390) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
391) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
392) өз құзыреті шегінде машиналар мен жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық регламенттер әзірлейді;
393) мақта нарығына мониторинг жүргізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
394) мақта саласын дамыту саласында техникалық регламенттер әзiрлейдi және бекітеді;
395) мақта қолхатының нысанын (үлгісін) және сипаттамасын әзiрлейдi және бекітеді;
396) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
397) шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
398) мақта талшығының сапа паспортының нысанын (үлгісін) әзiрлейдi және бекітеді;
399) мақта саласының мемлекеттік инспекторы туралы ережені әзiрлейдi және бекітеді;
400) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселелері бойынша есепке алу құжаттарының, есептілік ұсыну мерзімдерінің тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді;
401) сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын әзiрлейдi және бекітеді;
402) мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасы паспортын беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
403) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
404) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
404-1) мақта нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асырады;
404-2) шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
405) биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындайды;
406) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандарын және оларды биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;
407) өз құзыреті шегінде биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді;
408) биоотын өндірісі паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзiрлейдi және бекітеді;
409) биоотын өндірісі мен айналымы саласында техникалық регламенттерді бекітеді;
410) биоотын өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде беруді қамтамасыз ететін есепке алуды бақылау аспаптарын қолдану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
411) азық-түлік қауіпсіздігі қатері болған жағдайда, биоотынға кейіннен өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квота белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
412) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
413) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
414) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары және (немесе) құрамында антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары серияларының (партияларының) сәйкестігін анықтау тәртібін, ветеринариялық нормативтер талаптарын белгілейді;
415) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастры мен су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
416) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
417) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
418) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды;
419) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігі мониторингінің тәртібін белгілейді;
420) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шаралар белгiленетін және жүзеге асырылатын карантиндi объектiлер тiзбесiн айқындайды;
421) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
422) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлейді және бекітеді;
423) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
424) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
425) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
426) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
427) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
428) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
429) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылауды жүргізеді;
430) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қолданады;
431) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
432) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
433) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
434) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
434-1) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
434-2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-3) ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2016.18.05. № 295 Қаулысымен 434-4), 434-5), 434-6), 434-7), 434-8), 434-9), 434-10), 434-11), 434-12), 434-13), 434-14), 434-15), 434-16), 434-17), 434-18), 434-19), 434-20), 434-21), 434-22), 434-23) тармақшалармен толықтырылды
434-4) жерді резервке қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-5) елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру кезінде өтініштің, келісуші органдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер-кадастрлық жоспардың нысандарын бекітеді;
434-6) жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына берілетін сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекітеді;
434-7) жер заңнамасын қолдану практикасын және оны жетілдіруді қорытындылайды;
434-8) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеп, бекітеді;
434-9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізеді;
434-10) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекітеді;
434-11) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілейді;
434-12) геодезия және картография саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
434-13) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерін бөлудің жерін орналастыру жобасын келіседі;
434-14) Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 24 баптын 1-тармағымен және 37 баптын 5-тармағымен көзделінген жағдайларда облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
434-15) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрiлiм деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен қағидаларды бекiтеді;
434-16) республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар тізбесін бекітеді;
434-17) геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
434-18) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинақтау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекітеді;
434-19) геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекітеді;
434-20) Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жерді мониторингтеу тәртібін бекітеді;
434-21) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекітеді;
434-22) жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне құқықтарды беру қағидаларын бекітеді;
434-23) жерді мониторингтеуді жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен 434-4), 434-5), 434-6), 434-7) және 434-8) тармақшалармен толықтырылды (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
434-4) органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
434-6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;
434-7) табиғи-климаттық жағдайлар бойынша қолайсыз жылдары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының өтiнiштерi негiзiнде тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарда белгiленген тұқым сапасының көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзімге төмендетуді келіседі;
434-8) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекітеді;
435) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.05.08. № 901 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.25.11. № 949 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.18.05. № 295 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.11. № 652 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомстволарының функциялары:
1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты іске асырады:
агроөнеркәсіптік кешен;
тұқым шаруашылығы;
өсімдік шаруашылығы;
бал ара шаруашылығы;
ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
жер қатынастарын реттеу.
1-1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;
1-2) мақта саласын дамыту саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
1-3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
3) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
5) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
6) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2015 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаларды қабылдайды;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастау туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
8-1) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететін асыл тұқымды малдарды бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
13) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың малды күтіп-бағу, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнімді (материалды) сақтау жағдайларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1184 Қаулысымен алып тасталды (2016 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
16) асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің анықтығын тексереді;
17) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
17-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
18) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтеріне орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
21) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындайды;
22) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін айқындайды;
23) өсімдіктер карантині саласындағы жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
24) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
25) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантинді объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқор құрады, ақпаратты ресми интернет-ресурста орналастырады және сұрау салу бойынша оны мүдделі адамдарға береді;
26) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) запасын құрады;
28) карантинге жататын өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар береді;
29) өсімдік тектес өнімдер өсіретін, дайындайтын, қоймада сақтайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізеді;
30) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады және өз құзыреті шегінде олардың жүргізілуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
31) карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оны алып тастау туралы жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізеді;
32) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
33) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған айлабұйымдарға (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
34) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған айлабұйымдарды (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды есепке ала отырып, зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;
34-1) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізеді;
35) әкетілетін карантинге жататын өнімді тиеп жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
36) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жататын өнімдердің карантиндік құжаттарының болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды;
37) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жататын өнімді тұрақты тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерін іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
38) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
39) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
40) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
41) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
42) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
44) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
46) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оған қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;
47) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
48) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
50) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
51) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
52) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді;
53) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
54) астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтау мәніне астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
55) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
57-59) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1168 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
61) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы мәніне астықты экспорттаушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
62) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысады;
63) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
64) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
65) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
66) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспорттаушылар мен астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқамалар береді;
67) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
68) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
69) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
71) тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын айқындайды;
72) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
73) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді және пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куәліктерін беруді жүзеге асырады;
73-1) пестицидтер (улы химикаттар) тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
74) фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастырады;
75) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;