ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
(2019.19.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 Қаулысын қараңыз
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 10 452 544 581 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 6 859 679 761 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 119 822 186 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 6 884 960 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 3 466 157 674 мың теңге;
2) шығындар - 11 461 352 695 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 199 375 848 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 315 403 588 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 116 027 740 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 156 451 524 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 156 451 524 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -1 364 635 486 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 2,1 пайызы;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -5 445 623 486 мың теңге немесе елдiң iшкi жалпы өнiмінің 8,5 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 364 635 486 мың теңге.
2-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 42 550 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 7 414 430 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2019 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:
1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;
2) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары.
Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемдері 285 972 085 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:
Атырау облысынан - 105 177 356 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 35 365 489 мың теңге;
Алматы қаласынан - 115 389 732 мың теңге;
Нұр-Сұлтан қаласынан - 30 039 508 мың теңге.
6-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдері:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімін 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыруға байланысты - 49 850 854 мың теңге;
орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды сынақтан өткізу жобасынан Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарының ауылдық мектептерін алып тастауға байланысты - 2 384 658 мың теңге;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары бойынша мөлшерлемелерді азайтуға байланысты - 24 205 306 мың теңге;
«Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды беруге байланысты - 65 660 мың теңге;
«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысы кезеңіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгеруіне және Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты 32 700 340 мың теңге көзделсін.
Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының республикалық бюджетке түсімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 700 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға нысаналы трансферт 370 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.
8-бап. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi - 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 16 037 теңге;
3) зейнетақының ең төмен мөлшерi - 36 108 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 2 525 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 29 698 теңге болып белгiленсiн.
9-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін жеті пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.
10-бап. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.
11-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялар көлемдерi 1 584 148 603 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:
Ақмола облысына - 104 474 017 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 55 812 434 мың теңге;
Алматы облысына - 153 723 098 мың теңге;
Шығыс Қазақстан облысына - 163 954 224 мың теңге;
Жамбыл облысына - 161 934 587 мың теңге;
Батыс Қазақстан облысына - 51 393 369 мың теңге;
Қарағанды облысына - 100 730 628 мың теңге;
Қызылорда облысына - 137 165 718 мың теңге;
Қостанай облысына - 110 192 744 мың теңге;
Павлодар облысына - 46 106 965 мың теңге;
Солтүстiк Қазақстан облысына - 96 360 248 мың теңге;
Түркістан облысына - 402 300 571 мың теңге.
12-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2017 - 2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысы кезеңіне Шымкент қаласының бюджетіне Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 33 840 507 мың теңге сомасында көзделсін.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. 2019 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне:
1) ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы мөлшерлерін ұлғайтуға;
2) ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;
3) патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторларына және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге;
4) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге;
5) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға;
6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;
8) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға;
9) орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларын көтеруге;
10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
11) халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге;
12) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;
13) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
14) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;
15) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;
16) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;
17) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
18) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
19) орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;
20) - 25) 2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25-1) бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
26) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне;
27) жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
28) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;
29) саламатты өмір салтын насихаттауға;
30) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;
31) көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;
32) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;
32-1) аз қамтылған көп балалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға;
33) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;
33-1) «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;
33-2) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге;
33-3) «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге;
34) төмен ақы төленетін қызметкерлердің жалақысының мөлшерін көтеру үшін олардың салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығасыларды өтеуге бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген, 2019 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2019 жылға арналған кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
16-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылға арналған резервi 67 840 330 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің 2019 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 6 884 960 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 10 947 307 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 26 666 940 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 646 417 мың теңге көзделсiн.
21-бап. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі және берешек көлемдері жөніндегі талаптары тоқтатылады деп белгіленсін.
22-бап. 2019 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiн беру лимитi 1 500 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
23-бап. 2019 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 13 000 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
24-бап. 2019 жылға мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 338 513 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
25-бап. 2019 жылға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерінің лимитi 1 361 944 580 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
26-бап. 2019 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тiзбесi осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2019 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.
27-бап. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы қарашаның 30-ы.
№ 197-VІ
2019.13.04. № 246-VІ ҚР Заңымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«2019 - 2021 жылдарға арналған
республикалық бюджет туралы»
2018 жылғы 30 қарашадағы
Қазақстан Республикасының
№ 197-VI Заңына
1 - ҚОСЫМША
2019 жылға арналған республикалық бюджет
Санаты | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы | |
| Iшкi сыныбы |
|
| I. Кірістер | 10 452 544 581 |
1 | | Салықтық түсімдер | 6 859 679 761 |
| 1 | | Табыс салығы | 2 022 209 100 |
| 1 | | Корпоративтік табыс салығы | 2 022 209 100 |
5 | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 3 401 024 839 |
| 1 | Қосылған құн салығы | 2 877 015 534 |
2 | Акциздер | 117 985 428 |
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 385 494 393 |
4 | Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар | 5 579 352 |
5 | Ойын бизнесіне салық | 14 950 132 |
6 | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 1 399 062 887 |
| 1 | Кеден төлемдерi | 1 369 215 274 |
2 | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 29 847 613 |
8 | | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 37 382 935 |
| 1 | Мемлекеттік баж | 37 382 935 |
2 | | Салықтық емес түсiмдер | 119 822 186 |
| 1 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 86 266 572 |
| 1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 1 872 079 |
3 | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер | 16 071 471 |
4 | Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер | 4 976 667 |
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 51 458 758 |
6 | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар | 700 000 |
7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 2 555 997 |
2 |
Санаты | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы | |
| Iшкi сыныбы |
|
| 9 | | Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер | 8 631 600 |
| 2 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 3 246 252 |
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 3 246 252 |
3 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 73 334 |
| 1 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері | 73 334 |
4 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 780 960 |
| 1 | Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 780 960 |
5 | | Гранттар | 2 138 453 |
| 2 | Қаржылық көмек | 2 138 453 |
6 | | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 25 316 615 |
| 1 | Басқа да салықтық емес түсiмдер | 25 316 615 |
3 | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 6 884 960 |
| 2 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 6 884 960 |
| 1 | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 6 884 960 |
4 | | Трансферттердің түсімдері | 3 466 157 674 |
| 1 | Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер | 396 157 674 |
| 1 | Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер | 396 157 674 |
4 | | Ұлттық қордан трансферттер | 3 070 000 000 |
| 1 | Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер | 3 070 000 000 |
| | | | | | | |
3 |
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
|
| II. Шығындар | 11 461 352 695 |
1 | | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 470 769 634 |
| 101 | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі | 6 337 068 |
| 001 | | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 5 074 182 |
002 | Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 379 139 |
003 | Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуын қамтамасыз ету және оларды арнайы пайдалану жөніндегі қызметтер | 372 213 |
009 | Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 511 534 |
104 | | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi | 2 367 203 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 2 367 203 |
106 | | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық | 112 415 |
| 001 | Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтер | 83 185 |
008 | Азаптаулардың алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігін нығайту | 29 230 |
107 | | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты | 341 058 |
| 001 | Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер | 341 058 |
108 | | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Кеңсесі | 1 935 270 |
| 001 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 937 803 |
008 | Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 997 467 |
201 | | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi | 77 534 369 |
| 001 | Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер | 77 534 369 |
204 | | Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi | 74 179 762 |
| 001 | Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 50 345 570 |
003 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау | 238 299 |
005 | Шетелдік іссапарлар | 3 201 229 |
008 | Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету | 118 506 |
013 | Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру | 444 104 |
017 | Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы | 16 154 805 |
019 | Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету | 3 613 609 |
020 | Орталық Азия елдерінде гендермен байланысты тұрақты даму мақсаттарының ұлттандыруына жәрдем көрсету | 63 640 |
209 | | Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі | 5 734 593 |
4 |
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың теңге |
| Әкімші |
| Бағдарлама |
|
| 001 | | Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру | 3 721 203 |
002 | Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру | 2 013 390 |
| 210 | | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі | 3 908 876 |
| 001 | Қорғаныс, аэроғарыштық және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық | 3 692 594 |
002 | Авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру ақпараттық жүйесін құру | 216 282 |
217 | | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi | 95 163 943 |
| 001 | Бюджеттік жоспарлауды, орындалуын және мемлекеттік бюджеттің атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер | 75 527 473 |
002 | Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитiн жүзеге асыру | 22 960 |
019 | Жеңілдікті тұрғын үй кредиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу | 16 572 |
030 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту | 464 538 |
067 | Саяси партияларды қаржыландыру | 6 469 371 |
072 | Салық әкімшілігі жүйесін реформалау | 1 488 134 |
091 | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің объектілерін және инфрақұрылымын салу | 10 395 167 |
094 | Мемлекеттік активтерді басқару | 779 728 |
225 | | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | 32 390 146 |
| 130 | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру | 4 628 177 |
217 | Ғылымды дамыту | 27 761 969 |
241 | | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі | 7 828 294 |
| 001 | Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 7 828 294 |
243 | | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | 31 140 746 |
| 001 | Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті реттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер | 18 101 715 |
006 | Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету | 1 219 918 |
007 | Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру | 88 200 |
057 | Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы | 470 556 |