Шетелдiң заңгерлiк фирмаларын тарту практикасын реттеу және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бюджеттік ұйымдарына консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 982 Қаулысы
(2017.08.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бюджеттік ұйымдарына құқықтық консультациялық көмек көрсету мәселелерi бойынша шетелдiң заңгерлiк фирмаларымен шарттар /контрактiлер/ жасасу практикасын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi, министрлiктерi және ведомстволары құқықтық консультациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң соттарында немесе өзге органдарында мүдделердi бiлдiруге шетелдiң заңды тұлғаларымен жасасатын барлық шарттар (келісімшарттар) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне алдын ала сараптауға ұсынылуы тиiс деп белгiленсiн.
2. Жоғарыда аталған шарттарды /контрактiлердi/ жасасу туралы келiссөздердi жүргiзу жөніндегі делегациялардың құрамына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң өкiлдерi кiруi тиiс деп айқындалсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi