4) тармақша «үлестік қатысу туралы шарттарды» деген сөздерден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) реновациялау шеңберінде жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының үлгілік нысанын əзірлейді жəне бекітеді;»;
11-2) тармақша «үлестік қатысудың» деген сөздерден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-4), 11-5) жəне 11-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-4) кепілдік беру туралы шарт жəне реновациялау шеңберінде шарттар жасасу үшін көппəтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау тəртібін əзірлейді жəне бекітеді;
11-5) көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
30-тармағы 5) тармақшасының он төртінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11-6) жосықсыз құрылыс салушылар тізілімін қалыптастыру жəне жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды əзірлейді жəне бекітеді;»;
6) 6-бапта:
9) тармақша «үлестік қатысу туралы шарттарды» деген сөздерден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармағы 6) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) жосықсыз құрылыс салушылар тізілімін қалыптастырады жəне жүргізеді;»;
7) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру
1. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы мынадай талаптарға сəйкес келуге:
1) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылыс салу кезінде жалпы алаңы кемінде он мың шаршы метр жəне өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктерде құрылыс салу кезінде кемінде бес мың шаршы метр болатын көппəтерлі тұрғын үйлер құрылысының объектілерін тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде өткізуде жиынтығында кемінде екі жыл тəжірибесінің болуы;
2) шамасы жиынтық активтердің он пайызынан кем болмайтын, аудиторлық қорытындымен расталған өзінің қаржылық есептілігіне сəйкес соңғы екі қаржы жылында қысқамерзімді жəне ұзақмерзімді міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын активтерінің болуы;
3) қарыз қаражатының жəне меншікті капиталының арақатынасы арқылы есептелген коэффициент шамасы көппəтерлі тұрғын үй пайдалануға қабылданғанға дейін оның құрылысының бүкіл мерзімі ішінде жетіден аспауы міндетті.
2. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы уəкілетті компанияны құрады немесе көппəтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасынан аспайтын қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызын сатып алады.
Көппəтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісі көзделуі мүмкін.
Егер құрылыс объектілерін бірнеше жер учаскесінде салу көппəтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында көзделген болса, мұндай құрылысқа рұқсат етіледі.
Құрылыс салушы көппəтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу жəне пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уəкілетті компанияны немесе жалғыз құрылтайшы (қатысушы) өзі болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.
3. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уəкілетті компанияда:
1) құрылыс салушы, уəкілетті компания жəне реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің барлық меншік иелері қол қойған реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың;
2) реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне берілетін тұрғынжай құнына баламалы, бірақ мəлімделген жобалау құнының отыз пайызынан кем болмайтын сомада осы Заңның 20-бабына сəйкес жұмсау үшін, сондай-ақ құрылыс мерзімін ұзарту ескеріле отырып, уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру тəртібімен айқындалған мөлшерде реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй беруге жоспарланатын ақшасының;
3) құжаттарды қарағаны үшін комиссияны, реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша кепілдік жарнаны төлеуге арналған ақшасының болуы міндетті.
4. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енгізілген көппəтерлі тұрғын үй жəне (немесе) жер учаскесі бар жеке тұрғын үй Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін реновациялау объектісі болуға тиіс.
Реновациялау объектісі қандай да бір ауыртпалықтардан, құқықтардан жəне үшінші тұлғалардың талаптарынан еркін болуға тиіс.
5. Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы жасалған шарт осы Заңның 36-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, үлескерлердің ақшасын тартуға негіз болып табылады жəне құрылыс салушы мен уəкілетті компанияның жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуын талап етпейді.
6. Реновациялау туралы шарт Бірыңғай оператор, құрылыс салушы жəне уəкілетті компания арасында жасалады. Реновациялау туралы шарттың қолданылу мерзімі осы Заңның 32-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сəйкес айқындалады жəне ол аяқталғанға дейін Бірыңғай оператор өзге де құрылыс салушылармен жəне уəкілетті компаниялармен реновациялау туралы шарт жасасуға құқылы емес.
7. Осы Заңның талаптарын орындау мақсатында құрылыс салушы жəне уəкілетті компания Бірыңғай оператордың цифрлық жүйесі арқылы Бірыңғай операторға аудиторлық қорытындымен расталған жылдық қаржылық есептілікті жəне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік туралы заңнамасына сəйкес тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың қолданылуы ішінде ұсынады.
8. Құрылыс салушы жəне уəкілетті компания Бірыңғай оператордың кепілдігін кейіннен ала отырып, реновациялау туралы шарт жасасу мақсатында реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру бойынша өтінім береді.»;
8) 11-бапта:
тақырып «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
«шарт» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
«жазбаша нысанда не» деген сөздер «электрондық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «шарттың» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4, 5, 6, 7, 8 жəне 9-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт:
1) бөлме бойынша өтеудің тең шамаластығы (алынатын үлестің тұрғын алаңы жылжымайтын мүліктің меншік иесі беретін реновациялау объектісінің тұрғын алаңынан кем болмауға тиіс);
2) тең құнмен өтеу талаптарымен жасалады.
Өзге талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
5. Реновациялау объектілерінің жылжымайтын мүлкінің меншік иелерімен жасалатын, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында белгіленген мерзімде қол қойылады.
6. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша берілетін үлес белгіленген құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өртке қарсы, техникалық жəне басқа да міндетті нормаларға сəйкес келуге тиіс.
7. Уəкілетті компания реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үйді жалдау шығыстарын жəне (немесе) өзге де шығыстарды уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру тəртібіне сəйкес өтеуге міндетті.
8. Реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иесі уəкілетті компаниядан үлес беру туралы шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесті қабылдауға міндетті.
9. Кепілдік беру жағдайы басталған кезде уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелері алдындағы уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру жөніндегі міндеттемелері уəкілетті компанияның реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй жəне (немесе) өтемақы төлемдерін беру тəртібіне сəйкес жүзеге асырылады.»;
9) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілі
Көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі, оның ішінде өткізілмеген үлестердің кепілін көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің тұрған жеріндегі жергілікті атқарушы орган уəкілетті орган бекіткен тəртіпке сəйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде міндетті түрде тіркеуге тиіс.»;
10) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың ережелері реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарға қолданылады.»;
30-тармағы 11) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
11) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Жосықсыз құрылыс салушылар тізілімі
1. Азаматтардың үлестік құрылыс саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жосықсыз құрылыс салушылардың қызметін болғызбау мақсатында жергілікті атқарушы органдар жосықсыз құрылыс салушылар тізілімін жүргізеді.
2. Жосықсыз құрылыс салушылар тізіліміне енгізуге мыналар негіз болып табылады:
1) өз бетімен тұрғызылған көппəтерлі тұрғын үйді жəне (немесе) жеке тұрғын үйді сүру туралы заңды күшіне енген сот актісі;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сəйкес алаяқтық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот актісі.
3. Мəліметтері тізілімге енгізілген құрылыс салушыларға тізілімге енгізілген кезден бастап үш жыл бойы осы Заңда белгіленген тəртіппен үлескерлердің қаражатын тартуға жол берілмейді.
4. Жосықсыз құрылыс салушылар тізілімнен шығаруға мыналар негіз болып табылады:
1) осы Заңда белгіленген мерзімнің өтуі;
2) тізілімге енгізуге негіз болған сот актісінің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;
3) жергілікті атқарушы органның тізілімге енгізу туралы шешіміне жəне (немесе) əрекеттеріне шағым жасау туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы.
5. Құрылыс салушы жергілікті атқарушы органның тізілімге енгізу туралы шешіміне жəне (немесе) əрекеттеріне сот тəртібімен шағым жасауға құқылы.
6. Тізілімді ұйымдастыру жəне жүргізу тəртібі, сондай-ақ оған енгізу жəне одан шығару рəсімі уəкілетті орган бекіткен заңға тəуелді нормативтік құқықтық актімен реттеледі.»;
12) 13-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың ережелері реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға қолданылады.»;
13) 14-бапта:
тақырып «Үлескердің» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберіндегі үлескердің» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Үлескер жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер:»;
2) тармақша «шарт» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «шарттың» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «құрылыс салушыдан», «талап етуге құқылы.» деген сөздер тиісінше «уəкілетті компаниядан», «талап етуге;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде міндетті түрде тіркей отырып, көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті кепілге беруге құқылы.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Үлескер жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер:»;
1) тармақшадағы «тұрғын үй» деген сөздер «реновациялау шеңберіндегі үлескерді қоспағанда, тұрғын үй» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша «шарттың» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «үлескер» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберіндегі үлескер» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 15-бапта:
тақырып «шарт» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Реновациялау шеңберіндегі үлескердің үлес құнын төлеуі реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа Бірыңғай оператор қосылғаннан кейін жəне реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтар мемлекеттік тіркелгеннен кейін реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарын уəкілетті компанияға беру арқылы жүргізіледі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Реновациялау шеңберіндегі үлескердің міндеттемелері уəкілетті компанияның реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру мемлекеттік тіркелген жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сəйкес көппəтерлі тұрғын үйдегі үлес қабылданған кезден бастап орындалды деп есептеледі.»;
4-тармақ «шартта» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «үлескерге» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 16-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Кепілдік беру жағдайы басталған жағдайда үлескер өзі енгізген ақшаны қайтару туралы тиісті талаппен жүгінген кезде уəкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша үлестің құнын осы үлес үшін үлескер енгізген ақша сомасынан аспайтын мөлшерде өтейді.
Реновациялау шеңберіндегі үлескер енгізілген үлесті қайтару туралы тиісті талаппен жүгінген кезде уəкілетті компания үлестің құнын реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шартына сəйкес өтейді.»;
16) 17-бапта:
1-тармақта:
«үлескердің» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескердің» деген сөздермен толықтырылсын;
«үлесін» деген сөз «олардың (оның) үлесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шартта» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«үлескерге» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге» деген сөздермен толықтырылсын;
«үлесін» деген сөз «олардың (оның) үлесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «үлескерлерге» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберіндегі үлескерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«үлестік қатысу туралы» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
«үлескерге» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге» деген сөздермен толықтырылсын;
«шартқа», «шартта» деген сөздер тиісінше «шарттарға», «шарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үлескерді», «үлескердің» деген сөздерден кейін тиісінше «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерді», «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескердің» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ:
«үлескер» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізіледі, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
«шартта» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
«жəне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан кері шегінулерді» деген сөздер «, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан ауытқуларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«үлескер» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Көппəтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісі негізінде туындаған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде үлесті кепілге қоюды тіркеудің болуы туралы мəліметтер жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын кейіннен тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) бірыңғай мемлекеттік кадастрына интеграциялау арқылы беріледі.»;
17) 19-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы «үлескерлердің» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ «үлескерлердің» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ «шартқа» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ «үлескерлер» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлер» деген сөздермен толықтырылсын;
18) 20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі:
«кепілдігін алу тəсілімен» деген сөздерден кейін «, оның ішінде реновациялау шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«4) тармақшаларына» деген сөздерден кейін «жəне 8-1-бабы 3-тармағының 2) жəне 3) тармақшаларына» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 22-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы «шарттың» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Егер реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт күшіне енбесе, уəкілетті компания реновациялау объектісінің жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелерін осы факт туралы өзіне белгілі болған немесе белгілі болуға тиісті кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл жөнінде хабардар етуге міндетті.»;
20) 23-баптың бірінші бөлігіндегі «немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың» деген сөздер «, кепілдік беру туралы жасалған шарттың немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы жасалған шарттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 25-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша «үй құрылысына» деген сөздерден кейін «, оның ішінде реновациялау шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «үлескерлердің» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша «ұйымдастыру жөніндегі» деген сөздерден кейін «немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «үлескерлерге» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
5-2) тармақша «үлескерлерді» деген сөзден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерлерді» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 26-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесіне жəне өзге де мемлекеттік дерекқорларға интеграциялау арқылы қол жеткізуге;»;
2-тармақта:
2) тармақша «шарт» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша «шарттар» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттар» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «шарттардың» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттардың» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 29-баптың 2-тармағындағы «шарттары» деген сөз «шарттар немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 30-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде кепілдік жарна реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа Бірыңғай оператор қосылғанға дейін төленеді.»;
2-тармақ «шартқа» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы «шарттың» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
«шарт мерзімінен» деген сөздер «шарт немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт мерзімінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шарт бойынша» деген сөздер «шарт немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік:
«кепілдік беру туралы шарт» деген сөздерден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
«барлық шарт» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы барлық шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
«қайтарылғаннан кейін» деген сөздерден кейін «немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сəйкес тараптардың келісімі бойынша үлестің құны өтелгеннен кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
25) 31-бапта:
тақырып «шарт» деген сөзден кейін «жəне реновациялау шеңберіндегі шарттар» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ:
«ақшасын тарту есебінен» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру шеңберінде» деген сөздермен толықтырылсын;
«шартты» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберіндегі шарттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 32-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы «шартты» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ «шартты» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзац «шартты» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша «шарт» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша «шарт» деген сөзден кейін «немесе реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт реновациялау туралы шарттың талаптарына сəйкес келмеген жағдайда;