Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 Қаулысы
(2020.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.13.03. № 297 қаулысымен 1-тармақтағы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы» деген сөздер «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы» деген сөздермен, бұдан әрі қаулының мәтіні бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі» деген сөздер «ҚазАгро» холдингі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі (бұдан әрі - «ҚазАгро» холдингі АҚ) құрылсын.
2. «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметінің негізгі мәні акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 952 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
«ҚазАгро» холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берсін;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп:
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) «ҚазАгро» холдингі» АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
2) «ҚазАгро» холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның ережелерін ескере отырып, «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның жарғысын бекітуді;
3) «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттерін бағалауды жүргізсін.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеуді қамтамасыз етсін.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:
1) бір ай мерзімде «ҚазАгро» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін;
2) бір жарым ай мерзімде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-81-жолмен толықтырылсын:
«21-81. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ»;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-14-жолмен толықтырылсын:
«205-14. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ».
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
10. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
«ҚазАгро» холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум. ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 952 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.13.03. № 297 қаулысымен тізбенің тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 589 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1247 қаулысымен
бекітілген
Акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның орналастырылатын
акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың
тізбесі
р/с № | Атауы | Акциялардың мемлекеттік пакетi |
1 | ҚР Үкіметінің 2020.27.05. № 326 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
2 | «Аграрлық кредит корпорациясы» акционерлік қоғамы | 100% |
3 | «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы | 100% |
4 | «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» акционерлік қоғамы | 100% |
5 | «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы | 100% |
6 | «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы | 99,09% |
7 | «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы | 100% |