мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (реконструкциялау) мен жөндеу үшін, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялау мен жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге құқық 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша рұқсатын беруі арқылы пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен беріледі деп белгіленсін. Осындай рұқсаттың қолданылу мерзімі жүзеге асырылуы үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілген, мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды, гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды салу (реконструкциялау) мен жөндеуге арналған тиісті шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс. Мемлекеттік меншіктегі объектілерді салуға (реконструкциялауға) және жөндеуге тапсырыс беруші болып табылатын мемлекеттік орган мердігерлердің (қосалқы мердігерлердің) тізбесін бекітеді, олар салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүзеге асыруға құқылы. Осы тармаққа сәйкес берілген рұқсат негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар оларды үшінші тұлғаларға иеліктен шығаруға құқылы емес.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған рұқсат тапсырыс берушісі тиісті мемлекеттік орган болып табылатын, реконструкцияланатын немесе жобаланған жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарынан, теміржолдардан, сондай-ақ гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайлардан он шақырымнан аспайтын қашықтықта орналасқан аумақтар шегінде беріледі. Бұл ретте мұндай рұқсат осы Кодекстің 70-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген аумақта беріледі.
Осы тармақ негізінде берілген кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған рұқсаттың болуы осы Кодекске сәйкес басқа тұлғаларға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге кедергі келтірмейді. Бұл жағдайда бірнеше жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуі осы Кодекстің 24-бабымен реттеледі.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған рұқсат басқа жер қойнауын пайдаланушылар алып жатқан аумақта олардың алдын ала жазбаша келісімімен және осы Кодекстің 24-бабының 2-тармағында көзделген келісім жасалған жағдайда берілуі мүмкін.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған рұқсат Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін рұқсаттарға жатқызылмайды.»;
4-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген аумақтар шегінде пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері аукцион негізінде пайдалануға беріледі. Аукцион өткізу және оның қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия беру тәртібін құзыретті орган айқындайды. Аукцион құзыретті органның шешімі бойынша өткізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген аумақтар бойынша құзыретті органның аукцион өткізу туралы шешімі соның өтініші бойынша тиісті аумақтар мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауын пайдаланушының ұсынысы бойынша қабылданады.»;
бесінші бөлік алып тасталсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Аукцион өткізу қағидаларында белгіленетін өзге де талаптардан басқа, аукционға қатысуға:
барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін - бірінші жыл ішінде кемінде он блокта барлау жөніндегі операцияларға арналған ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті кәсіптік және қаржылық мүмкіндіктер;
өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін - бірінші жыл ішінде кемінде бір жүз гектарда өндіруге арналған ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті кәсіптік, техникалық және қаржылық мүмкіндіктері бар өтініш берушілер жіберілуі мүмкін. Өтініш берушінің көрсетілген талаптарға сай келмеуі аукционға қатысуға жіберуден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;
5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбалар бойынша өндіруге арналған келісімшарт (өндіру жөніндегі операциялар жүргізілген бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт) мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тоқтатылған келісімшарт бойынша келісімшарттық аумақты қозғайтын жер қойнауының учаскесі құзыретті органның шешімімен осы тармақта белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы баптың 4-тармағында көзделген тәртіппен өткізілетін аукцион қорытындысы бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдалануға беріледі.
Аукцион өткізу туралы хабарландыру жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап не құзыретті органның жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешіміне шағым жасалған жағдайда, соттың шешімі күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей жариялануға тиіс. Аукцион өткізу туралы хабарландыру мен оны өткізу күні арасындағы мерзім кемінде бір айды құрауға тиіс.»;
13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер ураннан басқа, кең таралған пайдалы қазбаларды немесе пайдалы қатты қазбаларды өндірудің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген көлемі физикалық тұрғыда жиырмадан аз пайызға нақты өзгерсе, жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу талап етілмейді. Өндіру көлеміндегі мұндай өзгерістер келісімшарт талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасының мазмұнын және оның нысанын құзыретті орган айқындайды.»;
19 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындау осы Кодексте айқындалған тәртіппен мыналар ескеріліп жүзеге асырылады:
уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттың немесе кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін екі жыл бұрын не олар мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде жою жоспары болмағанда жою жобасын әзірлеу кезінде жою жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықта көзделген жоюдың тиісті техникалық ерекшеліктері назарға алынады;
мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды, гидроқұрылысжайларды және гидротехникалық құрылысжайларды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсатында пайдалану үшін кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған рұқсаттың қолданылуы тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындау Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес бүлінген жерді қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар салдарын жоюға кіріскен тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде оның аяқталуын қамтамасыз етуге міндетті.»;
«22. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілер осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарына сәйкес жер қойнауы учаскесінде қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережесі ескеріле отырып, көрсетілген жобалау құжаттарына өзгерістер осы Кодексте көзделген жобалау құжаттарына өзгерістер енгізу туралы ережелерге сәйкес енгізіледі. Бұл ретте жобалау құжаттарының көрсеткіштері келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген ұқсас көрсеткіштерге сәйкес келуге тиіс.
Егер осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды немесе пайдалы қатты қазбаларды өндірудің бекітілген жобалау құжаттарында айқындалған көлемі бекітілген жобалау көрсеткіштерінен физикалық тұрғыда жиырмадан аз пайызға өзгерсе, мұндай өзгерістер көрсетілген жобалау құжаттарына өзгерістерді міндетті түрде енгізу (осы Кодекске сәйкес жобалау құжатын әзірлеу) үшін негіз болып табылмайды.»;
24-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта көзделген мемлекеттік техногендік минералдық түзілімдерді беру тәртібін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
25-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер пайдалы қатты қазбаларды барлаудың қалыптастырылатын учаскесінің немесе өндірудің қалыптастырылатын учаскесінің шекараларында орналасқан келісімшарттық аумақтары бар пайдалы қатты қазбаларды барлауға және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарттар бойынша не пайдалы қатты қазбаларды өндіруге және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші сол бір тұлға болып табылса, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне ауысу (жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу) тиісінше пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған бір лицензия беру арқылы пайдалы қатты қазбаларды барлауға және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған екі келісімшарт бойынша не пайдалы қатты қазбаларды өндіруге және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған екі келісімшарт бойынша бір мезгілде жүзеге асырылады.»;
бесінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензия осы Кодекске сәйкес айқындалатын мерзімге беріледі. Бұл мерзім орнына лицензия берілетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың мерзімінен, ал жер қойнауын пайдалану құқығы пайдалы қатты қазбалар және кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі келісімшарттар бойынша бір мезгілде қайта ресімделген жағдайда - пайдалы қатты қазбалар бойынша келісімшарттың мерзімінен аспауға тиіс. Бұл ретте осы Кодекстің 211-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың (келісімшарттардың) орнына берілген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияның мерзімі қатарынан жиырма бес жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін.»;
«Осы тармаққа сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия берілген жағдайда, осы Кодекстің 25-бабы 1-тармағы 2), 4) тармақшаларының және 40-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының ережелері көрсетілген лицензияға қолданылмайды.».
10. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереже немесе мазмұнын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын үлгілік жарғы негізінде әрекет ете алады.».
11. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 36-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны,» деген сөздерден кейін «, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаны,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 51-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасы «ақшаға» деген сөзден кейін «, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану құқығының жүзеге асырылуына және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алуға;
3) жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қонақүйлерде, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерінде және ұқсас мақсаттағы басқа да объектілерде тұру (болу) Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.»;
2) 2-бапта:
1), 1-1) және 1-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авариялық көппәтерлі тұрғын үй - негізгі тіреуіш конструкциялары (іргетастары, бағаналары, тіреуіш қабырғалары, арқалықтары, жабындылары) тіреуіш қабілетін жоғалтқан және одан әрі пайдалану тұратын (болатын) адамдардың өміріне қауіп төндіретін, ғимараттар мен құрылысжайлардың беріктігін және орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаның қорытындысымен қалпына келтіруге жатпайды деп танылған көппәтерлі тұрғын үй;
1-1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
1-2) әскери қызметшілер - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;»;
мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) басқарушы компания - жасалған шарт негізінде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
1-4) бюджеттік ұйымдар - мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
1-5) ведомстволық тұрғынжай қоры - мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалатын мемлекеттік қызметшілерге тұрғынжай комиссиясының шешімі бойынша лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;»;
2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дара (бөлек) меншік - азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пәтерге, тұрғын емес үй-жайға меншігі;
3) дауыс беру - келу тәртібімен немесе жазбаша сауалнама арқылы өткізілетін жиналыста ерік-қалауын ашық білдіру жолымен жүзеге асырылатын, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді қабылдау процесі. Дауыс беру тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;
4) жалдамалы үй - жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, пәтерлері жалдауға беруге арналған көппәтерлі тұрғын үй;
5) жалдауға беруші - тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;
6) жалдаушы - тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;»;
8) тармақшадағы «және олардың бірлестіктеріне» деген сөздер алып тасталсын;
10), 11), 12), 13), 14), 15) және 15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) коммуналдық көрсетілетін қызметтер - тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;»;
«11) кондоминиум объектісі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
12) кондоминиум объектісін басқару - пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұруына (болуына) жағдайлар жасауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені;
13) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті шығындары;
14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі - дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу -мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;