Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысы
(2015.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 237 Қаулысымен (бұр. ред. қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - агроөнеркәсіптік кешен саласында (балық аулауды қоспағанда) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесі.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
міндеттері
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы - мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығының орнықты дамуы үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету;
4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
5) өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
6) биологиялық әртүрлілікті сақтау;
7) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
8) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;
9) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
10) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында халықаралық ынтымақтасты дамыту;
11) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.05.08. № 901 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.22.09. № 1002 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 306 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.25.11. № 949 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.24.12. № 1046 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Орталық аппараттың функциялары.
Орталық аппарат:
1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді:
астықты өндіруді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау;
өсімдіктерді қорғау;
биоотын өндірісін және оның айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау;
2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:
өсімдіктер карантині;
бал ара шаруашылығы;
орман қатынастары;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, су ресурстарын басқару;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырады және іске асырады;
4) реттелетін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
5) техникалық реттеу саласындағы өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттерді, оның ішінде Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлеуді жүзеге асырады;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
8) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесе отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуді жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
10) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқым өнімнің (материалдың) қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын жануарлар тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;
11) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді бекітеді, жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер енгізеді;
14) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
15) жануарларды бағалау, олардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
16) тұқым стандартын әзірлейді және бекітеді;
17) асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін әзірлейді және бекітеді;
18) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерге сынақ жүргізу және байқаудан өткізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
19) асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне арналған асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
20) асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
21) селекциялық және мал тұқымын асылдандыру жұмысының ақпараттық базасын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекiтедi;
22) асыл тұқымдық кітап жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
23) асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
24) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған баламалы құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
25) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
26) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
27) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекiтедi;
28) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын әзірлейді;
29) екі немесе одан көп облыс аумағындағы карантиндік аймақтарда өсімдіктер карантинін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
30) әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;
31) карантинге жатқызылған өнімдердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
32) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді;
33) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекітеді;
35) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
36) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның және фитосанитариялық бақылау бекеттерімен бірге аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;
37) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өсімдіктер карантині саласындағы заттай нормаларды әзірлейді және бекітеді;
38) зертханалық сараптаманы қоспағанда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кеден органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу бекеттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыруы тәртібін, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекітеді;
39) карантиндi объектiлермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе өңдеуге жатпайтын, карантинге жатқызылған өнiмдi алып қою және жою жөніндегі қағидаларды әзірлейдi және бекітеді;
40) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оларды киіп жүру тәртібін айқындайды;
41) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ өздері құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
42) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану бойынша ұсыныстар әзірлейді;
43) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
44) астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасының паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
45) астыққа және оның тіршілік циклінің процестеріне арналған техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
46) астық қолхаты жазылатын бланктерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
47) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп қарау актісінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
48) агент пен отандық астық өндірушінің, сондай-ақ агент пен астық экспорттаушының арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шарттарының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
49) агент пен астық өңдеу ұйымының арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырушы астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
50) астық өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандырушы астық ресурстарының астығынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
51) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растауының нысанын әзірлейді және бекітеді және оларды астық экспортаушыға береді;
52) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесінің арасындағы жария шарттардың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
53) астық қолхаттарын бере отырып, қойма жұмысы бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
54) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
55) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
56) астық сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
57) астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
58) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
59) астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
60) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді;
61) астықтың сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
62) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
63) мемлекеттiк астық ресурстарымен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметi бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары мен стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
64) ішкі нарықты реттеу мақсатында астық өңдеу ұйымдары сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандырушы ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
65) бал араларды қорғауға және өсімін молайтуға бағытталған ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
66) аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
67) өсiмдiктерді қорғау саласында халықаралық ұйымдармен және мемлекеттiк органдармен ынтымақтастық жасайды және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
68) мынадай:
пестицидтер (улы химикаттар) өндіру (формуляциялау);
пестицидтер (улы химикаттар) өткізу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
69) бал жиналатын өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералды тыңайтқыштардың және басқа да препараттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;
70) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттердi әзірлейді және бекітеді;
71) пестицидтердiң (улы химикаттардың) тiркеулік, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
72) фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру бойынша ұсынымдар мен әдiстемелiк нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
73) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ оларды жасау мен шығару тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
74) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;
75) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
76) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындайды;
77) топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
78) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы деректердің ақпараттық банкін құру және жүргізу қағидаларын бекiтедi;
79) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлауды ұйымдастырады;
80) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
81) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
82) ветеринариялық препараттардың республикалық запасын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативтерін бекітеді;
83) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын оларды пайдалану кезінде есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімі өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативтерін бекітеді;
84) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
85) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекітеді;
86) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлейді және бекітеді;
87) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді;
88) зертханалық бақылауды қоспағанда, кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кеден органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
89) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
90) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адамның өмірі мен саулығы үшін зардаптары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді бекітеді;
91) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
92) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;
93) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
94) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
95) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
96) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
97) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
98) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
99) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
100) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру мен жүргізу және одан үзінді көшірме беру қағидаларын бекітеді;