2022.30.06. № 130-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады және:
көппәтерлі тұрғын үйді, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжатты қабылдау-тапсыру актісі бойынша көппәтерлі тұрғын үй кеңесіне беруге;
қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.
Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері үшін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45, 46, 47, 48 және 51-баптары 2023 жылғы 1 шілдеге дейін өз қолданысын сақтайды деп белгіленсін.
6. Тұрғын үй инспекциясы осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін, тұтыну кооперативтерін мәжбүрлеп тарату туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
7. Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтаған тұрғын үй-құрылыс кооперативтері объектіні пайдалануға қабылдау актісі негізінде осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерді кондоминиум объектілері ретінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуге және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабында көзделген тәртіппен өз қызметін тоқтатуға міндетті.
8. Тұрғын үй кооперативтері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін тоқтатуға міндетті.
9. Көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын тұрғын үй-құрылыс кооперативтері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің құрамын «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарға сәйкес келтірсін және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын жергілікті атқарушы органдарда тіркеуді жүргізсін.
10. Жергілікті атқарушы органдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде:
Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерді бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері ретінде мемлекеттік тіркеуді;
кондоминиум объектісінің құрамына кондоминиум объектісін орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажет жер учаскесін, сондай-ақ бұрын тіркелген кондоминиум объектісі үшін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін қосуды;
көппәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау және кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау үшін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысын өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 желтоқсан
№ 284-VІ