мөлшерінен асатын ақша кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары болып табылады.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызуды (қайтаруды) (қайтаруға жатпайтын кедендік алымдарды қоспағанда) кеден органы кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша жеке шоттарды жүргізу орны бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізеді.
3. Мыналар:
1) заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызудан бөлек, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасы басқа төлеушінің кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар және пайыздар бойынша берешегін өтеу есебінен есепке жатқызылуға;
2) кедендік алымның төленген сомасы қайтарылуға жатпайды.
4. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың қате төленген сомасын есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 112-бабына сәйкес жүргізіледі.
5. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген, артық өндіріп алынған және қате төленген сомасын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.
109-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, аванстық төлемдердің, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаның, сондай-ақ өзге де ақшаның сомаларын есепке жатқызу (қайтару)
1. Кедендік баждардың, салықтардың сомаларын есепке жатқызу (қайтару) мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждардың, салықтардың сомалары осы Кодекстің 108-бабына сәйкес артық төленген немесе артық өндіріп алынған, осы Кодекстің 112-бабына сәйкес қате төленген болып табылғанда;
2) Одақ туралы шартқа сәйкес айқындалған шоттарға төленген кедендік әкелу бажының сомалары нақты тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының сомалары ретінде сәйкестендірілмегенде;
3) бюджетке төленген кедендік әкету баждарының, салықтардың сомалары нақты тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының, салықтардың сомалары ретінде сәйкестендірілмегенде;
4) кедендік әкелу баждары, салықтар уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлеу қолданылған кезеңде төленген жағдайды қоспағанда, егер осы тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәркіленгенде немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылғанда;
5) егер кедендік декларацияны не тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті тіркеу кезінде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығарудан бас тартылғанда;
6) егер кедендік декларацияны тіркеген кезде туындаған кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндет бұрын орындалған болса, кедендік декларация осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кері қайтарылып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес тауарларды шығарудың күші жойылғанда;
7) осы Кодекстің 318 және 323-баптарында көзделген жағдайларда;
8) осы Кодекстің 189-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік декларациялау ерекшеліктерін қолдана отырып, осы Кодексте көзделген жағдайларда;
9) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады.
Егер кедендік алымдардың сомалары осы Кодекстің 108-бабына сәйкес артық төленген немесе артық өндіріп алынған, осы Кодекстің 112-бабына сәйкес қате төленген болып табылса, кедендік алымдардың сомаларын есепке жатқызу (қайтару) жүзеге асырылады.
2. Тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге белгіленген тәртіппен өзгерістер (толықтырулар) енгізілген не кедендік кіріс ордеріндегі немесе Комиссия осы Кодекстің 349-бабының 24-тармағына сәйкес айқындаған өзге де кедендік құжаттағы немесе осы Кодекстің 83-бабының 4-тармағында және 360-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген кедендік құжаттардағы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың есептелген сомалары туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен түзетілген жағдайда және осы тарауда белгіленген өзге де шарттар сақталған кезде кеден органы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызуды (қайтаруды) жүзеге асырады.
3. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда кедендік баждардың, салықтардың төленген және (немесе) өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) кедендік баждардың, салықтардың төленген және (немесе) өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызуға (қайтаруға) алып келетін мән-жайлардың басталуы кеден органына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен расталған кезде және кедендік баждарды, салықтарды есепке жатқызу (қайтару) үшін осы тарауда белгіленген өзге де шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады.
4. Кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару) Одақ туралы шарттың ережелері ескеріле отырып, - осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, ал осы Кодексте және Одақ туралы шартта реттелмеген бөлігінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Кедендік әкету баждарының сомаларын есепке жатқызу (қайтару), егер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе - осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, ал осы Кодексте, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттелмеген бөлігінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Салықтардың сомаларын есепке жатқызу (қайтару) осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, ал осы Кодексте реттелмеген бөлігінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Аванстық төлемдердің, оның ішінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген аванстық төлемдердің, сондай-ақ өзге де ақша сомаларын есепке жатқызу (қайтару) уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
8. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша сомаларын ақшаны уақытша орналастыру шоттарына есепке жатқызу (қайтару) осы Кодекстің 114-бабына сәйкес жүргізіледі.
9. Төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеті, сондай-ақ кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешегі болған кезде кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің, ақшаның осындай сомаларын көрсетілген міндетті, берешекті орындау есебіне есепке жатқызуды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың, аванстық төлемдердің, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақша, сондай-ақ осындай орындалмаған міндет мөлшеріндегі, сондай-ақ осындай берешек мөлшеріндегі өзге де ақша сомаларын есепке жатқызу жүзеге асырылмайды.
Белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндет, сондай-ақ белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөнінде міндет мөлшеріндегі кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек, сондай-ақ кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болған кезде кедендік әкелу баждарының, салықтардың, аванстық төлемдердің төленген сомаларын қайтару жүзеге асырылмайды.
110-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың сомаларын есепке жатқызу
1. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек болмаған жағдайда, төлеуші кедендік декларацияны ұсынған не төлеуші осы төлеушінің өз ақшасын кедендік төлемнің, кедендік алымның, салықтың, өсімпұлдың, пайыздың осы түрі бойынша кедендік баждар, кедендік алымдар, салықтар, өсімпұлдар, пайыздар ретінде пайдалану ниеті туралы куәландыратын өзге де әрекеттер жасаған кезде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары есепке жатқызылуға жатады.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелерін ескере отырып, төлеушінің өтініші бойынша осындай өтініште көрсетілген кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардыңбасқа түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылуға жатады.
3. Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша берешек болған кезде кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын кеден органы осы Кодекстің 12-тарауында көзделген жағдайларда, төлеушінің өтінішінсіз, кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының осы және (немесе) басқа түрлері бойынша осындай берешекті өтеу есебіне есепке жатқызады.
4. Кедендік әкелу бажының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызуды кеден органы Одақ туралы шартта көзделген ережелерді ескере отырып жүргізеді.
5. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын есепке жатқызуды кеден органы осындай өтініш кеден органында тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.
111-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару
1. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды кеден органы белгіленген мерзімде орындалмаған (толық немесе ішінара) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндет, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек болмаған кезде осы Кодекстің 109-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып, төлеушінің өтініші негізінде жүргізеді.
2. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтару төлеушінің өтініші кеден органында тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
3. Кеден органы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған кезде, кеден органы өсімпұлдарды төлеушінің пайдасына есепке жазады. Өсімпұлдар осындай қайтаруды жүргізу күнін қоса алғанда, қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейінгі күннен бастап мерзімін өткізіп алудың әрбір күнінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.
Есепке жазылған өсімпұлдардың сомасы кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомасын бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша бюджетке түсетін түсімдер есебінен қайтару жүргізілген күні төлеушінің өтініште көрсетілген банктік шотына аударылуға жатады.